Қазақ тілінен Жақсы мен жаман тақырыбына сабақ жоспары. 6 сынып

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы : Жақсы мен жаман. Көптік жалғау жалғанбайтын сөздер

Сабақтың мақсаты:

1. Адамның жақсы мен жаман қасиеттерін саралай білуге үйрету.

2. Сөздік қорын, талдау қабілеттерін дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырамын, сәлемдесемін.

ІІ. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

Берілген зат есімдерден көптік жалғау жалғанатын сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құрастыру. Жаңбыр, кітап, су, дос, тұз, шаш, ұн, дәптер.

«Менің сенімді досым» Әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ

«Жақсы сөз - жарым ырыс» Мақалды оқып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрап, бүгінгі тақырыпты айту.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқып, аудармашылардың көмектеріне жүгіну.

Мейрімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтап отырып, байыпты шешім қабылдай алу - жақсылықтың нышаны.

Мәтін ішінен көпше зат есімдерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.

Сергіту сәті. А. Асылбекова

Жақсы болу -өзіңнен, Жаман болу- өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсен біреуден, Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсен біреуден, Мен қандаймын деп ойла!

Берілген сөздерді түсініп оқып, аудармасын тауып,екі бағанға бөліп жазыңдар.Мейрімді, адал, өтірікші, тілазар, арлы, қайрымсыз, өзімшіл, қатыгез, ақ көңіл, әдепті.

Жақсы адам

Қазақ тілінен Жақсы мен жаман тақырыбына сабақ жоспары. 6 сынып

Жаман адам


ІV. Бекіту. Мақалды оқыңдар. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіріңдер.

Жақсы адам - елдің ырысы.

Жақсы сөз - жанның тынысы.

V. Қорытынды жасау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.


© 2010-2022