Жабайы аңдар

Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беруСабақтың міндеттері: 1. Балаларды аңдармен таныстыру, олардың мекені туралы әңгімелеу. 2. балалардың ой-өрісін дамыту,әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу. 3. Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәр-биелеу.
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖАБАЙЫ АҢДАР - ANIMALS

  • 0

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

  • Жариялады: admin

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 38


Тобы: «Еркетай» ортаңғы тобы
Білім саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Ағылшын тілі

Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар - Animals

Сабақтың мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру
Сабақтың міндеттері:
1. Балаларды аңдармен таныстыру,олардың мекені туралы әңгімелеу.
2. Балалардың ой-өрісін дамыту. Әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу.
3. Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа,бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көркем суреттер, орман, жабайы аңдардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру - Greetings
а) Балалардың сабаққа дайындығын тексеру. ә) Психологиялық сәлемдесу:
Good morning, my children!!!
How are you, today?
Hands up, hands down,
Touch your head, turn around.
Hands up, hands down,
Touch your toes, thumbs down.

ІІ Өткен сабақты пысықтау. Балалардан үйге берілген «Түстер-Colours» тақырыбына сипаттама бергіземін.
ІІІ Жаңа сабақ - Presentation of the new theme.
-Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін, мен сіздерге сұрақ қоямын, сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың кім екенін білесіңдер.
- Жұма сайын біз, яғни аналарымыз, апаларымыз не пісіріп таратады?
- Дұрыс балалар, бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен, ата-әжесінен адасып қалған соң, бізден көмек сұрай келіпті. Кәне көмектесеміз бе ?
- Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық.
(сол кезде алдынан қоян шығады)

Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені
Қоян: - Сен онда менің тапсырмамды орында
Бауырсақ:- Жарайды.
Қоян:- Сендер маған мен туралы өлең айтсаңдар мен сендеді босатамын.
-Кәне бауырсаққа көмектесеміз бе?
Кім қоян туралы ағылшын тілінде өлең біледі?
Балалар: My rabbit hops,
I like you!
-Ағылшын тілінде қоянды қалай атаймыз екен?
Балалар: - Rabbit
-Дұрыс айтасыңдар!
Қоян: - Рахмет сендерге, бара қойыңдар.
(бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады)

Қасқыр: - Бауырсақ, Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - Жемеші мен, қасқыр
Қасқыр: - Онда менің сендерге қояр сұрағым бар.Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Бауырсақ:- Жарайды.
Қасқыр:-Сендер қасқыр жайлы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: - Иә, білеміз.
I see a wolf,
Wolf like meat.

-Балалар, қане айтыңдаршы, ағылшынша қасқыр қалай болады?
Балалар: - Wolf
Қасқыр: -Жарайды бара қойыңдар.
(бауырсақтың алдынан аю шығады)

Аю:- Бауырсақ, Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - Жемеші мені аю.
Аю : - Онда менің сендер маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріңдер. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Қоян:- Жарайды.

Барлығы:
I like my bunny
Bears like honey
I can feed a hare
I can draw a bear.

-Ал, енді аюды ағылшын тілінде атайықшы.
Балалар: -Bear

Түлкі :- Ах, бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - Жемеші мені.
Түлкі: - Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін тапсаңдар мен сендерді босатамын.
Тауықтар қашып жасқанған,
Қулығы артық басқа аңнан. (түлкі)
Балалар: -Түлкі - Fox
Түлкі:- Мен туралы жұмбақ білетіндерің мені қатты қуантты. Рахмет, бара қойыңдар. Бауырсақ: - Рахмет.
(бауырсақ келе жатып атасы мен әжесін де тапты)
Атасы мен әжесі бауырсақтан қалай келгенін сұрады.
- Қане балалар бауырсақ қалай келді? Оның алдарынан нелер кездесті?
Балалар : - Қоян, қасқыр, түлкі, аю Қане оларды ағылшын тілінде атап берейікші.
Rabbit, Wolf, Bear, Fox.
(Сипаттама бергеннен кейін оларға бұлар жабайы аңдар екенін, олардың орманда мекендейтінін айтып беремін.)
- Ал балалар, енді бауырсақтың көңіл- күйін кім көрсетеді?
Жылаған қорыққан қуанған.
Сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойылады.
1. Қандай аңдарды білесіңдер?
2. Қоян қандай аң?
3. Аңдар қайда мекендейді?
4. Түлкі қандай аң?
5. Қоянның түсі қыста қандай болады?
6. Қыс бойы аю қайда болады?
7. Қасқырды аңшылар тағы не деп атайды?
Мадақтау!
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз. Жабайы аңдар



© 2010-2022