«Қазіргі шешендіктің түрлері», 9 сынып

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазіргі шешендіктің түрлері»,9 сынып Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы,

№15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қобланова Айтгүл Назарбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі шешендіктің түрлері»
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қазіргі шешендіктің түрлерімен таныстыру арқылы олардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелілігі: Сөз нормасын сақтауға,мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ («Алтын қақпа» ойынының бағытымен өткізіледі)
Сабақтың көрнекілігі: Жаңа технологияның элементтері арқылы жасақталған танымдық қабілеттерін арттыру бағытындағы жатттығулар. Оқулықтар,жаңа сабаққа байланысты материалдар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі
II Үй тапсырмасы (Үй тапсырмасын бекіту)
III Жаңа сабақ
IY Қорытынды
Y Бекіту
«Тас қақпа» ашу үшін үй тапсырмасын орындаймыз
Үй тапсырмасы
1. Шешендік өнер туралы түсінік
2.Ұлттық шешендік өнер
3. Шешендік сөздерден мысалдар айту

Жаңа тақырып
Қазіргі шешендіктің түрлері
Білім -ғылым мазмұнды шешендік:дәріс, ғылыми баяндама,ғылыми мақала т.б
Әлеуметтік -саяси шешендік:саяси шолу,әскери-патриоттық сөздер,конференция баяндамалары т.б
Әлеуметтік тұрмыстық мазмұнды шешендік:бата,тілек,аза сөздер,мақала,баяндама,очерк т.б
Діни мазмұнды шешендік:діни уағыз,иман,құран сүрелері
Сот ісі шешендігі: айыптаушының сөзі,қорғаушының сөзі,қорғанушы мен айыпкердің сөзі
Ақпаратпен толықтыр «Күміс қақпа» ашу үшін тапсырма орындаймыз
1._____ сипаттағы шешендік мынадай түрлерге бөлінеді:1)Дәріс, 2)ғылыми баяндама,3)ғылыми хабарлама,4)ғылыми шолу,5)ғылыми-көпшілік
2. Әскери -патриоттық тақырыптағы шешендік ___ ___ сарбаздардың рухын сергіту үшін қолданылған
3. Әлеуметтік -тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздерге көрнекті қоғам қайраткерлерінің,____,____ , ғалымдардың, басқада айтулы тұлғалардың мерейтойларында айтылатын сөздер жатады
4.___ ___ шешендікке діни уағыздар,діни мейрамдарда _____ ____ айтылатын тілек сөздер,құран сүрелері жатады.
5.Сотта қолданылатын шешендік сөздерге ____мен ___ ,____ мен ____ сөзеді жатады.
27-жаттығу
Жалаңтөс баһадүр - Тұран өркениетінің ұлы перзенті
«Алтын қақпа» ашу үшін тест тапсырмасын орындаймыз
Тест сұрақтары
1.Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?
А) 4. Ә) 6. Б) 5.
2."Шешеннің ең ұлы қасиеті - қажет нәрсені ғана айту ғана емес,сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау" деген кімнің сөзі
А) Цицерон Ә) Бэкон Б) Платон
3. Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі қай ғасыр аралығында болған?
А) X X ; Ә) XI- XII ;Б)XY- XI;
4. Хан жағынан елдік мәселелерді кеңесіп, ақылдасып отыратын билер кеңесі құрылған.Оны қалай деп атаған?
А) "Жеті санат" Ә) "Жеті жарғы"
Б) "Ханабад
5.1783 - 1797 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің ту ұсаушысы кім болды?
А) Досбол Қорлыбай Ә) Балаби Есенәлі Б) Сырым Датұлы
6.Білімдік -ғылымдық сипаттағы шешендік неше топқа бөлінеді?
А) 5; Ә)4; Б) 3;
7.өнер адамдарының т.б сөздері шешендіктің қай түріне жатады?
А) Діни мазмұнды Ә) Әлеуметтік -тұрмыстық мазмұнды Б) Сотта қолданылатын
8. Дәріс,ғылыми баяндама, ғылыми шолу, мақала шешендіктің қай түріне жатады?
А) Білім-ғылым мазмұнды
Ә) Әлеуметтік -саяси мазмұнды
Б) Сот ісі шешендігі
Бекіту: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Ақпаратпен бөлісу:


© 2010-2022