Солға-оңға, алдында -артында

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солға- оңға, алдында -артындаСолға- оңға, алдында -артында«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ














Өткізген: Асанова Р.М.










2014 жыл.

Сабақтың тақырыбы: «Солға-оңға», «Алдында-артында» ұғымдарын

түсіну және қолдану.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Солға-оңға», «Алдында-артында» ұғымдарын түсіндіру. Қозғалыс бағытын анықтауды үйрету. Сол және оң жақтың ұғымдарын тексеру.

Дамытушылық: Кеңістіктегі бағдарлауды дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.

Түзетушілік: Көзге ауырпашылық түсірмеу, дәрігердің ескертулерін есепке алу, тапсырмалар көлемін азайту.

Сабақтың типі: қайталау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар бар суреттер, слайд, интерактивтік тақта, сандықша.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Түгендеу, партаға дұрыс отырғызу.

  1. Психологиялық дайындық.

Бір-біріне сәттілік тілеу:
Қайырлы күн, досым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі сәрсенбі күні
Сәттілікке толсын!

2) Керек құралдарын алғызу.

3) Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

Балалар, өткен сабақты есімізге алайық.

Өткен сабақта не өттік?

  • Парта үстінде , дәптер бетіндегі нысана.

  • Парақ бетінде арыз жазуды.

  • Лабиринт ойыны.

  • Парта үстіндегі қаламды көзді жұмып қалай табуға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Жақсы ендеше сол сабақты жалғастырамыз. Бүгін сабақта біз «Солға-оңға»,

«Алдында-артында» ұғымдарын қолдануды үйренеміз.

Ең бірінші тапсырмаларды бастамас бұрын сол, оң жақты ажыратып алайық.

Сол жағымыз қай жақта орналасқан? (Жүрегіміз орналасқан жақта)

Ал, оң жағымыз сол жаққа қарама қарсы орналасқан.

1-тапсырма.

Шарты: Бұл тапсырмада оқушылар Сол қолға білезік, оң қолға жүзікті салу керек. 3 минут ішінде.

Солға- оңға, алдында -артында




2-тапсырма. Бұл тапсрымада диктант жазамыз, бірақ бұл ерекше диктант. Қазақ

тілі сабағында жазатын диктант емес, сурет салу арқылы диктант жазу.

Парақтан сол жақтан 3 тор көз, жоғары жақтан 3 тор көз тастап нүктені белгіле.

Солға- оңға, алдында -артында

Сергіту сәті.

Енді біраз дем алайық.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

3-тапсырма. Сендерге үлестірме таратамын, сол тапсырманы сол парақшанын ішінде орындайсындар.

Ф Ы В А П РО Л Д Ж Э


  1. Қатардағы оң жақ шетте орналасқан әріп кайсы?

  2. Қатардағы сол жақ шетте орналасқан әріп қайсы?

  3. П әрпінің сол жағындағы әріптерді жаз.

  4. Р әрпінің оң жағындағы әріп саны канша?

4 - ойын «Сапер»

Шарты: Бұл ойында бір оқушы көзін жұмып, бір оқушы белгілерден қалай өту керек екендігін айтып отырады. Белгілерді басып өтпеу керек.

5-тапсырма. Слайдқа қарап сұрақтарға жауап беру. (слайд 1)

Көзге арналған жаттығу .

6-тапсырма. Келесі тапсырма «Алтын салынған сандықшаны тап». Сендерге сыныптың жоспары беріледі, сол жоспар бойынша «Алтын сандықшаны» тауып алуларын керексіндер.

7-тапсырма. Келесі ойын кеңістікте қалай нысаналайды соны тексеруге арналған ойын. Бұл ойында бір оқушы орындықта отырады. Көзі жұмылу. Оқушыны тұрғызып «оңға-солға, артына-алдына» деген бұйрық береді. Сол бұйрықты орындап, өз орнын қайтадан тауып алу керек.

IV. Қорытынды.

- Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?

- Сабақта не ұнады?

V. Үй тапсырмасын беру.

Оң жақтан 3 үшбұрыш, сол жақтан 4 шаршы сал.



Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

© 2010-2022