Ашық тәрбие сағаты: Қыз сыны байқауы

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Қыз сыны байқауы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Би:

жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Аналар мерекесі қарсаңында өтіп жатқан «Қыз сыны»байқауына қош келдіңіздер!

Құттықтау сөз: Мектеп басшысы: Алимова А.Е. беріледі.

Бүгінгі Қыз сыны байқауына қатысатын Ару қыздарымызды ортаға шақырайық!

Жүргізуші:

1 «А» Ырысалды қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.

1 «Б» Алтынай қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

2 «А» Тоғжан қызымыз үкілі

Алады тез тіліңді.

3 «А» Анель тұр үлбіреп

Көз жанары мөлдіреп

3 «Б» Дильназ қызымыз шығады

Бұрымдары желбіреп.

4 «А» Аққу құстай қанат қағып самғаған

Дильназ қызым

Адал жолмен арам іске бармаған

4 «Б» Адамдықты жаны сүйген қашаннан,

Зарина да қатарынан қалмаған.

жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

Мектеп директоры Алимова Айткүл Едресқызы

Айнұр апай

Гүлнәзира апай

Гауһар апай


жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз өнерлерін көрсетеді. Сайысымыз 4кезеңнен тұрады.

1. Мен.................! (таныстыру ).

2. Сән үлгісі (көктемгі сән үлгісін көрсету)

3. Пародия көрсету.

4. Өнерлі өрге жүзер (өз өнерлерін көрсету)

жүргізуші: Бірінші кезең -таныстыру.

Көңілге түй сен мұны,

Әрбүлдіршін -ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі. (оқушылар рет - ретімен таныстыруға шығады)

1 «А» сынып оқушысы Дильназдың орындауында әсем ән «Бала тілегі».

жүргізуші:Екінші кезең - Сән үлгісін көрсету

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз - сән үлгісін көрсету.

Қарсы алайық қол соға

Өнерлі жас қаншама

Таң қалдырар биімен

Бишілер шықсын ортаға

4 «А» сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар.

Үшінші кезең - Пародия көрсету

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

3 «А» сынып оқушысы Жұлдыздың орындауындағы ән Көктем келді.


жүргізуші: Төртінші кезең -өнерлі өрге жүзер

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Сыныптағы оқушылар мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

(Қане, қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық)

ойын: көрермендермен бірігіп ойын ойнату.

жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

4 «Б» сынып оқушысы Қарақаттың орындауында әсем ән шашуды қарсалыңдар.

жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз, өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.

жүргізуші: Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

жүргізуші: Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт -береке , бірлік әкелсін.















© 2010-2022