• Преподавателю
  • Другое
  • Конспект открытого урока по казахскому языку в русских школах на тему: «Түркістан қаласы туристер назарында»

Конспект открытого урока по казахскому языку в русских школах на тему: «Түркістан қаласы туристер назарында»

"Описание материала: Я предлагаю открытый урок по казахскому языку в русской школе на тему: «Түркістан қаласы туристер назарында», который был проведен в 8 русском классе. Этот урок основан на технологии критического мышления. На уроке были использованы компьютеры, интерактивная доска, материалы из интернета а также слайды, сделанные учащимися класса. Урок был оценен на «отлично» Тип урока: систематизация полученных знаний Вид урока: урок познавательного путешествия Методы урока: вопрос - ответ, групповая работа, индивидуальная работа и др.
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мадиева Бақытгүл Советханқызы

ШҚО, Тарбағатай ауданы,

Тұғыл ауылы,

Ш. Уәлиханов орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі

Қазақ тілі. 8 - орыс сыныбы

С/тақырыбы: Түркістан қаласы туристер назарында.

С/мақсаты: 1 Түркістан қаласы туралы әңгімелеп беру және ойша саяхат жасау. Мәтін бойынша жаңа сөздерді меңгерту.Біріккен сөздердің емлесін қайталау.

2 Оқушылардың жатық сөйлеу тілдерін танымдық қабілеттерін қалыптастыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды Қазақстанның көне тарихи-мәдени ескерткіштерін танып білуге , оларды қастерлеуге тәрбиелеу.

С/типі: алған білімді жүйелеу

С/түрі: танымдық саяхат сабағы

С/әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру,болжау,топпен,жекелей жұмыс.

С/ жаңа технологиясы: сын тұрғысынан ойлау технологиясы

С/көрнекілігі: слайд-презентация.

Пәнаралық байланыс: тарих,география.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу.Түгендеу.

2.Оқушының назарын сабаққа аудару.

-Біз бүгін сабағымызды сын тұрғысынан ойластырып отырмыз,ол дегеніміз біз бүгін өзіміздің білімімізді,танымдық қабілеттерімізді,тіліміздің ұшқырлығын,өзіміздің қабілеттерімізді сын тұрғысынан бағалап көреміз.Әрине,бұл біздің осындай тұрғыдағы алғашқы бастама сабығымыз.

Жұмыстың түрі: топпен жұмыс.

Топ мүшелерінің таныстыруы.

1-топ: Ізденушілер

Ұраны: Іздеген жетер мұратқа

2-топ: Тарихшылар тобы

Ұраны: "Біле бер қанша білсең,тағы тіле,жетерсің мақсатыңа біле-біле." Ж.Баласағұн.

-Жарайсыңдар ,іздей жүре білесіңдер,біле жүре білімді боласыңдар.

Сабақтың ұраны:

"Егеменді елдің әрбір азаматы Қазақстанның арғы-бергісін ой елегінен өткізіп" Кеше кім едік? Бүгін кімбіз?Ертең кім боламыз?"деген сұрақтар төңірегінде ойланулары керек.Бұл -әрбір азамат туған елінің,туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз.Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы ата-бабалары қалдырған осынау кең байтақ жердің лайықты мұрагері бола білуге ұмтылсын деген сөз."

1-слайд.

Жұмыстың жүйесі "Лото" ойыны бойынша өтеді.

1-кезең

Мәдени мұра-халық игілігі

2-кезең

Сызбалар сөйлейді

3-кезең

Ассоциация құру

4-кезең

"Орамал тастау" ойыны

5-кезең

Дұрыс па? Бұрыс па?

6-кезең

Қысқаша тестілеу

7-кезең

Болжау

8-кезең

Ой қорыту. Ландшафт

2-слайд: Сабақтың тақырыбы,мақсаты

3-слайд: Бағалау парағын көрсету.

1-кезең."Мәдени мұра-халық игілігі".

Үй жұмысын тексеру.

1-топ: 1.Түркістан -қазақ халықының қасиетті жері.

2.Ол бұрын Иасы шаһары деп аталған.

3.Мұнда Х ғасырда Қожа Ахмет Иасауи дүние келген.

2-топ: 1.Қожа Ахмет Иасауи-әлемге белгілі философ,ақын,мұсылман дінін таратушы болды.

2.Түркістан -бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы болды.

2-тапсырма 120б. "Сен білесің бе" байқауының сұрақтарына жауап беріп көріңдер. Қазақстанның қалалары туралы көп білетін "білімдарды"анықтаңдар.

5-слайд.

1-сұрақ -Қандай белгілі көне қалаларды атай аласыңдар.

Жауабы: Оңтүстік Қазақстанның ең ірі қаласы Исфинджаб деп саналады,ол кейде Сайрам деп аталған.Арыс өзенінің төменгі ағысында Отырар қаласы ғ. жазба деректерде кездеседі .Ол кейде Фараб деп аталады.Тараз қаласы .Ол Жібек жолы бойындағы ең үлкен қала саналады. Мерке,Құлан,Талхиз(Талғар( сияқты қалалар да Жібек жолы бойында орналасқан.

Барлығы қанша қалалар болған?

VI-X ғ.Оңтүстік Қазақстан барлық қалалар саны 33, Жетісуда 27 болған.

2-сұрақ.-2002ж қай шаһардың 2000 жылдығы тойланды?

Жауабы: ЮНЕСКО тарапынан 2002ж. Түркестан қаласының 2000ж. тойланды.

6-слайд.

Осы ұйымның тарапынан 2003ж.бұл кесене Дүниежүзіліқ мәдени мұра тізіміне еңгізілді.

3-сұрақ. Қазақстанның қай көне қаласында алғашқы теңгелер жасалған.

Жауабы: Алғашқы теңгелер Тараз бен Отырарда жасалған.

7-слайд.

4-сұрақ Қожа Ахмет Иасауи кесенесі қай ғасырда салынған?

Жауабы: Қожа Ахмет Иасауи кесенесі XIV ғ. салынды.

8-слайд.

5-сұрақ Түркістан қаласы ежелде қалай деп аталған?

Жауабы: Иасы шаһары деп аталған.

6-сұрақ Алматы қаласы көне қалаға жата ма?

Жауабы: Әрине жатады, қазіргі Алматы қаласының орнында Верный бекінісі 1854ж. салынды.

9-слайд.

7-сұрақ Астана қай жылы еліміздің бас қаласы болды?

Жауабы: 1998ж.

10-слайд.

-Байқаудың білгірі кім?

Жаңа сабақ.

-Бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбын қайталап алайық.Ол үшін келесі слайдқа зер салыңдар.

11-слайд.

"Сызбалар сөйлейді"

Конспект открытого урока по казахскому языку в русских школах на тему: «Түркістан қаласы туристер назарында»

3-кезең. 14-слайд Ассоциация құру.

-Түркістан деген сөзді естігенде,қандай сөздер ой елегіне оралады,нені елестетесіңдер және не білесіңдер.

(Әр топ өзінің жұмысын қорғайды)

15-слайд.Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді оқыту.

2.Сөздік жұмысы. "Орамал тастау"ойын.

А) Берілген сөз тіркестердің мағыналарын мәндес сөздермен түсіндіріңдер.

1-топ көне қала-

әйгілі болды-

туристер назарында-

туризмді экономиканың бір саласы деуге болады-

озық үлгісі-

2-топ Ақын сөзіне таңғалды-

Ғажайып ғимарат-

Қола қазан орнатылған-

өздігінен бір қышы сынбаған, бір шегесі босамаған, сыры кетпеген-

келгендер алдымен Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне барады-

17-слайд.Мәтіннен күрделі сөздер табу.

1-топ Біріккен сөздер. 2-топ Қос сөздер.

18-слайд.Жоспар бойынша әңгімелеу.

1-топ 1.Оңтүстік аймақтағы көне қала.

2.Қожа Ахмет кесенесі.

2-топ 1.Түркістан-туристік қала.

2.Хандар дәстүр.

19,20,21-слайд.

"Дұрыс па. Бұрыс па."

-Мұнда сендер өз жауаптарыңды айтарда мына сөздер мен сөз тңркестерінен бастасаңдар.

"Меніңше,…..

-Иә, мен келісемін,себебі….

-Жоқ, мен келіспеймін,себебі…..

-Мәтін бойынша….

…………………деп ойлаймын.

1-топ Түркістан-тарихи және туристік қала.

Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне барады.

Кесененің ені-46,5м.,ұзындығы-65м.

16ғ. кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары жерлене бастады.

Бұл ғимараттың қазіргі уақытта тозығы жетіп, қышы сынып,шегелері босап,сыры кетіп тұр.

2-топ 1.Иасауи әлемге белгілі саяхатшы , географ,өлкетанушы болған.

2.Түркістан шаһары XVII-VIIIғ. Қазақ хандығының астанасы болды.

3.Кесененің үш қабырғасының үстінгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған.

4.Қожа Ахмет Иасауидың ұстазы Әл-Фараби.

5.Қожа Ахмет Иасауидың шәкірттерінің ең көрнектісі Сүлеймен Бақырғани.

22,23-слайд "Қысқашы тестілеу"


  • I топ:

1. Абай мен Шәкәрімге арналған мемориал қай облыста орналасқан?

А) Алматы облысы В) Батыс-Қазақстан облысы

С) Оңтүстік Қазақстан облысы Д) Шығыс Қазақстан облысы

2. Біріккен сөзді табыңдар:

А) Талдықорған В) Ашық ауыз адам

С) Қоныр ала Д) Бес дәптер

3. Түркі тайпаларының ежелгі мәдениет ескерткіштерінің бірі - …

А) "Алтын адам" В) Орхон жазба ескерткіштері

С) "Диуани Хикмет" Д) "Құтадғу білік"

4. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ғибадатханасы неше бөлмеден тұрады?

А) 30 В) 32 С) 34 Д) 36

5. Еш, бір, әр, кей, әлде сөздері есімдіктермен қалай жазылады?

А) бөлек жазылады В) тіркесіп жазылады

С) бірге жазылады Д) қысқартылып жазылады

  • II топ:

1. Шоқан Уәлихановқа арналған мемориал қай жерде орналасқан?

А) Жидебайда В) Бурабайда

С) Марқакөлде Д) Жетісуда

2. Біріккен сөзді тап:

А) Екібастұз, Айсері В) жас түлек

С) қас пен көздің арасында Д) әп-әдемі қыз

3. Қожа Ахмет Иасауи қай ғасырда дүниеге келген?

А) XII B) XIII

C) V Д) IX

4. Салмағы 2 тонна үлкен қола қазанды Әбіләзиз шебер қай жерде жасаған?

А) Сайрамда В) Фарабта

С) Қарнақта Д) Меркеде

5. Екі, кейде одан да көп сөздерден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөздерді қандай күрделі сөздер дейді?

А) Қысқартылған В) Қос сөздер

С) Тіркескен Д) Біріккен

24-25 слайд

Конспект открытого урока по казахскому языку в русских школах на тему: «Түркістан қаласы туристер назарында»

26-слайд. 7-кезең

"Болжау" стратегиясы

Конспект открытого урока по казахскому языку в русских школах на тему: «Түркістан қаласы туристер назарында»

8 - кезең
Ландшафт

  1. Егер де мен туризм және спорт министрі болсам…

  2. "Біздің өлкеміздегі туризмді дамыту үшін мен …

  3. Бүгінгі сабақ мен үшін - …

  4. Мен қазақ халқының рухани байлығын қалыптастыру үшін не істедім, болашақта не істеймін?

"Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы - Түркістан"
Н. Назарбаев

Өзін-өзі бағалау

- Кім өзінің осы сабаққа қосқан үлесіне разы?

- Кім өзінің бәсекеге қабілетті екендігіне көз жеткізді?

- Кімнің дайындығы 100% көрсеткішті көрсетті?

Спикердің бағалауы

Үйге тапсырма:

123 б. жазбаша жұмыс.

I "Жаркенттің тарихы"

II Жаркенттегі тарихи - мәдени орындар.


© 2010-2022