Жамбыл Жабаев Ленинградтық өренім

Сабақтың тақырыбы :  Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» Сабақтың мақсаты : Оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, алған жаңа мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өлеңді мәнерлеп оқуға, талдауға үйрету. Туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. Не білу керек : Ақынның өмірі мен шығармаларын; Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық басына түскен ауыртпа...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл Жабаев Ленинградтық өренімЖамбыл Жабаев Ленинградтық өренімЖамбыл Жабаев Ленинградтық өренімЖамбыл Жабаев Ленинградтық өренімЖамбыл Жабаев Ленинградтық өренімСабақтың тақырыбы : Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім»

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, алған жаңа мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өлеңді мәнерлеп оқуға, талдауға үйрету. Туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.

Не білу керек : Ақынның өмірі мен шығармаларын; Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық басына түскен ауыртпашылықты; өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын аша білу.

Не істеу керек : Өткен тақырыптарды еске түсіру; әңгіме айту; сұрақтарға жауап беру; кестелермен жұмыс істеу; өлеңді мәнерлеп оқу; өлеңді талдау; өз ойларын жеткізе білу; тапсырмалармен жұмыс істеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл Жабаев туралы, Ленинград блокадасы туралы презентациялар; деректі фильм.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Тіл дамыту

1. Сұрақ жауап (амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатын айтып өту)

2. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Бейімбет Майлиннің өмірбаянын кестеге сүйене отырып айту (слайд)

  2. Сұрақтарға жауап беру

  • Бейімбет Майлин кім?

  • Ол қашан, қайда туған?

  • Ол қайда оқыған?

  • Ненің құрбаны?

  • «Үш бәйтерек» деген ұғымды қалай түсінесің? (слайд)

  • Қандай шығармаларын білесің?

  • «Айт» дегеніміз не? (слайд)

ІІІ. Тақырып

1. Жамбыл Жабаев туралы әкелген деректері бойынша жұмыс

  1. Жамбыл Жабаев - жүз жасаған ақын.

  2. Ол 1846 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде туған.

  3. 14-15 жасында Сүйінбай Аронұлынан бата алады.

  4. Еңбектері: Атаның әлдиі; Балаларға; Балама хат; Жеңіс жырын сайраңдар; Ленин; Ленинградтық өренім т.б.

  5. Марапаты: ІІ дәрежелі орден ( 1941 жыл), Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісі» ордені

  6. Ұлы Отан соғысы: «Ленинградтық өренім»

2. Ленинград блокадасы туралы шағын мәлімет (слайд)

1941-1943ж., қаңтар

Ленинград блокадасы 900 күнге созылды

850 мың бейбіт тұрғын қаза тапты

Ленинградты қорғаған қазақстандықтар

310 атқыштар дивизиясы С.Баймағанбетов

314 дивизия Қойбағаров - рота командирі

3. Ленинград блокадасы туралы деректі фильм көрсету

4. «Ленинградтық өренім» өлеңімен жұмыс

  • Оқытушының оқуы (презентация)

  • Оқушылардың оқуы

  • Тапсырмалармен жұмыс

  1. Өлең не туралы?

  2. Кімге арналған?

  3. Ленинградтық тұрғындарға қалай күш жігер береді?

  4. Өлең ішінен ақынның ыза - кекке толы өлең жолдарын тауып оқып, аудару, түсіну

  5. Күш, қайрат, жігер беретін өлең жолдарын тауып оқу, аудару, түсіну

  6. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

5. Өлеңді талдау



  • Өлеңнің авторы: Жамбыл Жабаев

  • Тақырыбы: халықтар достығы; отанды қорғау; отанға деген сүйіспеншілік

  • Жанр түрі: поэзия (өлең)

  • Идеясы: Ленинград қаласы тұрғындарының қаһармандық ерлігін жырлау

  • Тәрбиелік мәні: отанымызды жаудан қорғау; бейбітшілікті сақтау; ерлік көрсеткен ерлерді дәріптеу

  • Шумақ

  • Тармақ

  • Бунақ

  • Буын

І - қатар 1-ші шумақты, ІІ - қатар 2- ші шумақты талдайды

IV. Бекіту

Кестені толтыру

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?






V. Қорытынды

1. Сұрақтарға жауап беру

2. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау

3. Бағалау



© 2010-2022