Қосындыны санға бөлу және көбейту

Сабақтың мақсаты:  а) білімділігі: Қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді  үйрету,                                        және  ережесімен  таныстыру.                                        ә) дамытушылығы:  Есептер  шығару  арқылы   білім - білік                                        дағдыларын  қалыптастыру, тапсырмаларды орындау арқылы                                                  сын  тұрғысынан   ойлау   қабілеттерін   дамыту.                                        б) тәрбиеліліг: Өз   қ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы,

Қарақия ауданы,

Құланды орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ергешова Фарида Қалдыбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді үйрету,

және ережесімен таныстыру.

ә) дамытушылығы: Есептер шығару арқылы білім - білік

дағдыларын қалыптастыру, тапсырмаларды орындау арқылы

сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиеліліг: Өз қабілеттерін, өз таланттарын шыңдай

түсуге, еңбексүйгіштікке, табандылық танытуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интерактивтік әдіс, СТО - әдіс-тәсілдері, түсіндіру әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, Дүниетану.

Көрнекілігі: Проектор, Геометриялық фигуралар, құрастырғыш, қояндар.

медалиондар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

«Біз, қандай болуымыз керек?»

Мысалы: алғыр, білімді, саналы, өнерлі, зейінді, ақылды, мейірімді, ұйымшыл... болу үшін көп оқып, көп білуіміз керек.

ҚҚосындыны санға бөлу және көбейтуҚосындыны санға бөлу және көбейтуҚосындыны санға бөлу және көбейтуҚосындыны санға бөлу және көбейтуҚосындыны санға бөлу және көбейтуҚосындыны санға бөлу және көбейтуазір сендер менің қолымдағы фигуралардың ішінен өздеріңе ұнаған фигураны аласыңдар. Геометриялық фигуралар.

И.Панарин тестісі бойынша:

Үшбұрыш таңдағандар - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған

істі аяғына дейін жеткізеді

Шаршы таңдағандар - Лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін,

басқарушылық қабілеті басым.

Тіктөртбұрыш таңдағандар - білуге құмар, ізденгіш.

Сынық сызық таңдағандар - шығармашылық қабілеті басым, үнемі

ізденеді.Міне, балалар өздеріңізді тануға болады екен.

Біз күннен-күнге дамып, өсіп келе жатқан Қазақстан елінің ұрпағымыз. Өзімізді жетілдіру арқылы болашаққа өз үлесімізді қосамыз.

І-бөлім. «Өзін - өзі жетілдіру»

Үй тапсырмасын ауызша тексеру.

Сұрақ: Өзіңді-өзің жетілдіру үшін не қажет?

Нені жетілдіру керек?

Қалай жетілдіру керек?

  1. Сенімділікті

  2. Уақытты

  3. Амалдардың орындалу тәртібін

  4. Көбейту кестесін

  1. Көп оқу

  2. Ерінбеу

  3. Шыдамды болу

  4. Қайталау арқылы

Қорытынды: Бір нәрсеге талпыну үшін адамға ең алдымен табандылық керек.

Әл-Фараби сөзімен үй тапсырмасын қорытындылаймыз.

Жаңа сабақ

Қосындыны санға бөлу

Түсіндіру.

1-тәсіл. 2 - тәсіл.

(12+18): 6 = 12:6 + 18:6 =2+3 = 5 ( 12+18):6 = 30:6 = 5 Қосындыны санға бөлу және көбейту

ІІ - бөлім. «Өз қабілетіңді өзің таныт»

Оқушылар білімін тексеру.

2 - тапсырманы слайдқа жазып, ауызша түсіндіріп, ережені айтқызу.

3 - тапсырма. Әр қатардан бір балаға шығарту.

4 - тапсырма. Сәйкестендіру кестесін сызу

5 тапсырма. Практикалық жұмыс.

Қорытынды: «Еңбегің еңбектенген кетпес зая»

(Ақан Сері)

Сергіту сәті:

ІІІ - бөлім. «Өз талантыңды өзің таныт»

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көсеңіз. (Абай)

6 - тапсырма. Өз бетімен жұмыс.


  1. қатарға. 2 - қатарға 3 - қатарға

90 : 3 + 9 :3 = 33 40 : 4 + 4 : 4 = 11 60 :2 + 6: 2 = 33

600 : 10 + 60 : 10 = 66 900 : 3 + 90 : 3 = 330 1000 : 5 + 100 : 5 = 220

60 * 6 + 60 = 420 50 * 3 + 50 = 200 40 * 2 + 40 = 120

7 - тапсырма. «Кім, шапшаң?»

1) Шарты: Пиранья - 24

? 6 аквариумға бөліп саламыз.

Тұтасқанат - 36

Шешуі: (24 + 36) : 6 = 24 : 6 + 36 : 6 = 4 + 6 =10

(24 + 36) : 6 = 60 : 6 = 10

Жауабы: 10 балықтан орналастырылды.

2) Шешуі: (40+16) : 8 = 40 : 8 + 16 : 8 = 5 + 2 = 7

(40 + 16) : 8 = 56 :8 =7

Жауабы: Әрбір топта 7 адамнан болды.

Балықтарды слайдтан көрсету, мағұлмат беру.

9 -тапсырма: Тест

Салыстыр:

30 дм 2 см = 302 см 1 сағ 10 мин < 80 мин

5 м 5 см < 550 см 3 тәул. 24 сағ = 96 сағ

32 см < 30 дм 2 см 2 м 3 дм > 203 см

Дұрыс жауаптың ішін қарамен бояу керек.



=

>

<

1

2

3

4

5

6


10 - тапсырма. «Ой ашар» минуты.

Шешуі: 15 * 3 = 45 (см)

(15 + 45) : 5 = 15 : 5 + 45 : 5 = 12 (см)

15 + 45 + 12 = 72 (см)

Жауабы: Сынық сызықтың ұзындығы 72 сантиметр

Қорыту: Сендердің қабілеттеріңді, білімдеріңді шыңдау үшін :

Не білдік?

Не үйрендік?

Нені жетілдіру керек?

Қосындыны санға бөлудің ережелерін білдік.

Қосындыны санға бөлудің екі түрлі тәсілмен шығарылу жолын үйрендік

Үнемі білімімізді жетілдіру керек.

Үйге тапсырма: 8- есеп, 11- есеп. Ережесін жаттау.

Бағалау: Бір түйір дәнде,

Бір тамшы тер бар.

Балалардың еңбегін бағалаймын.

Соңы: «Өзіңе сен, Біліміңе сен, еңбегіңе сен»

(Абай)


4

© 2010-2022