Сабақ жоспары Сын есім 6-сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

13.11.2015ж.

Қазақ тілі

6-а,ә сынып

Сабақ тақырыбы

Cын есім

Жалпы мақсат

Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлем ішінен сын есімдерді табу, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сын есімнің сындық қасиеттерін ашуға үйрету.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы, әдістемелік құрал

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Сын есім туралы түсініктері қалыптасады. Сөйлем ішінен сын есімдерді табады, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды. Сын есімнің сындық қасиеттерін ашуға үйренеді.

Негізгі идеялар

Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді с ы н е с і м дейміз. Сын есімдер қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Сабақта қолданылатын материалдар

А-3 парағы,флипчарт, стикерлер, оқулық


Оқыту әдістері

Талдау, дәлелдеу, сөзжұмбақ, семантикалық карта, шығармашылық тапсырмалар, "екі жақты күнделік", деңгейлік тапсырмалар.

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Орындалатын тапсырмалар:

Уақыт

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І.Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

3 минут

ІІ.Тұсаукесер



ІІІ. Негізгі бөлім

















Қорытынды

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) Санамақ арқылы топқа бөлу

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам? - Туыс, дос, жұрағат
Әрбір сабақ? - Үйрету, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің?- Шындық, бірлік, адалдық.

Ой қозғау «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы өтілгенді еске түсіру

- - Тіл адамға не үшін қажет?

- - Тіл қандай қызмет атқарады?

- Қазақ тілінің құдіреттілігі неде деп ойлайсыңдар?

- Мәтін дегеніміз не?

2. Мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтары қандай?

3. Мәтіндегі негізгі ойды қалай ажыратамыз?

Сөз таптарының реті қандай, ол нендей заңдылықтарға сүйенеді?

5. Зат есім дегеніміз не?

6. Зат есімнің қандай түрлері бар?

- «Сөз таптары» патшасының 9 баласы бар екенін білеміз. Тұңғыш баласының аты - "Зат есім" еді, ал екінші баласының есімін білу үшін алдымен сөзжұмбақты шешіп алайық.

к

ү

м

і

с


а

л

т

ы

н


ө

н

е

р

л

і


к

е

ң


ж

е

м

і

с

т

і

ж

е

т

е

л

і


ж

а

м

а

н

1. Көп сөз....
2. Аз сөз...
3. ... өрге жүрер.
4. ... киім тозбайды.
5. ... ағаш жерге иіліп тәжім етеді.
6. ... жігіт елге иіліп тәжім етеді.
7. ... жолдас жолда қалдырар.

Сын есімнің белгілері

Мысалы:

1

Заттың түрін, түсін білдіреді:

Еділден ұшқан екі ақ қаз,

Жайықтан ұшқан жалғыз қаз,

Бірі - шаңқан, бірі - боз (С.Сейфуллин).

2

Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді:

Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас, разы емен, осындай бір ат мінбесем мен (Абай).

3

Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді:

Кеңгірбайдай теріс азу, мықты биі шыққан ел (М.Әуезов).

4

Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді:

Желдің жұмсақ лебі шипа тәрізді тиеді (С.Сейфуллин).

5

Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді:

Бүгіндегі жастарға оқу міндет (С.Торайғыров).

6

Қорытынды:

Сын есім дегеніміз - заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

Түрлері

Мысалдар

Мағынасына қарай: Сапалық

Қатыстық

Тұлғасына қарай: Негізгі

Туынды

Құрамына қарай: Дара

Күрделі

Сұрақтары: қандай? қай?

ақ, қара, әдемі

тұзды, майлы, өңді

жақсы, сұлу, үлкен

таулы, шуақты, қысқы,

мол, нәзік, тар

ұзын бойлы, қызыл ала



1-тапсырма(ортақ ауызша)

Төмендегі заттарға қатысты сын есімдерді жаз. Олар қандай сындық мағынаны білдіріп тұр?

Алма - тәтті, дәмді, үлкен, қызыл, қышқыл, т.б.

Қарға - қара, ала, ірі, т.б

Тау - биік, аласа, қарлы, шатқалды, т.б

2-тапсырма (жеке жұмыс) «Сөз - бәйге» Өзіңе ең жақын адамның сыртқы түрін сипаттап жаз. Мәтіндегі сын есімдер адамның қандай белгілерін анықтап тұрғанын түсіндір. «Ең үздік суреткер» анықтау.

3-тапсырма Ойлан, тап!

І және ІІ топ Елімізге қатысты 10-10-нан сөз (сын есім) ойлап айтады.

Мысалы, Біз тәуелсіз, егеменді, бай, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... елміз.

ІІІ топ Әдемі, айлакер, күшті, кәрі сөздерінің синонимдерін тауып, сөйлем құрайды.

ІV топ Биік, ұзын, суық, жақсы сөздерінің антонимдерін тауып, сөйлем құрайды.

4-тапсырма Семантикалық карта Дұрыс жауапқа «+» белгісін қоямыз.

Мысалдар

Сын

есім

Қандай? қай?

Ақ, қызыл, көк

Таза, жақсы

Үлкен, зор

Ащы, тұщы

Кіші, тар, қысқа

Сын есім


Заттың түрін, түсін білдіреді


Негізгі сын есім


Дәмін

білдіреді


Көлемін, аумағын білдіреді


«Екі жақты күнделік» әдісі.

Топтарға үш түрлі-түсті қағазға жазылған өлең үзінділері беріледі. Өлеңді оқып, кімнің өлеңі, қандай өлеңнен алынған және соған сәйкес мақал - мәтелдер жазады, сын есімдерді табады.

Үзінді

Өлең авторы мен атауы

Мақал-мәтел

І

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне!

Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне»

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

ІІ

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Д.Әбілев «Туған тілім»

Ең тәтті де, ащы да - тіл.

ІІІ

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ө.Тұрманжанов «Туған өлкем»

Туған жер - алтын бесік.

Бағалау

4 минут

  • бір-бірінің дәптерін тексере отырып, бағалау.

  • тапсырмаларды жүйелі орындауы.

Кері байланыс

Стикерге сабақтан алған әсерлерін, өз көзқарастарын, пікірлерін жазады.

Үй жұмысы

2 минут

І деңгей. 86-жаттығу. Өлең құрамындағы сын есімдерді тап.

ІІ деңгей. Сын есімдерді қатыстыра отырып, сыныптасыңа, досыңа мінездеме жаз.

ІІІ деңгей. "Күрең күз" тақырыбына эссе жаз.




Бағалау бетшесі Күні_______________ Аты - жөні________________________

Критерий

Ұпай (1-3)

дескриптор

Сын есім

3 - сын есімнің анықтамасын біледі, мысал келтіреді, сөйлем ішінен таба алады, сұрақ қоя алады, мағыналық топтарын ажырата алады, сындық қасиетін ажыратады.

2 - сын есімнің анықтамасын біледі, сөйлемнен таба алады.

1 - сын есімнің анықтамасын біледі.

Сын есімге мысал келтіру

3 - мысал келтіре алады, сұрақ қояды, құрамына талдайды, мағынасын түсінеді.

2 - мысал келтіре алады, сұрақ қояды.

1 - мысал келтіреді.

Өткен тақырыптармен байланыстыру

3 - өткен тақырып бойынша білім бар, сұрақтарға толық, мазмұнды жауап береді, мысалдармен дәлелдей алады.

2 - өткен тақырып бойынша түсінігі бар, сұрақтарға жауап береді.

1 - өткен тақырып бойынша сұрақтарға толық емес жауап береді.

8-9 ұпай - 5; 6-7 ұпай - 4; 3-5 ұпай - 3


© 2010-2022