Еңбегімен ерлеген Ерекең сухбат

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ЕҢБЕГІМЕН ЕРЛЕГЕН ЕРЕКЕҢ»

Әртіс болуды біреулер «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүріп, табыс табадыға санайтын шығар. Алайда, әртіс болу да - қиынның қиыны екенін әркім біле бермейді. Мамандықты меңгеру үшін әуелі сол саланы оқудан бастау керек, оқу бағдарламасы да оңай емес. Кейбір кездері таң атқаннан түн батқанша академияда жүруің мүмкін. Себебі актерлік өнер мамандығы бойынша оқытылатын негізгі пәндер көп, оған қосымша дене шынықтыру сынды пәндерді қосқанда басқа ЖОО-на қарағанда сабақ сағаты көбейіп кетеді. Сонымен қатар, студенттердің түнгі 10-12-лерге дейін қалып, дайындалатыны бар. Өйткені актерлік шеберліктен берілетін тапсырманы үйде жеке орындау мүмкін емес. Ол үшін оған бағыт көрсетіп тұратын ұстаз, топ болып жұмыс істейтін жұмыстарға студенттер керек. Оның барлығы студенттің өзі үшін, яғни үй жұмысын орындауы есебінде.

Діттеген мақсатына жету үшін сондай сындардан сүрінбей өтіп, актерлік мамандықты меңгерген, сонымен қатар бүгінде білгенін ізбасарларына үйретіп жүрген Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының сахна қозғалысы және пластикасы, сахна айқасы пәндерінің оқытушысы Ернар Бейсенбекұлы Тленшиевпен сұхбат жүргізген едік.

Аты-жөні: Тленшиев Ернар Бейсенбекұлы

Туған жылы: 26.10.1980ж.

Туған жері: Панфилов ауданы Ақжазық ауылы

Бойы: 170см.

Мамандығы: Театр және кино актері.

Сүйікті тағамы: Қазақтың бешбармағы.


  • Ернар Бейсенбекұлы, әртіс болу оңай мамандық емес. Берілген рөлді ойдағыдай орындап шығудың өзі үлкен шаруа. Осы мамандыққа қалай келдіңіз? Актерлікті таңдауыңызға не себеп болды?

  • Мен өзім, жалпы, бала кезімнен әртіс болуды армандайтынмын. Мектеп кезінде түрлі сыныптан тыс сахналық жұмыстар ұйымдастырып, өнерімізді көрсетуге тырысатын едік. Есқұлов Азамат Жұмабайұлы деген құлын тайдай тебісіп өскен досым, сыныптасым, әрі інім болып келеді,қазір Астана қаласындағы Жастар театрының белді актері, екеуіміз мұндай шаруаларды үнемі жұмыла атқаратынбыз. Мектеп қабырғасында «Күлкі мекен» деген әзіл-ысқақ театрын ашқан едік, тіпті. Кейіннен енді мектеп бітіген соң басқа салаларда жұмыстар атқардық, басқа ортада өмір сүрдік дегендей... Алайда, бүгінде өзімнің бала күнгі арманым орындалып актерлік салаға оралған жайымыз бар...

  • Туып-өскен жеріңіз қайда? Қандай мектепте білім алдыңыз?

  • Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келдім. Сол Ақжазық ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепте оқыдым бастауыш сыныптарда, одан кейін 5-6 сыныптарда Әулиеағаш орта мектебінде оқыдым. Кейіннен Қоңырөлең ауылында музыка мектебі ашылды дегенді естіп, бірден сол жаққа ауыстым. 9 сыныпқа дейін Қоңырөлең ауылындағы музыка мектебінің Дәнеш Рақышев атындағы сыныбында білім алсам, қалған 10-11 сыныптарды Алматы қаласындағы №15 мектептен жалғап, сол жерден аяқтаған жайымыз бар.

  • Қай оқу орнын тәмамдадыңыз? Актерлік салаға қай жылы келдіңіз?

  • Менің негізі бастапқы мамандығым токарь-автослесарь-тұғын. Сол сала бойынша Алматы ауыр машиналар зауытында еңбек жолымды бастадым. 2002 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының эстрада-миниатюра факультетіне түсіп, тамашаның тарланы Құдайберген Сұлтанбаев ағамыз жетекшілік ететін сыныптан білім алып шықтық. Содан бері, міне, Аллаға шүкір сүйікті ісіммен айналысып келемін.

  • Осы уақытқа дейін неше киноға түстіңіз? Қандай рөлдерді сомдадыңыз?

  • Енді тізімдесек біршама баршылық, шүкір. Айтсақ, 2013 жылы «Ұлжан» сериалында прорабтың, Жасұлан Пошановтың «Сұңқар» телесериалында Ерғали деген кейіпкердің, Асқар Наймантаевтың «Домашние войны» фильмінде Мим кейіпкерінің, 2014 жылы режиссер Ғалым Асыловтың «Слово офицера» сериалында дәрігердің, 2015 жылы «Супер той или свадьба по казахский» фильмінде дәрігердің, Айдын Сақамановтың «Таңдау» телехикаясында хирургтың, «Әулет» телесериалында тергеушінің, «История одного отката» сериалында Серік атты кейіпкердің, Ғалым Асыловтың «Тұмарым» фильмінде дәрігердің рөлдерін сомдадым. Басқа да бірталай кино саласында эпизодтық та рөлдерім бар.

  • Жетістіктеріңіз жайлы сұрамай кетсем жарамас...

  • Жетістіктерді айтатын болсақ, студент кезімізде 2005 жылы ұстазымыз Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаевтың бастауымен Украина мемлекеті Қырымда V халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне пантомима жанры бойынша қатысып, лауреат атандым. Одан кейін де халықаралық болмаса да, ел ішінде түрлі фестивальдарға қатысып жүрмін. Мен үшін жетістік деген енді сол, ісімнің алға басып, еңбегімнің жанғаны ғой...

  • Болашаққа жоспарларыңыз бар ма?

  • Алға қойған мақсаттың өзі, жоспарға ілінеді ғой. Жалпы, жоспар деген өте көп. Енді, біреуін айта кетейін. Осы қызметімді жалғастыра отырып, пантомима жанрын дамыту үшін шәкірт тәрбиелеу, курс қабылдау. Оның арғы жағында театр жатыр дегендей... Туған жерім жазиралы Жаркент өңірінен де өнердің шын жанашыры болып, ары қарай дамытуға үлес қосамын деген жалындаған жастардың басын қосып бір театр ашу ойда бар. «Тағы айтарым тағы бар» деп айта берсем, шыға береді. Бұл айтып отырғандарым жәй қиял, не ертегі емес. Алла қолдаса, еңбектеніп қайтсем де осыған жетуім керек деп отырған жоспарларымның бір шеті осы.

  • Отбасыңыз жайлы айта отырсаңыз...

  • Отбасым қарапайым. Анам Жамалқан бұдан бірнеше жыл бұрын бақилық болған, «Қарты бар үйдің - қазынасы бар» демекші, әкем Бейсенбек бүгінде немерелеріне ата, шаңырағымызда бата иесі болып ортамызда жүр, Аллаға шүкір. Жұбайым - Айша, Орал қаласының тумасы. Мамандығы - педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алла берген Бекболат атты ұлым мен Аяжан есімді қызым бар.

  • Жігітке жеті өнер де аз демекші, басқа қандай өнеріңіз, қабілетіңіз бар?

  • Басқа... Суретшілікпен айналысамын, бос кездерімде салған картиналарым да бар... Дәнеш Рақышевтың стилінде домбырамен ән айтамын, кей концерттерде қолыма қазақтың қара домбырасын ала шығатын да кездерім болады.Эстрада саласында да біраз әндерім бар. Жуырда жарыққа шығатын «Кешір мені» деген лирикалық әннің авторымын, яғни Алла қаласа сазгерлік қырымнан да көрінбек ойым бар...Шамалы каскадерлік өнерім де баршылық.

  • Осы жылдан не күтесіз?

  • Күтерім өте көп. Тынбай еңбекке, ізденіске саламын өзімді. Бұл жылдан, енді, тек жеміс, жеңіс күтемін.

  • Тілегіңіз...

  • Бейбіт өмір тілеймін Алладан. Ел іргесі, ел іші тыныш болса екен, аналардың ұйқысы тыныш болса екен... Балаларымыз көзін ашпай жатып жол жиегінде қалмаса екен... Әлем тыныш болса екен деймін!

  • Сұхбатыңызға рахмет!!!

Тоғжан ҚАСҚАРБАЕВА.

© 2010-2022