Тәрбие сағаты: 1001 мақал 101жұмбақ

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Борков орта мектебі







Тәрбие сағаты: 1001 мақал 101жұмбақ


Тәрбие сағаты: 1001 мақал 101жұмбақ


Өткізген: Баймағанбет Б.Қ.




Тақырыбы: «1001 мақал - 101 жұмбақ».

Жүргізуші: «Тіл - халықтың ең ұлы байлығы» деген еді заманымыздың көрнекті жазушысы. Халқымыз «Сөздің көркі - мақал» дейді. Тарихи - әлеуметтік өмір тәжірибелерін алып терең де зерделі тұжырым жасап, алтындай қорытып, алмастай шыңдап, айтатын мақал - мәтелдерді халық өлшеусіз көп шығарған. Әрбір тілде сақталып келген сөздің інжу - маржаны да атам заманнан бері жасалып келе жатқан көне мәдениеттің көзі.

Білімді біліміздің мыңын жеңер,

Білім ізін, теңін теңер.

Көр байқап, оқы, сына, білім пайда,

Білмесең басқа не бар, сенің нең ер?

«Бір - бірлеп мың болады, тама - тама көл болады» демекші, ойлау мен сөзді саптау нақыштарымыз өзара ұқсас болатын. «Мың бір мақал» ойынымызды бастаймыз.

Сіздерге ойынға қатысушы ойыншыларымызды таныстырып өтейік.

(Ретімен қатысушылар таныстырылады).

Құрметті оқушылар, бұл сайыста «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып озып келулеріңізге тілектеспін.

Ендігі кезекте сарапшылармен таныстырайын.

(кезекте сарапшылар таныстырылады).

Ойынның өтілу барысы:

Қасиетті билер мен шешендердің дәстүрін жалғастырушылар, сіздерге арнап «Анашым» әні орындалады.

А) Осы әндегі «Ана» деген сөзге мақал айтамыз.

Қыз ақылды ескермес,

Ана үлгісін көрмесе.

Анаға қыз өсер.

Аяғына қарап асын іш,

Анасына қарап қызын ал.

Ә) Қыз анадан үйренбей өнеге алмас дегендей ортаға өнегелі, өнерлі сіңлілерімді шақырамын.

(өздерінің қолөнерлерін көрсетеді). Осы өнер туралы мақал айтамыз.

Он саусақтан өнер тамған.

Көрсетпеген өнер зая кетеді.

Өнерлінің қақпасы көп.

Өнерсіздің өкініші жоқ.

Ай істе өнер қолдан

Өнерлі адам жеңір болған.

Б) Не келсе де тілден келер бір басқа,

Содан жақсы, жаман атақ бір басқа.

Тыңдашы адам ерте тұрып күн сайын,

Осы тілге табылмайды құр босқа.

«Тіл» туралы мақал айту керек.

  1. Тіл өзара сырласады, өсек - аяң сыбырласады.

  2. Ақыл мен білімнің тілмашы - тіл.

  3. Тіл жарасы бітпейді, оқ жарасы бітеді.

  4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

В) Сөз есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста

Тыймаған тіл басыңа зор әр ұста.

Есепті сөз ер сөзінің асылы,

Мылжың сөзді жау деп ұғын тартыста.

Сөз

Сөз сөйлеймін байқап сөйле.

Сөзің айтып тауыспаған еркек емес.

Қамшы жарасы тез бітер, сөз жарасы бітіспес.

Міне, бірінші айналым аяқталды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша балы төмен екі оқушы ойыннан шығады.

Екінші айналым.

Тыңдай жүріп толар ақыл дорбасы,

Көп сөйлесе ұшар ердің қор басы.

Тыңдай білсе қанар құлақ құрышы,

Көп сөйлесе қашар адам ырысы.

Сөз ойыншыларымызда.

  1. Ұлық болам десең? ... (кішік бол)

  2. Дос табу оңай, ... (сақтау қиын)

  3. Нағыз ер болсаң, ... - (сол атаққа ие бол)

  4. Еңбек етсең ерінбей, ... (тояды қарның тіленбей)

  5. Ақыл ... (Алланың сыйлығы)

  6. Тіл тас жарар, ...(тас жармаса, бас жарар)

Тағы да сарапшылардың бағалауы бойынша төмен балл алған екі ойыншымыз ойыннан шығады.

Ендігі кезекте мен жаныма үш ойыншыны шақырамын.

  1. Сіздер мына нысананы көріп отырсыздар. Осыған ақ атасыздар да, оқтарыныз тиген жердегі суретке байланысты мақал айтасыздар.

  2. Әріптер жазылған қағазға атасыздар, сол тиген әріпке мақал айтасыздар (ойлануға 5 сек. уақыт беріледі).

Келесі айналым .

Бейнелі сөз:

  1. Тозған тесік жыртығынан жұлдыз санарлықтай.

  2. Жығылып жатып, сүрінгенге күлме.

  3. Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз озыпты.

  4. Білімді адам жанып тұрған шырақ.

Күйді тыңдаңыздар.

Сарапшылар қорытындысы шығарылады.

Біліммен ғалым өсіп көкке жетер,

Адамды наданшылық төмен етер.

Ерінбе, білім ізде, Расул пақ,

«Қадірле білгендерді» деп көрсетер.

Құрметті қауым! Міне, «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынын ойнап жеңімпаздарымызды анықтадық. Ойынға ат салысқандарыңызға сіздерге рахметімді айтамын.

Осы ойын сіздердің білімдеріңізді молайтып, тілдеріңізді ұстарта түсуіне тілектеспін.




© 2010-2022