Асық ойыны

Күні:Сынып: 5 сынып (орыс сыныбы)Пән: қазақ тіліСабақтыңтақырыбы: Асық ойыныСабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, болымды, болымсыз етістіктітүсіндіру, сауатты сөйлеумен жазуға үйрету;ә) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарынқалыптастыру;Сабақтыңтүрі: дәстүрлі сабақСабақтың типі: жаңа сабақСаба...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сынып: 5 сынып (орыс сыныбы)

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Асық ойыны

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, болымды, болымсыз етістікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

ә) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: асық, асық ойыны бойынша суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу;

Ә) Кезекшімен жұмыс;

Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІ деңгей

  1. Тимейді, қозғайды, соғады етістіктерін жіктеп жазыңдар. Олардан сөйлем құраңдар.

  2. «Тоғызқұмалақ» мәтінінен 1 сөйлемді көшіріп жазып, қазақ тіліне аударып, баяндауышына сұрақ қойыңдар.

  3. «Тоғызқұмалақ» мәтінінің мазмұнын айтып беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 - тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.

  • Асық ойынын кімдер ойнайды?

  • Асығы бар балалар ойын алады.

  • Неге тек асығы бар балалар ойнай алады?

  • Өйткені ойынның мақсаты - ұтып алу.

  • Асықты қыздар ойнай ма?

  • Жоқ, қыз балалар ойнамайды.

  • Асық ойнаушылардың саны қаншаға жетеді?

  • Төрттен сегізге дейін.

  • Онда ойнау үшін мен асық жинауым керек екен.

  • Иә, әрине.

2 - тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар. Етістіктердің астын сызыңдар.

Асық ойыны

Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Бір бала ойыншылардың кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап иіреді. Яғни кімнен кейін кімнің асық ататынын анықтайды. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі бірінші, тәйке, бүк түскендігі үшінші, шік түскендігі төртінші атады.

3 - тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

Барлық ойыншы, асық тігу, жинап алу, түпкі мақсаты, ойнаушылардың саны, кезектерін анықтау

ІV. Сабақты қорытындылау.

Асық

І жақ асығым І жақ асығымыз

ІІ жақ асығың ІІ жақ асықтарың

Асығыңыз асықтарыңыз

ІІІ. Асығы ІІІ жақ асықтары

V. Үйге тапсырма

1 - тапсырма («Асық ойыны» мәтінін мазмұндау).

VІ. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау


© 2010-2022