Есірткіге елеңдеме, жас дос!

Тұрлыбекова Жанар №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегіорынбасарыЕсірткіге елеңдеме, жас дос!(дөңгелек үстел жоспары)Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ дертінің алдын-алу оның жұғу жолдарын, одан сақтана, қорғана білу. Балалар арасында нашақорлық, есірткілерді қолданудан аулақ ұстауға баулу.Қоғамдық мәні бар, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтарды негізінде оларды жоғарғы ...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұрлыбекова Жанар

№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегіорынбасары

Есірткіге елеңдеме, жас дос!

(дөңгелек үстел жоспары)

Мақсаты:

Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ дертінің алдын-алу оның жұғу жолдарын, одан сақтана, қорғана білу.

Балалар арасында нашақорлық, есірткілерді қолданудан аулақ ұстауға баулу.

Қоғамдық мәні бар, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтарды негізінде оларды жоғарғы имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтық тәрбие беру. Балаларға есірткі қолдану қаупн тудыратын факторларды түсіндіру, салауатты өмір салтына баулу.

Бағдарламасы:

Өткізілетін күні:

Өткізілетін уақыты:

Өткізілетін орны:

14.30-14.55

Дөңгелек үстелге қатысушыларды тіркеу

15.00-15.05

Есірткіге елеңдеме, жас дос! Тақырыбындағы дөңгелек

үстелдің ашылуы

15.05-15.12

Ғасыр тажалы -есірткі тақырыбындағы баяндама / баяндаушы: облыстық санитарлық эпидимиологиялық сараптама орталығының Сырдария аудандық филиалының дәрігер сараптамашы Г.Сұлтанова/

15.12-15.19

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы токсикоманияның алдын алу тақырыбындағы баяндама: / баяндаушы: Санитарлық эпидимиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы М.Самалыков

15.19 - 15.26

Жасөспірімдер арасында нашақорлық және оның алдын алу тақырыбындама баяндама / баяндаушы №131 мектептің оқушысы Көшбасшы клубының мүшесі Г.Әбілова

15.26-15.55

Пікір алмасу

15.55-16.00

Дөңгелек үстелді қортындылау


Жауапты: Ж.Тұрлыбекова


Есірткіге елеңдеме, жас дос!

(дөңгелек үстел сценарий)

Өткізілетін күні:

Өткізілетін уақыты:

Өткізілетін орны

Кіріспе

Есірткіге елеңдеме, жас дос! Тақырыбындағы дөңгелек үстелдің ашылуы.

Жүргізуші:

-Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылары! 1 қараша және 1 желтоқсан ғасыр дерті болған ЖҚТБ-дертіне қарсы күресу айлығына орай ұйымдастырылған «Есірткіге елеңдеме, жас дос!» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.

Жас өспірімдерді салауаттылықа, өмірді сүюге , қадірлеуге тәрбиелеуде ғасыр дерті болып отырған ЖҚТБ, нашақорлық туралы насихат жұмыстарын жүргізіп, ой пікірлерін бөлісу мақсатында қонақтар қатысып отыр.

Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «тарғақ жол, тайғақ кешумен» ұласады

деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы - ол оның мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы - денсаулығы тікелей әсер етеді.

«Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың - жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек еді өкінішке орай, адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да, елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осындай мәдени шараның бірін бүгін мектеп жастарының көшбасшылары ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты халық. Денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл Фараби «Жас жеткіншектеріңізді, көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып беремін, - деген екен.

Осы орайда дөңгелек үстелімізге бізбен бірге ойын бөлісу үшін келіп отырған қонақтарымызды таныстырып өтейін.

1. Облыстық санитарлық эпидимиологиялық сараптама орталығының Сырдария аудандық филиалының дәрігері сараптамашы Г. Сұлтанова

2. Санитарлық эпидимиологиялық қадағалау барқармасның өндірістік нысандары қадағалау басқармасының өндірістік нысандары қадағалау бөлімінің бас маманы М. Саманов

3. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Есназар

4. «Санитарлық ағарту ұйымдастырушы» Г. Таңсықбаев

5. М.Уксикбаева «ПСК» арасында токсикоманияның кабинеті алдын алу дәрігері

Сөз кезегін «Көшбасшы клубының президенті» 11 сынып оқушысы Г. Әбіловаға сөз кезегін береміз.

Енді келген қонақтарға сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар.

Қорытынды: Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан - теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріңізге ең жақын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына осы күннен бастап қамқор болыңыздар.

Жастық шақтарыңыздың тамырына наша, алкоголь, темекі балта болып шабылмасын! - деп өз сөзімді тәмамадағым келеді. Біздің көшбасшылар клубы мүшелерінің үндеуін қабыл алыңыздар.

Болашақ тәуелсіз Қазақстан Республикасының дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты, еңбекқор, Отан сүйетін адал ұлдары мен қыздары болып өсуге ант береміз.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар осымен «Есірткіге елеңдеме, жас дос» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде кездесу аяқталды.

Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты қасіретке әуес, құмар болмайық.

Қымбатты біздің болашақ, өміріміздің жалғасы тіректері демекпіз.

Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатыстарыңызға көп рақмет.

Дайындаған: Ж. Тұрлыбекова





«Есірткіге елеңдеме, жас дос!» тақырыбындағы дөңгелек үстелге

АНЫҚТАМА

Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ дертінің алдын - алу оның жұғу жолдарын, одан сақтана, қорғана білу. Балалар арасында нашақорлық, есірткілерді қолдануданаулақ ұстауға баулу. Қоғамдық мәні бар, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтарды, негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтық тәрбие беру. Балаларға есірткі қолдану қауіпін тудыратын факторларды түсіндіру, салауатты өмір салтына баулу.

Безендірілуі: Денсаулық бұрышы, ЖҚТБ дертіне қарсы нұсқаушылар, плакаттар , қабырға газеттер.

Қатысқан адам саны: 28

Өткізілетін күні:

Өткізілетін уақыты:

Өткізілетін орны

14.30-14.55 - Дөңгелек үстелге қатысушыларды тіркеу

15.00-15.05 - Есірткіге елеңдеме, жас дос! Тақырыбындағы дөңгелек

үстелдің ашылуы

15.05-15.12 - Ғасыр тажалы -есірткі тақырыбындағы баяндама / баяндаушы: облыстық санитарлық эпидимиологиялық сараптама орталығының Сырдария аудандық филиалының дәрігер сараптамашы Г.Сұлтанова/

15.12-15.19 - Балалар мен жасөспірімдер арасындағы токсикоманияның алдын алу тақырыбындағы баяндама: / баяндаушы: Санитарлық эпидимиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы М.Самалыков/

15.19 - 15.26 - Жасөспірімдер арасында нашақорлық және оның алдын алу тақырыбындама баяндама / баяндаушы 11 сынып оқушысы Көшбасшы клубының мүшесі Г.Әбілова/

15.26-15.55 - Пікір алмасу

15.55-16.00 - Дөңгелек үстелді қортындылау

Баяндамалар тыңдалып, пікіралмасу кезеңінде оқушылар сұрақ қойып мамандармен ой бөлісті. Оқушылардың ЖҚТБ дертіне қатысты сұрақтарына ПСК кабинетінің дәрігері М. Уксикбаева толық жауап беріп, кеңес берді.

Нәтижесі: ЖҚТБ дертінің алдын алу, жұғу жолдарын бұл кеселдің немен аяқталатынын, адамзат өміріне қаншалықты өз кеселін тигізетінін, нашақорлықтың қаншалықты зиянд екенін түсініп, көптеген мағлұматтар алып, үндеу қабылдады.

Жауапты: Ж. Тұрлыбекова


© 2010-2022