Казақ тілі сабақтарында жаңа технологияны қолдану

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Казақ тілі сабақтарында жаңа технологияны қолдану

Әр жыл сайын тиімді және таралған білімдендіру электрондық басылымдары мен ресурстары негізделген ақпараттық технологиялардың қолданылу аясы айқындала түсуде. Ондай технологиялардың бірі мультимедиа технологиясы болып табылады. Осыған байланысты электрондық баспалар және ресурстарды оларды жасау және қолдану тәсілдерін бөлшектеп, қарастырудан бұрын ОЭБ - ны өңдеу және қолдану негізінде жататын ақпараттық технологиялармен танысқан ақылға сай келеді. Демек, мультимедиа. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуде сипаттамалық ерекшелігі өңдеу мүмкіндігі және компьютерлік техниканың даму көзқарасы бойынша салыстырғанда жаңа болып есептелетін әртүрлі типтегі ақпараттарды беруге болатын құралдар бөлінеді. Шыныменде, соңғы жылдары осындай құралдар санына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін және дыбыс шығару, фото және видио бейнелер үшін құралдар кіргізілген.

Егер жақын аралықта тиісті сандық өңдеу үшін құрылымдар пайда болып, кең таралса, осы құрылымдарды мультимедиа құралдарына жатқызылады. Мультимедиа құралдарының спецификациясын ақпараттық түрлерін және оны беру тәсілдерін білмей түсінуге болмайды. Оқытудағы электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйрену үшін мәні зор ақпаратты классификациялаудың тек негізгі аспектілеріне тоқталамыз. Ақпаратты классификациялауға болатын критерийлердің бірнешесі бар. Бірінші критерий түрінде көру, есту, сезу, дәмін тарту, сияқты адамның ақпаратты қабылдау кең таралған бөлудің принципін қолдануға болады. Оқыту электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйренудің көз қарасы бойынша компьютерлік және коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын, адамға ақпараттық әсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс болады. Осылайша, барлық ақпаратты қабылдау түрлері бойынша негізгі үш группаға бөледі:

  1. Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік немесе визуалдық ақпарат деп аталады. Бұл ақпаратқа текст, графикалық бейнелер және суреттер, фотографиялар, мультифильмдер, видеофильмдер жатады.

  2. Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен қабылданатын ақпарат. Бұл ақпаратқа у - шулар, әуендер, сөз жатады.

  3. Сенсорлық немесе тактильдың ақпарат деп аталатын, арнайы техникалық құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық жүйесімен қабылданатын ақпарат.

Ақпараттың аталған түрлерін басқа критерийлері бойынша да жіктеуге болады. Олардың бәрі адамның ақпаратты қабылдау тәсілі болып табылады. Осыған байланысты келіп түсетін оқытылатын ақпаратты ассоциативті және туралауға бөлуге болады. Оқушылар ботаниканы оқығанда танысатын өсімдікте текстік немесе сөздік суреттерді мысалға келтіруге болады. Бұл жағдайда тесті оқу немесе педагогтың сөзін тыңдау, оқушыда бар өсімдіктер туралы түсініктер мен алынған ақпараттың ассоциациясына алып келеді. Текстті оқу немесе сөзді тыңдаудың барлық оқушылардың өсімдіктерді бірдей түсінуіне мүмкіндік бермейтінін түсіну керек. Әрбір оқушы оқытылатын өсімдікті өзінше қабылдайды.Тура ақпарат тікелей маңызды, соның қатарында оқыту мақсаттарының назары бойынша объектілердің қасиеттерін береді.

Мұндай ақпарат түріне фотосуреттер, видеофильмдер, ғылымда шу деп аталатын дыбыстар жатқызылады. Мультимедиа құралдарының өзгеше ерекшеліктерінің бірі болып тура ақпаратты беру және өңдеу мүмкіндігі табылады. Мысалы, ботаника курсында өсімдіктерді оқып - үйренгенде мультимедиа құралдарын пайдалану, оқушыларға өсімдікті және онда болатын процесстерді көруге, мүмкін болған дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.Осылайша, мультимедиа түсінігі жалпы мультимедиа құралдары түсінігі, бір жағынан компьютерлік өңдеужәне ақпаратты әртүрлі типте көрсету мен тығыз байланыста болса, екінші жағынан, білім алу эффективтілігіне әсер ететін электрондық баспалар және ресурстарға байланысты.

Мультимедиа құралдарын білім беру сферасына енгізілуі сәйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық құралдардың пайда болуына және олардың мазмұндық артуына, оқытудың жаңа әдістерін және педагогтардың кәсібі шығармашылығының ақпараттану технологияларын өндіруге ықпалын тигізеді.Мысалы, видеофильмдерді сақтауға, өңдеуге және өндіруге мүмкіндік беретін мультимедиа құралдарын білім беру жүйесіне енгізу, оқытуда қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды жасауға алып келеді. Демек, оқушылар компьютер мен жұмыс істей отырып, оқу уақытының бір бөлігін оқыту мақсатының көз қарасы бойынша маңызды болған видеофрагменттерді көруге жұмсайды."Тілдің басқа көптеген сөздері сияқты" "мультимедиа" сөзі бірден бірнеше әртүрлі мәнге ие болатындығын түсіну маңызды. Мультимедиа - бұл.

  • Әртүрлі типтегі аппараттық өңдеу құралдарын қолдану және функциялау, өңдеу ретін суреттеуші технология;

  • Әртүрлі типтегі ақпараттардың берілуі және өңдеу технологиясының негізінде жасалынған ақпараттық ресурс;

  • Әртүрлі типтегі ақпараттың берілуі және функциялануы өңдеумен байланысты компьютерлік программалық қамтамасыз ету;

  • Әртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік апппараттық қамтамасыз ету;

  • Әртүрлі типтегі (сөз, әуен, видео бейне, анимация және т.б) динамикалық және дәстүрлі статистикалық және визуальды (текс, графика) ақпаратты өзінде біріктіретін ақпараттың ерекше жалпылаушы түрі.

Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық технологиялардың спектрін білдіреді.Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға байланысты, графикалық, дыбыстық, фото және видео әсерлерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық заряд бар және олар белсенді түрде көңіл көтеру индустрияны қосылады.Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адам шығармашылығының көптеген облыстарында революция жасады.

Мультимедиа технологиясын қолданудың кең облыстарының бірі білім беру сферасы, себебі мультимедиаға негізделген электрондық баспалар және ресурстар оқытудың тиімділігін неғұрлым артттырады. Материалды ауызша баяндағанда оқушының бір минутта ақпараттың мың шартты белгілерін қабылдап, меңгеретіні, ал көру ағзаларын «қосқанда» 100 мыңға жуық осылай бірліктерді меңгеретіні тәжірибе арқылы тексерілген.Қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа құралдарының саны мыңға жетеді.

Мультимедиа - технологиялар және оған сәйкес білім беруді ақпараттандыру құралдары тез дамып келе жатыр. Егер 1995 жылы басылымнан шыққан мультимедиа және СD - ROM анықтамасы бірінші басылымда барлығы 34 нұсқа шыққан болса, 1998 жылдарының басында олардың саны 300 ге жеткен болса, қазір бұл тізім бірнеше мыңдаған атауларды өз ішіне алады. Әрине, бұл көрсетулер мультимедиа құралдарымен қамтамасыз етілгендігңн нақты суреттеп бере алмайды, бірақ жасалынған және пайдаланып жатқан мультимедиа құралдар санының өсуіне біржақты дәлелденді. Мультимедиа құралдарымен технологиялары оқытудың пайдалы мүмкіндіктерін және төмендегідей аудиовизуальды ақпараттарды өңдеудің жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқыту себептерін көбейтуді қамтамасыз етеді.

  • Визуальды ақпаратты «басқару» (орналастыру, қою);

  • Әртүрлі аудиовизуальды ақпараттарды контаминациялау (ығысу);

  • Анимациялық эффектердің жүзеге асуы;

  • Визуальдық ақпараттың деформациялануы (белгілі бір сызықтық параметрдің үлкеюі несесе кішіреюі, бейненің созылуы немесе жиналуы);

  • Аудиовизуальдық ақпараттың дискреттік берілуі;

  • Бейненің (қараңғылануы) көлеңкеленуі;

  • Визуальды ақпараттың талданған бөлігін оны келесі ығысуы немесе «лупамен» қарастырылуы үшін тіркеу;

  • Бір экрандағы кез келген бөлігін активтендіру мүмкішілігі бар аудиовизуаль ақпараттың көп терезелі көрінісі.

  • Шынымен өтіп жатқан процесстердің шын уақыттағы оқиғалардың демонстрациясы.

Мультимедиа және білім берудегі ақпараттанудың сәйкес құралдарын пайдалануға байланысты бірнеше түсініктер бар. Мультимедиа құралдарын білім беруде қолданғанда иллюстрацияның ролі өседі. Иллюстрация бұл:

  • Мәтінге түсіндіретін немесе толықтыратын ақпараттың басқа типін енгізу (бейне және дыбыс)

  • Көрнекті және көзжеткізерлік түсіндіру үшін мысалдарды келтіру (басқа типтегі ақпаратты қолданбауға да болады.)

Компьютермен оқыту - оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Оқушылардың өздігінен білімденуі үшін қосатын мультимедиялық мүмкіндіктері орасан.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Абдраимов Д. И., Бидайбеков Е. Ы., Гриншкун В. В., Камалова Г. Б. Теоретико-методологические основы разработки, мониторинга качества и экспериментальной апробации компьютерных учебно-методических комплексов нового поколения. // Алматы: КазНПУ им.Абая, - 2005. 146 с.




© 2010-2022