Разработка урока Досымның отбасы

Сынып: 1 Сабақтың тақырыбы: Досымның отбасыСабақтың мақсаты:Білімділік:Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері туралы тақпақтарды жатқа айтқызу, фонетикалық жаттығулар, санамақ жаттату, «Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауын білуге үйрету.; Дамытушылық: тыңдау, сөйлеу, сұхбатқа қатысу сияқты әрекеттерге дағдыландыру.Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне құрмет көрсетуге, Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу....
Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы: Досымның отбасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері туралы тақпақтарды жатқа айтқызу, фонетикалық жаттығулар, санамақ жаттату, «Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауын білуге үйрету.;

Дамытушылық: тыңдау, сөйлеу, сұхбатқа қатысу сияқты әрекеттерге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне құрмет көрсетуге, Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, тақырыптық суреттер

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сөйлесу, сұрақ-жауап, сөздік

Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері «Сәлемдесу»


Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) сыныпты түгендеу

Б) Күнді жаздыру

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

Әнұранды сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Гимннің 1-шумағының 4 жолын қайталау.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

(В небе золотое солнце,

В степи золотое зерно.

Сказание о мужестве - моя страна.)


  • Балалар айтыңдаршы суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Отбасы мүшелерін

  • Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

  • Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.

  • Біз қандай отбасымыз?

  • Біз бақытты отбасымыз
    - Біз қай елде тұрамыз?
    - Тәуелсіз Қазақстан елінде.

Сөздікпен жұмыс.

Отбасы - семья

Ата-дедушка

Әже-бабушка

Әке-папа

ана, шеше - мама

аға - брат

әпке - ст. сестра

іні - мл. брат

қарындас - мл. сестра мальчиков

сіңлі - мл. сестра девочек

Фонетикалық жаттығулар. Хормен қайталау:
А - а - а - ата.
Ә - ә - ә - әже
Ә - ә - ә - әке
А - а - а - ана

Жеке балалармен жұмыс: Отбасы суреттері бойынша әңгіме құрайды.
Мынау - менің атам,
Мынау - менің әжем,
Мынау- менің әкем,
Мынау- менің анам,

Сергіту сәті:

  1. «Жапалақ» туралы сергіту сәтін жүргізу

Жапалақ2

Басың қандай үлкен-ақ

Аяғымен таптайды,

Қолмен шапалақтайды

  1. «1,2,3,» санамағын айту.

  2. Б. Серікбаевтың өлеңін айту

Сол аяқ!

Оң аяқ!

Сол аяқ!

Оң аяқ!

Қарашы!

Оңай-ақ!

  1. Оқушылар «Тұр/Тұрыңдар. Отыр/Отырыңдар. Жүр/ Жүріңдер. Тоқта/Тоқтаңдар» бұйрық сөздерін орындайды.

Дидактикалық ойын: « Кім жоқ?»

Дәптермен жұмыс. Ағаштың ішіне өз отбасының суретін салдыру.

Разработка урока Досымның отбасы

ІV. Бекіту кезеңі.

Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?
- Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
- Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз қандай отбасымыз?
- Біз бақытты отбасымыз
Біз қай елде тұрамыз?
- Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы, балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.

Үй жұмысы: Отбасы мүшелерін жаттап келу

Бағалау.


© 2010-2022