Автомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектері

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Автомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектері

Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі









Сабақтың тақырыбы : Газ тарату механизмінің бөлшектері

Арнаулы пән оқытушысы : Н.Жайықбаев

Автомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектері
















2015-2016 оқу жылы


Күні:24.11.15ж «Бекітемін»

Тобы:№191 Директордың оқу - өндірістік жұмыстары

Пәні: Автомобиль құрылымы жөніндегі орынбасары:

________ Ж.Сейталиев

Cабақ жоспары №29

Сабақтың тақырыбы: Газ тарату механизмінің бөлшектері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға газ тарату механизмінің бөлшектерімен таныстырып,жұмыс істеу принциптерін оқытып білімдерін жан-жақты жүйелеу.

Дамытушылық:Кәсіптік білімдерін тереңдетіп газ тарату механизмінің бөлшектерінің қызметін түсіндіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке,өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,тапсырмалар,әңгімелесу.

Сабақ көрнекілігі:Компьютер,интерактивті тақта, клапан,клапан стержені, күйенте,
итергіш, таратқыш білік,видео ролик.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушыларды түгендеу

- сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Суретпен жұмыс.

Автомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектері

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
ГТМ ол цилиндрлерге дер кезінде ауа(дизельді моторда) немесе жаңғыш қоспа (бензинді моторда) жеткізу және цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады.Клапандар енгізу және шығару тесіктерін ашып-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және шығару түтіктерімен жалғастырылады.Газ тарату механизмінің екі түрі бар: жоғары және бүйірге орналасқан клапандар.Оқулықтағы автомобиль моторларында газ тарату механизмінің клапаны жоғары орналасқан.

ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Газ тарату механизмінің сұлбасы.
2.Газ тарату механизмінің құрылысы.
3.Газ тарату механизмінің жұмыс істеу принципі.

Клапан (1) стержені ажарланған.Стержень (5) ұшы шынықтырылған, соның нәтижесінде оның күйентесі әсерінен баяу тозады.Клапандар жақсы жабысып орналасуы үшін олардың әрқайсысы ұя (2) қырнағына (фаскасына) 1.5-2 мм ендікте үйкеленіп тұралы.Мұның өзі көпшілік моторларда 45°С бұрыштықта орындалып, мүқият ажарланады.Цилиндрді ауаға жақсы толтыру үшін шығару клапандарының ұясы мен қалпақшасының диамаетріне қарағанда, енгізу клапандарының ұясы мен қалпақшасының диаметрін үлкенірек жасайды.Клапанның жоғарғы бөлігіндегі стерженьді конусты сухариктер (7) орналастыруға арналған қырнақ болады, сол қырнақтың көмегімен клапан серіппе (8) табақшасына (6) берік ұстатылады.Сухариктер (7) жартылай қақ бөлінген конус сақина тәрізді.Кейбір моторларда жоғарғы тірек шайбалар мен сухариктердің аралығында төлке болады, ол сухариктерді қысып ұстап, төменгі сүйір ұшымен табанша (6) түбіне тіреледі.

Күйенте (3)-болаттан жасалған екі иінді рычаг.Оның орта тұсындағы жуандау жерінде тесігі болады, сол тесікке төлке кигізіледі.Күйенте иінінің біреуінде (ұзынында) шынықтырылған соққыш болады,ол клапанды басады, ал екіншісінде-бұрандалы тесік бар,оған реттеуіш винт (4) бұрап кигізіледі.Соның көмегімен клапан мен күйенте соқышының аралығында саңылау жасалады және де мұның өзі клапандардың нығыз жабылуын қамтамасыз етеді.
Қарнақ (штанга) (5) итергіштегі күшті күйентеге беруге арналған.Қарнақ бітеу болат шыбықтан немесе іші куыс болат стерженьнен жасалады.Қарнақтың ұшында ажарланған, қыздырып өңделген ұштық болады.Төменгі ұштықтың формасы шар тәрізді.Ол итергіштің шар тәрізді ойығына тіреледі.Жоғарғы ұштық шар формалы немесе ойығының беті шар тәрізді болуы мүмкін.Оған күйентеге бұрап кіргізілген реттеуіш винттің қалпақшасы тіреледі.

Автомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектеріАвтомобил құрылысы Газ тарату механизмінің бөлшектері



Ү. Жаңа сабақты бекіту:

1.Топтастыру әдісі
2.Сөзжұмбақ шешу

Газ тарату механизмінің бөлшектері


ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Арнаулы пән оқытушысы: Н.Жайықбаев


© 2010-2022