Қазақтың кіндік қаласы тақырыбына ашық сабақ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың кіндік қаласы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Қазақ жерінің кіндігіне ақ ордасын тіккен - жаңа астана

тарихымен таныстыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін, есте сақтауын

дамыту.

б) тәрбиелік: Отанын қастарлеуге, қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу. Туған

жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: портреттер, тірек сызбалар

Сабақтың түрі: топтық жұмыс, сөздік жұмыс, ойын түрі.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет

Кіріспе бөлім


Сабақтың барысы:

I. 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Модульдің құрамын түсіндіру

3. Сабақтың мақсатын айту

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

II. Жаңа сабақ

А) Туған жерді сүю - парыз,

Сүю үшін білу - парыз.

Күзетінде тұру - парыз,

Қасиетін ұғу - парыз.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Отан- Родина

Тәуелсіз- независимый

Тұрамыз-живем

Бас қала- главный город

Мемлекет-государство

Астана-столица

Астана - Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың перзенті, ақиқатқа айналған арманы. Арман болғанда да көп адам сенбеген, ал қазір есептеуге болатын - өмір шындығы. Құрметті оқушылар! Әр ел өз Астанасын әспеттейді. Оған айрықша мәртебе берген италияндар «Барлық жол Римге әкеледі » десе, француздар «Данышпандар провинцияда туылып, Парижде көз жұмады» деген.

Ақмолам - Арқадағы арман қала,

Бақытты жұлдыз болып жанған қала.

Арманы бабалардың орындалып,Сыңсытып талай ғасыр салған қала! - деп ақын жырлағандай, Астананың көне тарихымен танысайық.

Ә) Қазақ астанасының ауысу тарихы.

1994 жылы 6-шілде Қ.Р. Жоғары кеңесі «Қ.Р. астанасын көшіру туралы» қаулысы қабылданды.

1994 жылы 15-қыркүйек Қ.Р. президентінің «Қ.Р. астанасы туралы» заң күші бар жарлығы шықты.

1998 жылы 6-мамырда - Қ.Р. президентінің «Ақмола қаласының атауын Астана қаласы атауына өзгерту туралы» жарлығы щықты.

2002 жылы 27-сәуірде -Астананың жарты милионыншы тұрғыны дүниеге келді.

2008 жылы 6-шілдеде Астананың 10 жылдығы, ал биыл 13 жылдық мерейтойы тойланды.

Б) Астана елтаңбасы

Елтаңба авторлары - Дембай Салауату мен Аманжол Чиканаев. Елтаңба - 1999 жылы маусымда бекітілген. Ол елдің тәуелсіздігін, қала өмірінен шығыстың дөңгелек қалқаны алынған. Қанатты барыс, барыс басындағы тәжі - қала тарихының киелілігін, республиканың тұңғыш президентінің кемеңгерлігі мен батылдығын бейнелейді.

В) Мәтінмен жұмыс.

Мәтін толық оқылып, аударылады. Соңғы екі сөйлем тақтаға жазылады. Морфологиялық және синтаксистік талдау жасалады.

Мәтінге байланысты мына сөздердің баламасын іздестіру:

Земля - Атамекен Мать - Ана

Туған жер - Шеше -

Туған өлке- Апа -

Аймақ-

Отан -

Сызба арқылы өз Отаның туралы әңгімелеңдер.

Қазақтың кіндік қаласы тақырыбына ашық сабақ

III. Өлеңді жаттап алыңыздар:

Біздің Ту

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды

Туымыз да қазақша

Сөйлеп тұрған секілді.

Г) Синонимдік қатармен жұмыс.

Синонимдермен сөйлем құрау.

Д) Дәптермен жұмыс.

Өз бетінше қосымша дәптердегі № 2,4 тапсырмалар орындалады.

IV. Қорыту бөлімі

Астанаға саяхат.

а) Астана- Ақ Орда, Бәйтерек, шағын аудандары, білім ощақтары,ескерткіштер, ауруханалар, парктер, мұражайлар сияқта топтамалар бойынша карточкалар таратылады. Балалар осы тақырыптар бойынша әңгімелейді.

ә) Астана - орналасқан жері, аумағы,байлығы, климаты, өзендері бойынша шағын әңгіме жазады.

б) Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем!» өлеңі оқылады.

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

V.Бағалау.


© 2010-2022