Темекі шегу адам өміріне зиян

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаман әдеттен аулақ болу

Мақсаты: Оқушыларға жаман әдеттерден аулақ болуға, жанының тазылығы мен адами құндылығының жоғалуына бірден - бір зиянды әдет ақыл - естен айыратын никотин екенін түсіндіру.
Міндеті:
- Айналадығы қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыру;
- Өз денсаулығына салғырт қарамауға, әдетке айналған отбасы тәрбиесін бұзбауға үйрету;
- өз ортасы мен достары арасында үлгілі болуға тәрбиелеу;

Темекі тартудан бас тарту, қоғамдық орындарда шылым шегуге рұқсат етпеу, никотинге қарсы насихат жұмыстарын жүргізу сияқты түрлі жұмыстар біздің мектебіміз сияқты жер - жерде ұйымдастырылатын шара болып табылады.
Темекіні біз қанша қой дегенімізбен дүкендер мен дүңгіршектер сатуын тоқтатқан жоқ.
Сұрақ қою:
- Сіздерше қайткенде біз адамдарға, әсіресе жастарға темекі шегуді қойдыра аламыз?
- Осы жолда үкімет қандай шара қолданып жатыр, кім не байқап жүр?
- Адам өз денсаулығына аса мән береді дегенді қалай түсінеміз?
- Сен өзіңді қалай күтіп баптайсың?
- Адам жаны зиянды нәрсемен ғана емес тыныштығы болмаған кезде де берекеті кетеді, ол қай кез деп ойлайсың?

Тапсырма.
Денсаулық туралы мақал - мәтел айтып жарысу , парақша алып 5 мақал - мәтел, жұмбақ ойластыру.
Біз өзіміздің тап - таза жанымызды улы нәрселермен уламай пайдалы дәрумендермен де қамтамасыз етуге шақырамын. Зиянды әдеттен арыла отырып дәрумендер туралы мәліметке назар аударайықшы. Күнделікті азығымыздың біз үшін пайдасын біліп жүру мақсатында сіздерге кеңес болып табылады.

Қай дәрумен қандай тамақта көп болады? Енді осы сұраққа жауап берейік.

А дәрумені сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездеседі. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Құрамында А дәрумені бар тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды.

А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен.

В1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг В1 дәрумені қажет.

В2 дәрумені ашытқы, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністерде кездеседі. Бұл дәрумен әр жасушаның өсіп-жетілуіне әсер етеді.Ол жетіспесе адам жүдеп, шаршап, ерні, өкшесі жарылып, көздің көруі нашарлап, жарыққа қарай алмай көзі жасаурайды. Терінің сыртқы қабаты түлегіш келеді. Салқын кезде және ыстықта адам ағзасына оның қажеттілігі одан сайын арта түседі. Оның күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал.

Дәрумендердің В тобына бұл аталғандардан басқа В6, В12 түрлері де жатады. Олардың да өзіндік әсерлері бар.

В6 жетіспесе, қан азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл, кейде бет, мойын терісі қабынып, кейде қояншық ауруына тап болады. Бұл дәрумен жануарлар мен өсімдіктерде өте көп. Әсіресе, ашытқы, бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі. Ересек адам оны күніне 1,5-2 мл шамасында керек етеді.

В12 дәруменінің физикалық рөлі өте зор. Оның зат алмасуына, жүйке жүйесіне, қанның құрамына үлкен әсері бар. Бұл дәрумен екіқабат әйелдерге және жемсау (зоб) ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Көбінде піскен ет, бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүттің құрамында көп болады.

С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. Тағамда С дәрумені жеткіліксіз болса, адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің, қызыл иектің зақымдалуы. Сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды.

Қорытынды.
Ұлт денсаулығы - мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі. Салауатты өмір салтын насихаттау нәтижесінде мемлекетіміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену сияқты үлкен мақсаттарына жете алады.



© 2010-2022