Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»Баяндама «Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»«Оқушылардың синтаксистік тұлғаны тану дағдыларын қалыптастыру»

Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тірбие беру - оны қазіргі заманға сай білімді, жан дүниесін бай етіп тәрбелеу сияқты қиыны мен қызығы бірдей іс - ұстаздар еншісіне тиген міндет пен парыз.

Бүгінгі желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақ - ертеңгі келешегіміз.

Қазақ тілі пәні сол ертеңгі келешегімізді, яғни оқушыларды жазбаша сауатты етип шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлесуге үйретуді мақсат етеді. Тілден жүйелі білім беру - оқушылардың дүние танымын, пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айкындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсу қазіргі кезеңдегі өмірдің басты талабы, өзекті ісі болып отыр.

Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде қазақ тілін оқыту формаларының мәні үлкен. Сабақ беруде мұғалімнің ойында тұратын мақсаттар мыналар болуы тиіс:

1.Оқушыларларға білім негіздерін түсіндіру.

2.Сол білімді бекітіп, талдап, есінде қалдыру.

3.Алған білімін тексеріп отыру.

4.Өздігінентолықтырған білімін тексеріп отырып.

Қазақ тілінен өтілген сабақтар мазмұнына қарай мына сияқты тілдік мтериалдар негізінде іске асырылады: фонетика, лексика, морфология, орфография, орфоэпия, синтаксис, пунктуация және тіл ұстарту.

Соның ішінде қазақ тілі синтаксисі - қазақ тілі грмматикасының ең негізгі әрі күрделі салаларының бірі.

Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясынан оқушыларға теориялық білім берудегі басты- басты ортақ заңдылықтар мыналар:

  1. Оқушыларға қазақ тілі синтаксисінен ( сөз тіркесі синтаксисі мен жай сөйлем синтаксисінен, сол сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінен) және пунктуациядан тероиялық білім негізінен мұғалім түсіндіруі (толық, жартылай бағыт беру, оқушыларға өздігінен меңгерту) әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың, анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдері мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері арқылы беріледі.

  2. Синтаксистік тұлғаның қайсысын қандай әдіс, тәсілімен білдіру, сол оқу материялының мазмұны мен көлемине, оқушылардың білім өрісы мен алғырлығына, жұмыс істеу қабілетіне және сыныптың құрамына байланысты. Дегенмен белгілі бір синтаксистік тұлғаны оқушыларға танытқанда, бір я бірнеше оқу әдістерінің де бірдей қызымет атқаруы ықтимал. Синтаксистен теориялық білім бергенде, өтілетін материялдың көлемі мен мазмұнына және сыныптың білімі мен құрамына қарай отырып, қай сабақта оқыту әдісінің тиімді болаьтынын негізінен мұғалімнің өзі анықтайды.

  3. Синтаксис пен пунктуациядан оқушыларға әрі сабақта берілетін теориялық білімнің көлемі мен мазмұны және өтілген материялдардың қайсысымен оның байланысты екені куні бұрын анықталуға тиіс.

  4. Өтілейн деп отырған синтаксистік тұлғаны оқушыларға жеңіл де санаулы меңгерүге көмегі тиетін бұрын өтілген материялдарды үнемі қайталап отыру керкек.

  5. Әрбір жаңа материялды өтілген материялдарға байланыстыра, соларға сұүйене, соларды тірек ете түсіндіру.

  6. Әрбір синтаксистік тұлғаның (жаңа материялдың) өзіндік белгілері (мағынасы, формасы, жасалу тәсілдері т.б.) болады. Соларды бір - бірімен салыстырып, әрқайсысының өзіндік белгілерін ажырата ,саралай түсіндірү . Ол үшін жоғарыда аталған әдіс,тәсілдердің ең тиімдісін кеңінен қолдану .

  7. Марфалогия мен синтаксисті ,синтаксис пен стилистиканы мүмкіндігінше бір-бірімен тығыз байланыстыру .

  8. Оқушыларға өздігінен жумыс істетсе ,олардың қызығуын арттыра отырып ,ойша қорытудың индукция,дедукция турлерімен синтаксистік тұлғаларды ,тыныс белгілерін меңгерту .

  9. Әр сабақта көрнегі құралдарды кеңінен әрі тиімді пайдалану .

  10. Мұғалімнің жетекші сұрағының негізінде әр синтаксистік тұлғаның өзіндік белгілерін және оның анықтамасын оқушыларға айтқызу ,сол арқылы олардың ойлау қабілеттерін арттып ,өздігінен жұмыс істетуге үйрету .Тек оқушылардың шамасы келмеген синтаксистік тұлғаның өзіндік белгісі мен анықтамасын мұғалімнің өзі айтуға болады.

  11. Оқушылардың синтаксис пен пунктуациядан алған білім жаттығу , дағдыландыру жұмыстарын орындату арқылы ғана олардың есінде берік сақталып, өмір әдісіне жарайды .

  12. Оқушы синтаксис пен пунктуациядан дағды жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау әдістерін пайдалана отырып , жазбаша жаттығулар орнату арқылы беріледі.

  13. Синтаксис пен пунктуатция берік дағды беру үшін жаттығу жумыстары жүйелі ,блгілі бір мақсатқа ,синтаксистік тұлғадан алған білім үнемі есте сақтауға, негізделіп жүргізіледі . Мұндай жаттығуларға мынандай әдістемелік талаптар қойылады:

а) Дағды беретін жаттығулардың тәрбиелік мәнінің болуы.

ә)грамматиканың басқа бөлімдерімен және сол сыныпта оқылатын басқа пәндермен байланыстылығы.

б)Оқушылардың ойлау қабілетін , ой-өрісін жетілдіру , тілін байтатындай дәрежеге көтерілуі.

в)Өтіліп отырған синтаксистік тұлғаларды меңгертерліктей , солардан берілетін дағдыны оқушылар бойына қалыптастыратындай болуы.

г)Жаттығулар жеңілден ауырға , белгіліден , белгісізге көшуі принципіне негізделіп , оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі.

ғ)синтаксис пен пунктуация жаттығуларының оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйретерліктей болуы.

д)Бұрын өтілген орфогрфияны қайталайтындай , онан алған білімдерін еске түсіретіндей жұмыстардың болуы.

Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру үшін , синтаксистік , пунктуацыиялық жатты,улар мынандай шарттарға сай болуы керек:

а)жаттығуладың тілдік құбылысты байқататындай болуы.

ә)оқытылып отырылған материалды оқушының бұрыннан білетінімен салыстыруына , өзіндік белгілерін тануын мүмкіндік туғыуы;

б)Байқау арқылы оқушыларға өзінің ай қорытындысын , тұжырымын , синтаксис пен пунктуациядан алған оқушы білімін практикада қолдана білуіне үйрете бейімделуі;

г) тілдік құбылысты жан жақты түсінуіне жағдай жасауы.

Осындай жаттығулар ғана оқушылардың синтаксис пен пунктуациядан алған теориялық білімдерін бойына сіңіре , ойлау қабілетін арттыра отырып , тілінің дамуына , стилінің жетілуіне көмектеседі. Терең білім , дамыған ой оқушының сөз байлығы , сөз қолдануы , стилі арқылы көрінеді. Мұны барлығы дағдыландыру жұмысы арқылы қалыптасады. Сондықтан да синтаксис пен пунктуациядан дағды беру жұмысы - оларды оқыту процесіндегі істелетін ең негізгі жұмыстардың бірі.

Оқушыларға қазақ тілінің белгілі бір саласынан жүйелі де терең білім беру үшін ; алдымен тілдің сол саласы жайында бас-аяғы жинақталған қысқаша түсінік берудің мәні зор. Себебі тіліміздің белгілі бір саласы жайында түсінік беруге арналған мұндай кіріспе сабақта , бірнешеден , оқушылар оқытылайын депотырған күрестың мақсаты мен мәнін саналы ұғады ; екіншіден , алдағы уақытта осы күрестен өтілетін оқу материалдарын білуге олардың ықыласы мен ынтасы артады. Міне, осыны ескергендіктен де , сөз тіркесі синтаксисін оқытқанда ; алдымен кіріспен сабақта синтаксис туралы жалпы түсінік беру қажет.

Синтаксис туралы жалпы мәлеметті оқушыларға әңгімен әдісімен де , лекция арқылы да түсіндіруге болады. Қандай әдіспен түсіндірілсе де , мұғалім синтаксистің өзіндік ерекшелігін оқушыларға санылы білдіру үшін оны тілдің өтілген басқа салалары фонетика , лексика , морфологиямен салыстыруды ұмытылғаны жөн. Ол бөлімдердің қарастыратын мәселелерін оқушыладың есіне қысқыша түрде түсіре отырып , синтаксистің нені зерттейтінінсаралап айтып берсе , оқушылар жақсы меңгереді және тілдің басқа салаларынанситаксистің айырмашылығын жете біледі.

Синтаксис жайында жалпы түсінік төмендегі көлемде және осы жүйеде беріледі ;

1. Синтаксис терминінің мәні.

2. Синтаксис грамматиканың ең негізгі саласы екені.

3. Синтаксис қарастыратын мәселелер.

4. Қазақ тілі синтаксисін оқытудағы мақсат.

5. Қазақ тілі синтаксисінің мәні

6. Қазақ тілі синтаксисі оқулығы мен жаттығулар жинағы жөнінде қысқаша мәлемет.

7. Қазақ тілі синтаксисін оқытқанда қолданылатын көрнекіліктер.

Қазақ тілі білімі.

Фонетика Лексика Грамматика

Морфология Синтаксис

Синтаксис

Сөз тіркесі синтаксисі . Құрмалас сөйлем синтаксисі.

Жай сөйлем синтаксисі

Синтаксис жайнындағы жалпы түсінікті оқушылар қандай дәрежеде ұққанын білу үшін , тесттік әдісті пайдалануға болады.

Мысалы жай сөйлем синтаксисінени жақты және жақсыз сөйлемдер жайында теориялық білімді бір сабаққа берудің,екеуін салыстыра отырып ,әрқаисысының өзіндік белгылерын саралай танытудың тиімділігі мол.Сол себепті біз жақты,жақсыз сөйлемдерді толымды,толымсыз,жалаң,жайылма сөйлемдер сияқты,пар-пармен оқыту тиімді.

Жақты,жақсыз сөйлемдерді оқушыларға таныту үшін,мынадай жұмыстарды орындатқан жөн.

1.Жақты сойлемге бір-екі мысал(мәселен,Біздің заманда халық көркем әдебиетті көп оқиды.Жұмыстан кеиын киноға барды),жақсыз сөилемге берер мысал(мәселен,Командирдің айтқанын орындамауға болмйды)келтырып,қай сөйлемде граматикалық бастауыштың барын,қайсысында түсіп қалып тұрғанын,қайсысында атымен жоғын оқушылардан сұрау.

2.Бастауышы бар немесе түсіп қалып тұрған сөилемнің жақты,граматикалық бастауышы жоқ сөйлемнің жақсыз сөйлем деп атауын түсіндіру.

3.Жақты,жақсыз сөйлемдерге арналған төмендегыдей көрнекті құралға сүйенып, олардың әрқайсысының өзіндік белгілері және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту:

Жақты сөйлем.

  1. Бастауышы бар жақты сөйлем:

Біз экскурсияға бардық.

Кім? Не? істедік?

Бастауыш Баяндауыш

Біз барлық

қайда?

экскурсияға



  1. Бастауышы тусіп қалай айтылған жақты сөйлем:

Бұл дөңестен аман - есен өттік.

Баяндауыш

Өттік

Аман - есен дөңестен

Бұл

Жақты сөйлемге арналған таблицаны талдау арқылы оның мынадай өзіндік белгілері барын таныту:

  1. Жақты сөйлемнің әрқашан бастаауышы болады.

  2. Жақты сөйлемнің бастауышы қай жақта болса , баяндауышы да сол жақта болады.

  3. Жақты сөйлемнің бастауышы бірде түспей , бірде түсіп қалып айтыла береді. Бастауышы түсіп қалып айтылғын жақты сөйлемнің қай сөз екенін және оның қай жақта тұрғаны баяндауышы арқылы білінеді.

  4. Жақты сәйлем бастауыштың қатынасына қарай , бастауышы бар және бастауышы түсіп қалып айтылған жақты сөйлемдер болып екіге бөлінеді. Жақты сөйленің осындай белгілерінің негізгісі таяныш етіп оған мындай анықтама беруге лайық:

Бастауышы кейде айтылып , кейде айтылмайтын , айтылмаған кезде оның қай сөз екені баяндауышынан білініп тұратын жай сөйлемді жақты сөйлем дейміз.

Оқушыларға жақсыз сөйлемді түсіндіру үшін мына кестені пайдалануға болды.

Жақсыз сөйлем.

Мысалдар.

Баяндауыш формалары.

Жақсы үйге, жақсы орынға жақтым келер.

Жұрт мақтарлық атақты таққым келер.

а) тәуелдік жалғаулы қалау рай және кел етістігі.

Бірлесіп кітап оқуымыз керек.

Бұл жерде суға түсуге жарамайды.

ә) тұйық етістік (атау , барыс с.)

бол, жара, керек, тиіс, лайық, жөн, мүмкін сөздері

Саған аздап досыңнынң желігін басуға тура келер

б) тұйық етістік (барыс с.) тура келеді(келер, келді)

Қолым тимейлі -. Ымырт жабылады.

в) идиомалық сөйлемде.


Бұл к естеде жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары, баяндауыш формалары берілген.

Мысалға келтірген бірненше және екінші сөйлем жақсыз сөйлемнің баяндауышы тәуелдік жалғаулы қалау райы негізгі етісттікке кел деген көмекші етістіктің тіркесу арқылы жасалғанына дәлел бола алады:

Үшінші, төртінші, бесінші сөйлемдерде жақсыз сөйлемдердің баяндауышы етістіктен және барыс септікті тұйық етістіктен соң керек, жарамайды, тура келер көмекші етістіктері арқылы жасалған, соңғы сөйлем идиома сөздер де жақсыз сөйлем бола алатынын аңғартады.
Жақсыз сөйлемге арналған кестені талдау арқылы мұғалім оның мынандай өзіндік белгілерінің барын оқушыларға түсіндіру.

1.Жақсыз сөйлемнің бастауышы (грамматикалық) мүлде болмайды.

2.Жақсыз сөйлемде тұлғаулы мүшеден тек күрделі баяндауыш қана болады.

3.Жақсыз сөйлемнің баяндауышы тәуелді жалғаулы, -қы, -ғы, -кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістікке кел , бол , шығар көмекш етістіктердің тіркесуі арқылы, атау, барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, керек, тиіс, лайқ, жөн, мүмкін, тура келді сөздерінің тіркесуі арқылы және идиома сөздерден жасалады.

Жақсы сөйлемнің осындай өзіндік белгілерінің негізгісін арқау етіп, оған мынандай анықтама беру лайық.

Бастауышы мүлде жоқ жай сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз.

Жақты, жақсыз сөйлемдерден оқушылардың берік дағдысы болу үшін , мынандай жұмыстарды орындаудың пайдасы мол: тексте берілген сөйлемдердің қайсысы жақты, қайсысы жақсыз, қайсысы жақсыз екенін айту ; жақсыз сөйлемдердің баяндауышының қалай жасалғанын түсіндіру; жақты сөйлемді жақсызға керісінше , жақсыз сөйлемді жақтыға айландыру; берілген сөздерді баяндауыш етіп жақсыз сөйлемдер құрастыру; берілген бастауышы бар жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп, бастауышсыз жақты сөйлемдер жасау; берілген бастауышы түсіріліп айтылған жақты сөйлемдерді бастауышы бар жақты сөйлемге айналдыру; жақты, жақсыз сөйлемдерге грамматикалық талдау жасау, түсіндірап жазу; бақылау жұмысын орындау; мазмұндама жаз, жақты, жақсыз сөйлемдердің өзіндік белгілерін айтып беру; әрқайсысының ерекшеліктерін түсіндіру; жақты, жақсыз сөйлемдерді схемамен көрсету; схема бойынша жақты, жақсыз сөйлемдер жазу.

Оқушылардың қазақ тілінен білімі тым төмен сыныпта жақты сөйлемді бір сабақта, жақсыз сөйлемді екінші сабақта оқытуға болады. Солай оқытқанда да жақты, жақсыз сөйлемдерді бір-бірімен салыстыра оқытуды ұмытпаған жөн.

Төменде құрмалас сөйлем синтаксисінен өтілген сабақ жоспарының үлгісі ұсынып отырмын.

  1. Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

  2. Сабақтың мақсаты : Оқушыларға қарсылықты баңынықы сабақтас құрмалас туралы ұғымдарды меңгерту.

Қарсылықты сабақтасты қарсылықты салалас пен құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге дағдыландыру. Өз беттерімен ой қорытындысын жасау қабілеттерін дамыту.

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.



  1. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

  2. Сабақтың түрі: Баяндау, талдау сабағы

  3. Сабақтың әдіс: Өз беімен, салыстыру, талдау, жаттығу жұмыстары, шығармашылық жұмыс, текістік әдіс.

  4. Сабақтыңт көрнекілігі: 1) Ұйымдастыру

  5. Сабақтың өтілу барысы: 1) Ұйымдастыру.

Сыныптағы гигиеналық, психологиялық жағдайларды ескере келе оқушы назарын сабаққа аудару

2) Өткенді еске түсіру. (Тірек сызба арқылы)

Құрмалас сөйлем

Салалас Сабақтас Аралас

(Мысалдар келтіре отырып)

3) Кестемен жұмыс:

Қарсылықты салалас

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

Сібір айда, сонда да бермеймін.

Сібір айдасаң да , бермеймін

Амантайды Балтабек танитын, бірақ Ботагөз

Танымайтын енді

Амантай Бектібекті танығанмен,

Ботагөз танымайтын енді

Кестедегі сөйлемдерді салыстыра, талдай отыра, қарсылықты сабақтастың анықтамасымен оқушыларға өз беттерімен шығарту.

Олай болса, бағыныңқыдағы іс-әрекетке басыңқыдағы іс-әрекет я болмаса, басыңқыдағы іс-әрекетке бағыңқыдағы іс-әрекет қарама-қарсы айтылған сабақтасты Қарсылықты сабақтас дейміз.

Баяндауыш

формалары

Мысалдар

Сұрақтар

-са да

-са де

Дәркембай екі иықты мырзаның қыспағында отырса да, Құнанбайдың сыртынан соңғы сөзін айтып қалды

Қатйсе де?

-ғаны

-гені

-маса

Оның құр мақтанғаеы

болмаса, қолынан ешеңе келмейді

Қайткені болмаса?

-ғанмен(де)

Ұлберген кейде болғанмен, киімкешектерін таза ұстайтын енді.

Қайткенмен?

-ғанша

-генше

-генін

- генінен

- мастан

-а, -е, -й

Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп өз

Бабына келтір

Жиналыстың аяқталғанын күтпестен, сынға шыдай алмаған Ермек рұқсатсыз шығып кетті.

Мүмкіншілігі бола тұра, Дана ойынға қатыспады.

Қайткенше?

Қайтпесен?

Қайте тұр?

Кестемен жұмыс жасай отыра, қарсылықты сабақтастың жасалу жолдарын оқушылардың өздеріне айтқызу.

4) Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығу жұмыстары:

А) Дидактикалық материалдардын 3-тапсырма.

Тиісті тыныс белгілерін қоя отырып көшіру, бағыныңқы сөйлем баяндауыштарынынң жасалу жолдарын түсіндіру.

Б) Оқулықтан 131-жаттығу.

Қарсылықты салаласта қарсылықты сабақтасқа айландыру.

В) Шығармашылық жұмыс:

Суреттке қарап отырыап, шағын мәтін құрастыру.

(құрамында қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем болуы шарт)

Г) Шығармашылық жұмыс:

Берілген жай сөйлемді мағынасына , ыңғайына қарай орналастырыап, қарсылықты бағыныңқы свабақтас жасау.

Жаңа сабақты қорытындылау

Мен?

Нені үйрендім?

Не істеуім керек?

Тестік жұмыс

(5 сұрақтан тұрады)

Үйге: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

129- жаттығу, 130-жаттығу

© 2010-2022