Коучинг жоспары Блум таксономиясы арқылы сабақ жоспарын құру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 1. Коучинг сессия жоспары


Коучинг сессиясының тақырыбы:

Блум таксономиясы арқылы сабақ жоспарын құруға үйрену.

Өзін-өзі реттеу.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

үлестірмелі материалдар.

бейнесюжеттер .

Мақсаты:

Қазақстандағы мұғалімдердің білім саласын дамытуда Кембридж университетінің бағдарламасы аясында қалыптасқан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыру. Коучинг арқылы мектеп мұғалімдеріне іс- тәжірибе тарату.

Оқыту нәтижесі:

Топтық жұмыстарды жүргізе отырып, Блум такстномиясы бойынша түсінік алып, білімін жетілдіреді. Сабақты Блум бойынша құруға үйренеді.Диалог арқылы ауызекі тілін дамытады және мақсат пен күтілетін нәтижеге сәйкес бағалау әдістерін тиімді жүзеге асыру арқылы сыни тұрғыда ойлай біледі, ақпараттық технологияларды өз деңгейін депайдалануға икемдейді.

Негізгі (түйінді) идеялар:

Оқушылардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген білім беру ортасын құру. Оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.


Ынтымақтастық орта қалыптастыру:

Топ құру.






Тапсырмалар:

  1. Презентация

Видеофильм көрсету

Сергіту сәті

Тапсырма

Жинақтау

Бағалау




Рефлексия

Тапсырманың сипаты


Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер


Тренинг: «Менің көршімнің жетістіктері» оқу жылынан бастап қол жеткен жетістіктерін айтады

От,Су,Күн,Ай суреттері арқылы топқа бөлу.

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар адамдар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

(мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)


1. Ой шақыру

1. Сабақ жоспарын қандай үлгіде құрасыздар? Сабақ жоспары не үшін керек деп ойлайсыз?

  1. Сабақтың қай кезеңі ең маңызды деп санайсыз?

  2. Блум таксономиясы сіздерге таныс па?

2. Мағынаны ашу.

Блум таксономиясына презентация арқылы түсінік беру.


1.Ашық сұрақтар. Сабақта сұрақ қоюдың маңыздылығы. Дұрыс сұрақ қоя білу.

Сұрақтарға байланысты америка мектептеріндегі сабақтан үзінді көрсету.

Әр топ өз ойын ортаға салады.

Видеоролик.

2. Мульфильм «Қошқар мен теке»

«Қошқар мен теке» ертегісін Блум таксономиясына негіздеп,тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеу.


Ортаға шығып құрған тапсырмалар мен сұрақтарын ортаға салады. Талқылап, түсіндіреді.


Топты бағалау белгілерімен бағалау. Төмен, орташа, жоғары.


Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


























Блум таксономиясы


топтық жұмыс








Топпен жұмыс

« Жіп орамы» тренингі бойынша топ мүшелері жұптасады да, бір- біріне 3 түрлі сұрақ қояды, сұрақтар қарапайымнан күрделіге қарай қойылуы керек, жүргізуші жіп орамын қолына орайды да коучингтен алған әсерімен бөліседі, әрі қарай жалғаса береді, соңынан жүргізушіге жіп айналып келген кезде барлық топ мүшелері бір денеге айналады, яғни, болашақта осы топ мүшелері бірлесе жұмыс жасайды деген сенімін білдіреді.

Коуч:Бүгінгі коучинг сиздерге не берді?

Қандай қиындықтар болды?

Сіздердің ұсыныстарыңыз?

Егер бүгінгі коучинг сіздің білім беру жүйесін өзгерту жайында ойландырса ,қызыл стикерді тандаңыз.

Егер сіз өз көзқарасыңызда қалсаңыз сары түсті стикерді тандаңыз.


топтық жұмыс




Ресурстар:

Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақта, интертақта.







© 2010-2022