Ашық сабақ «Тіл дамыту». 5 «а» класс. Тақырыбы: «Асханадағы кезекшілік»

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі

Ашық сабақ

«Тіл дамыту» 5 «а» класс

Тақырыбы: «Асханадағы кезекшілік»

мәтінмен жұмыс

(Тіл дамыту оқулығы және электронды нұсқасы бойынша)





Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: А.К. Нағашыбаева

Сабақтың тақырыбы: Асханадағы кезекшілік

Сабақтың мақсаты: Өткізілген тақырыппен байланыстыра отырып,жаңа сабақты

түсіндіру.Сабақ барысында пәнаралық байланыс орнату.

Етістіктің шақтарын әңгімелесу барысында қолдану.

Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.Ойлау, есте сақтау

қабілеттерін, байланыстарып сөйлеу тілдерін дамыту.

Мектеп-интернаттағы жұмыстарға араласу арқылы

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Коррекциялық түзету жұмыстарын

жүргізу.

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,қазақ тілі,тәрбие сабағы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеп,қабылдағыштарын тексеру.

- Класта кезекші кім?

- Класта кім жоқ?

б) Кластағы кезекші оқушыға кезекшілік міндетін жақсы атқару үшін,жақсы тілектер айтқызу

ІІ.Тіл жаттығулары

- Қазір қандай сабақ болады?

- Біз қандай тақырып өтіп жатырмыз?

- Мектебіміздің асханасы қандай?

- Асханада не істейміз?

- Асханада кімдер жұмыс жасайды?

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді

(5-тапсырма)

IV.Жаңа сабақ

2-сабақ

1. Асханадағы кезекшілік

Балалар,бүгін біз сабақ қызықты өту үшін арамыздан кішкентай мұғалім дайындап алайық. Кімді сайлайсыңдар? (сайланған оқушының аты-жөні)

а) Кішкентай мұғалімнің оқушыларға сұрақ беруі және жауабын тыңдауы.

ә) Қай шақтағы іс-әрекет екенін оқушылардың табуы (пәнаралық байланыс)

2.Жаңа сабақ бойынша жұмыс

1) Тақырыпты хабарлау

(күннің жадысын ,«Асханадағы кезекшілік» тақырыптың атын дәптерге жазу)

а) Сөздікпен жұмыс

Кірісті - жұмыс жасады, таратты - орындарына қойды, тойып - тамақты көп ішті.

Тәртіп, жуу, ерте, апта, кезекшілік.

ә) Мұғалімнің мәтінді оқуы,түсіндіруі.

- Не түсіндіңдер?

- Мәтін не туралы айтылған?

- Кезекші баланың аты кім?

2.3-тапсырма. Сұрақтармен жұмыс

- Интернаттағы балалар міндеті не?

- Аслан неге ерте тұрды?

- Аслан кезекшілік міндетін қалай атқарды?

3.4-тапсырма (өзбетіндік жұмыс)

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар

4.6-тапсырма.(Шығармашылық жұмыс)

«Менің асханадағы кезекшілік міндетім» тақырыбына жоспар бойынша шағын әңгіме жазу.

Керекті сөздер: Үстел үстінде, кезекшілік міндетім,жақсы өтеді,өтті,тәртібін қарау.

V. Үйге тапсырма беру

7-тапсырма. Қысқаша хат жазу.

VІ. 1.Сабақты қорыту

-Біз сабақта не істедік?

2. Тыңда және қайтала. Анық айт.

Мектеп-интернатта

Аспазшыларға көмек

Кірісті

Таратты

VIІ. Кішкентай мұғалімнің оқушыларды бағалауы.



Тіл дамыту сабағы

Тақырыбы: «Асханадағы кезекшілік»

Ашық сабақ «Тіл дамыту». 5 «а» класс. Тақырыбы:«Асханадағы кезекшілік»

Ашық сабақ «Тіл дамыту». 5 «а» класс. Тақырыбы:«Асханадағы кезекшілік»



© 2010-2022