Коррекциялық-дамыту іс-әрекеті. «Коммуникативті даму дағдылары»

Балалардың коммуникативті дағдыларын дамыту, өз ойларын айта білуге жағдай жасау, өздерін дұрыс ұстай білуге үйрету. Позитивтік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№11 «Ертөстік» ясли-бақшасының психологы:

Кожанова Гульмира Турдыакыновна.

Біліктілік санаты -жоғары.

Коррекциялық-дамыту іс-әрекеті

«Коммуникативті даму дағдылары»

Ересек тобы.

Мақсаты: Позитивтік қарым- қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттер: Балалардың коммуникативті дағдыларын дамыту, өз ойларын айта білуге жағдай жасау, өздерін дұрыс ұстай білуге үйрету.

Қолданылатын құрал- жабдықтар: жіп шумағы немесе доп, А4 жазылған үлкен әріптер, ватман, түрлі- түсті қарындаштар немесе фломастерлер .

Іс-әрекет барысы:

(Іс әрекет топ бөлмесінде өткізіледі,балалардың жұмыс орындары алдын ала дайындалған,).

Психолог: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз тату-тәтті ұжым болып жиналған себебіміз, дұрыс бағытта дамып, өмір сүре алмайтын ең негізі сөз жайлы әңгімелесеміз. Бұл сөз- «Қатынас». Мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалар жауап береді.

Психолог: Менің қолымда жіп шумағы. Қазір біз оны шеңбер бойымен бір-бірімізге береміз, жіп шумағын қолына алған бала өз атын айтып, не істегенді ұнататынын айтады. Мен бастаймын, менің сол жағымда кім отыр сол жалғастырады. Сонымен, мен - Гульмирамын. Мен бақта өз күшігіммен қыдырғанды ұнатамын т.с.с. ары қарай балалар өз ойларын айтады.

«Серіктес таңда»

Қатысушылар шеңбер бойына тұрады.

Психолог: Қазір біз жұпқа бөлінеміз. Басқалар байқамайтындай етіп әрқайсыларын өздеріне серіктес таңдайсыңдар. Мысалы: мен өзіме серіктестікке қылып Айжанды таңдаймын, мен оған қарап ешкімге білдіртпей көзімді қысамын. Көзбен таңдаған серіктесіңізбен келісіп көріңіз. Бәріміз келістік пе? Кім- кіммен келіскенін қазір біз анықтап көрейік. 1,2,3 дегенде әркім өз серіктесінің жанына келіп қолынан ұстау керек. Ары қарай жұптар орындыққа барып отырады.

«Сөздің мағынасын айт» жаттығу

Психолог: ҚАТЫНАС сөзін әр әріп бойынша талдап, сөзге мінездеме беруді ұсынамын. Әр жұпқа өз әрпін беремін.

ҚАТЫНАС- адамдардың өзара байлаынысудың, іс-әрекетке түсуі, бірігіп келісіп іс-әрекет жасау түрі.

ҚАТЫНАС сөзі- жақсы, негізгі сөздердің мағынасын ашады.

Қ- қауіпсіздік, қажеттілік;

А - адамгершілік, ашық;

Т - туыстық, тартымды;

Ы - ырыс, ынтымақ;

Н - ниет, намыс;

А - адалдық, абырой;

С - сыпайы, сезім, сену.

Балалар, осындай қатынасты қайда кездестіруге болады, қандай қажеттілігі бар, қатынасқа қай жерде және қалай түсесіңдер?

Балалар жауап береді.

Психогимнастика

1. Оң аяқпен ауады «А» әрпін жаз.

2. Сол аяқпен ауада «А» әрпін жаз.

3. Өз атыңды иекпен ауада жаз.

4. Барлық балаларға немесе көршіңе қолыңды алға созып ойдан шығарған сыйлығыңды жібер.

5. Қолыңды құлыпқа салып, алға созып ауада «АНА» сөзін жазу. 6. Көршінің көзіне қарап, қолынан ұстап тұрып, ең қымбат күлкіңді сыйла.

Жаттығу. «Мақтаншақтар сайысы»

Қатысушылар шеңбер бойымен орындыққа отырады.

Психолог: Біз қазір мақтаншақтар сайысын өткіземіз. Кім жақсы мақтанады, сол жеңеді. Өзіңмен емес,көршіңді мақтау. Жақсы көршінің болғаны керемет емес пе. Оң жақтарыңда отырған адамға мұқият қараңдар, ол нені жақсы көретінін,несімен жақсы екенін ойлаңдар. Бұл сайыс екенін ұмытпаңдар. Кім көршісін жақсы мақтап, жетістіктерін көп айта алса сол жеңеді. Қатысушылар шеңбер бойымен өз көршілерінің жетістіктерін,ерекшеліктерін айтып мақтанады. Мақтау кезінде оның қатты дауысын немесе сәнді шаш үлгісінде айтуға болады, жеңімпазды қатысушылар өздері таңдайды, психолог қажеттілгінше көмектеседі немесе өз ойын айтады. Жеңімпаз кішігірім сыйлық алады.

«Тілектердің орындалуы» жаттығу.

Балалар жұпқа бөлініп, жүргізушіні таңдайды.

Психолог: Балалар,серіктестеріңе қолдарыңды тигізіп, сұраңдар: «Саған менің қандай көмегім керек?»,«Мен сен үшін не істей аламын?».Серіктесі: «Өлең айт немесе билеп бер, қызықты оқиға айтып бер немесе жақсы бір нәрсе орындап бер».

«Суретті аяқта» рефлексия.

Қатысушылар бірігіп сабақтан алған әсерлерін ватман бетіне салады. Ақырғы қатысушы суретті аяқтайды, қорытындысында өткен сабақтан жалпы сурет шығады.

Қортынды

«Достық құшағы» жаттығу.

Психолог: Балалар, осымен біздің қызықты және танымдық оқу іс- әрекетімізді аяқтаймыз. Өздеріңе қымбат болып кеткен достарыңмен қоштасыңдар, мейірімді дос ретінде құшақ алысып бір- бірлеріне «рахмет» айтыңдар. Келесі кездескенше!




© 2010-2022