• Преподавателю
  • Другое
  • Разроботка интеллектуалного урока на тему Бәрін білгім келеді по казахскому языку

Разроботка интеллектуалного урока на тему Бәрін білгім келеді по казахскому языку

Бұл сабақ жоспары қазақ тілі пәнінің 7-сыныбына арналған. Бәрін білгім келедіМақсаты: Дарынды оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдері мен зияткерлік қабілеттерін байқау. Тапқырлыққа, білімділікке баулу.Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақСабақтың әдісі: Интеллектуалдық сайыс сабақКөрнекілігі: Интербелсенді тақта. Сабақтың барысы:Кіріспе сөз: - Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 7-сыныптардағы дарынды және үздік оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған...
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп



Бәрін білгім келеді

(Интеллектуалдық ойыны)

Қатысушы сыныптар: 7 «а», 7 «ә», 7 «б»

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі Көбеев О.И.



2014-2015 оқу жылы



Бәрін білгім келеді

Мақсаты: Дарынды оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдері мен зияткерлік қабілеттерін байқау. Тапқырлыққа, білімділікке баулу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың әдісі: Интеллектуалдық сайыс сабақ

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз: - Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 7-сыныптардағы дарынды және үздік оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған білімдері мен зияткерлік қабілеттерін байқау мақсатында «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырып отырмыз. Олай болса ортаға осы ойынымыздың қатысушыларын қол шапалақтап шақырайық. - 7 «а» сыныбының «Дарындылар » тобы. 7 «ә» сыныбының «Зияткерлер» тобы. 7 «б» сыныбының «Білімділер» тобы. (Әр топ өз ұранын айтады)

- Ал құрметті ойынға қатысушы оқушылар баршаңызға бүгінгі интеллектуалдық ойында сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық. Ең алдымен ойын шартымен таныстырып өтейін алдарыңыздағы интербелсенді тақтада бес тақырып оның үшеуі қазақ тіліне, екеуі әдебиетке байланысты. Әр тақырыпта алты сұрақтан көріп отырғаныңыздай жеңілден күрделіге қарай қойылады. Егер топ сұраққа дұрыс жауап берсе сол ұяшықтағы ұпайды алады. Дұрыс емес жауап берсе 0 ұпай.

- Қай тақырыпты және ұяшықты таңдау әр топтың өз қалауында. Сұраққа бірден жауап берсе де болады немесе қосымша уақыт (15 секунд) алса да болады, Егер де қосымша уақыт ішінде жауап беріп үлгермесе ұпай берілмейді. Одан соң әр топтың топ басшылыры өзара сайысқа түседі. Ойынның шарты түсінікті болса, бірінші әліпбиде алғашқы әріп «А» болғаны себепті 7 «а» сыныбының «Дарындылар» тобы бастайды. Интербелсенді тақтадан тақырыптар мен ұяшықтар шығады.

Разроботка интеллектуалного урока на тему Бәрін білгім келеді по казахскому языку

Осылай ойын ретімен жүріп отырады. Сұрақтар реті төмендегідей:

Лексика

1. Антоним сөздерді табыңыз

а)Үлкендік - ағалық б)Үлкендік - ағалық в)Тұнық - лай

2. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

а)Ащы сөз б) Ащы бұрыш в) Ащы шындық

3. Диалект болатын сөздер.

а)Жедел хат б)Шалбар в)Ауқат.

4. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз

а)Айгүл көршілерімен тату.

Көршілер демалуға кетті б)Базардан алма сатып алдық. Кітапты алма

в)Жазғы демалыс жақындады. Демалысқа шықты.

5. Басқа тілден енген сөзді анықтаңыз.

а)Шаңырақ б)Балық. в)Мағлұмат

6. Термин сөзді табыңыз

а) Тырнақша, поэзия. б)Совдеп, намаз в) Цех, шахта

Фонетика

1.Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны а)10 б) 12 в) 14

2.Тіл дыбыстары үн мен салдырдың қатысына қарай қалай бөлінеді?

а) Жуан, жіңішке б) Дауысты, дауыссыз в) Еріндік, езулік

3.Оқушы сөзі қай буынды сөзге жатады?

а) ашық б) тұйық в) бітеу

4.Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз

а) мек-теп-ке

мек-тепке

мек-те-пке

б) кі-тап-та

кі-тапта

кіт-ап-та

в) дәп-тер-ді

дәп-терді

дәптер-ді

5.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз

а) - лар, -лер б) - ған,- ген, В) -мен, -бен, -пен.

6.Кейінді ықпалды табыңыз

а)кітап-кітабы б) тас-тастан в) Тасжарған-ташшарған

Морфология

1.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

а) 7 б)9 в) 5

2.Жалпы есімді табыңыз

а) Тау б) Көкшетау в) Алатау

3.Топтау сан есімді көрсетіңіз?

А үшінші б) төртеу в) бес-бестен

4. Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге жазылатынын табыңыз

а) (Ала) орамал б) (Ала) жаздай в) (Ала) бота. 5. Сабақты етістікті табыңыз.

а) Бердім б) Бардым в) Келдім 6.«Дейін», «таман», «қарай» шылаулары тіркесетін септіктің түрін табыңыз а) Табыс б) Жатыс в) Барыс

Фольклор

1.Ер Төстік қандай шығарма?

а) Поэма б) Жыр в) Ертегі

2. Қамбарата қай түлікке жатады?

а) Жылқы б) Сиыр в) Қой

3. «Фольклор» сөзі қай тілден алынған?

а) орыс б) қазақ в) ағылшын 4.Мәтелді көрсетіңіз а) Ақыл -жастан, асыл-тастан б) Ауырдың астымен, Жеңілдің үстімен в) Еңбек түбі - береке. 5. Ертегілердің қандай түрлері бар? а) шыншыл, махаббат, батырлы б)Хайуанаттар, қиял-ғажайып, шыншыл в) Қиял-ғажайып, сиқыршылық, жауыздық

6. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты-басты неше айырмашылығы бар?

а) 3 б) 2 в) 4

Ақын -жазушылар

1. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің авторы а) Абай б) Жамбыл в) Шәкәрім

2. Төмендегі өлеңдердің қайсысын І. Жансүгіров жазған?

а) Бөбек бөлеу б )Сүйемін в) Шәкірт ойы

3.Махамбеттің туған жері

а) Қостанай облысы б) Шығыс Қазақстан облысы в) Орал облысы

4. Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын

Кесіп өтіп кезеңді

..........................

Кімнің және қай өлеңнен үзінді?

а) Дулат «Аягөз, қайда барасың?!»

б) Махамбет «Тарланым»

в) Жамбыл «Аттандыру»

5. Жетішатыр - жақсы қала… деп басталатын әңгіме

а) «Бандыны қуған Хамит» б) «Көксерек» в) «Әнші»

6. Суреттеп отрған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысқа баулу.

а) Кейіптеу б) Метафора в) Теңеу


Ендігі кезекте топ басшылар сайысы. Олай болса әр топтың топ басшыларын ортаға шақырайық. Топ басшыларына биылғы 7-сыныпта өтетін 10 пәннен бір сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

«Дарындылар» тобының топ басшысына сұрақтар:


  1. Қазақ тілі: Зат есім дегеніміз не? - Заттың атын иесін білдіретін сөз табы

  2. Әдебиет: Қазақтың үш биі. - Төле би. Әйтеке би. Қазбек би.

  3. Алгебра: 9-дың бөлінгіштігін айт? - Сандардың қосындысы 9-ға бөлінсе бөлінеді.

  4. Геометрия: Үшбұрыштың ішкі бұрыштары нешеге тең? - 180 градус

  5. Қазақстан тарихы: ХV ғасыр ортасында Алтын орда қандай хандықтар бллып бөлініп кетті? - Ақ Орда, Ноғай ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань

  6. Дүние тарихы: Ежелгі қытайлықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?- Жер шаруашылығымен, жібек құртымен айналысқан.

  7. Биология: Жануарларды зерттейтін ғылым? - Зоология

  8. География: Жер шары қанша климаттық белдеуге бөлінген және оны кім бөлген? 13 климаттық белдеу. Б.П. Алисов.

  9. Физика: Деформацияның түрлерін ата --- Серпімді, пластикалық.

  10. Информатика: Электронды есептеуіш машина неше буыннан тұрады? 5 буын.

«Зияткерлер» тобының топ басшысына сұрақтар:


  1. Қазақ тілі: Сын есім дегеніміз не? - Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табы.

  2. Әдебиет: Қазақтың ұлы ақыны кім? - Абай.

  3. Алгебра: Дәрежені дәрежеге шығару қалай орындалады? - Дәрежесін дәрежеге көбейтеді.

  4. Геометрия: Биссектриса дегеніміз не? - Бұрышты екіге тең бөлуші.

  5. Қазақстан тарихы: Моғолстан мемлекетінің орталығы қай қала болды? - Алмалық қаласы

  6. Дүние тарихы: Жапонияда ең ірі феодалды қалай атады? - Дайме

  7. Биология: Ең ақылды су асты жәндігі? - Сегізаяқ

  8. География: Жер шарындағы ең құрғақ материк? - Аустралия

  9. Физика: Қысымның өлшем бірлігі қандай? - Паскаль

  10. Информатика: Вирусқа қарсы программа? - Антивирус.

«Білімділер» тобының топ басшысына сұрақтар

  1. Қазақ тілі: Сан есім дегеніміз не? - Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы.

  2. Әдебиет: Қазақтың үш бәйтерегі. - Ілияс. Сәкен. Бейімбет.

  3. Алгебра: Өзара кері сандарды ата - Көбейтіндісі 1-ге тең сандар.

  4. Геометрия: Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не? - Бүйір қабырғалары бірдей үшбұрыш

  5. Қазақстан тарихы: Әбілқайыр хан қанша жыл хандық етті? - 40 жыл

  6. Дүние тарихы: Қытайда қағаз ақша қашан шықты? - ХІ ғасырда

  7. Биология: Балықтың неше жүзбе қанаты бар? - Бес.

  8. География: Дүниежүзіндегі ең ылғалды материк? - Оңтүстік Америка.

  9. Физика: Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? - Спидометр.

  10. Информатика: Компьютердің негізгі құрылғыларын ата - Монитор, пернетақта, жүйелі блок.

Қорытынды: Ең көп ұпай жинаған топ жеңеді. Марапатталады.

Назарларыңызға рахмет!

© 2010-2022