Сабақтың тақырыбы: Петропавл қаласы

Петропавл- Солтүстік Қазақстан облысының орталығы, автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамыр) Қазіргі кезде Петропавл қаласы Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға “Еуразия”, ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Петропавл қаласыСабақтың тақырыбы: Петропавл қаласы

Сабақтың мақсаты: Петропавл қаласы туралы жан-жақты мағлумат беру, білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру. Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, Петропавл қаласын аялауға, құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, альбом

Сабақтаң барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Жаңа сабақ.

  1. Оқушылар Петропавл қаласы туралы дайындаған презентациясын көрсетеді.

  1. Мәтінмен жұмыс: Қызылжар

Петропавл- Солтүстік Қазақстан облысының орталығы, автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамыр)

Қазіргі кезде Петропавл қаласы Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға "Еуразия", "Вита", "Молочный союз" АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, "Сұлтан", "Тонус" т.б. жатады.

Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 муз., 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавловскте 3 театр, филармония, 3 музей, кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3-телерадиокомпания жұмыс істейді

Тапсырмаларды орындау:

  1. Мәтінді оқып,аудару;

  2. 1-ші сөйлемге синтаксистік талдау жасау;

  3. Ғимарат сөзіне фонетикалық талдау



  1. Мәдениет. Презентация көрсету (оқушылар дайындап келген)

Театрлар:

  • С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстың қазақ сазды-драма театры

  • Солтүстік Қазақстан облыстың қуыршақ театры

  • Солтүстік Қазақстан облыстық Н. Погодин атындағы орыс драма театры

Мұражайлар:

  • Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

  • Облыстық бейнелеу өнері мұражайы

  • «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені

Кітапханалар:

  • Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы

  • И. Шухов атындағы қалалық кітапхана

  • С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

  1. "Абылай хан резиденциясы" туралы мәлімет презентация арқылы беріледі.

Абылай (Әбілмансұр) Қазақ ордасының ханы - қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. Абылай ханның арғы ата тегі Шыңғысханның ұлы, Жошы ханның ұрпағы ,әйгілі Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз Жәнібектен шыққан. Ол ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды.

1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір хандықтың астына бірігіп Абылайды Қазақ хандығының ханы етіп көтерді.

Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Әулие Петрдің бекінісіне келу үшін 1765 жылы Яңғыстау тауында Есіл өзенімен жоғары ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы жер мекендеу ғана үшін емес сонымен қатар дау-жанжалды шешетін жерге арналды. Бұл үйдің тұрғын орны туралы әртүрлі пікірлер бар.

Шамаммен ол бекіністен төрт шақырым жерде Есіл өзенінің жоғары жағында тау етегінде ( жердің төменірек жері туралы айтылады) орналасқан деп айтылады, кейін қаланың сыртында болып шыққан. Бір жағынан бекіністен 15 шақырымнан астам жерде Ресей империясының бөгде адамдарына жер үзілді-кесілді берілмегені белгілі. Кейінірек,аңыз бойынша үй сол кезде жиі болатын өрттен күйіп кеткен дейді, ал оның орнына тастан үй салынған (Поляков диірменінің ғимараты) Ел аузынан түспейтін аңыз бойынша патша үкіметінің бекітуімен 1821 жылы Орта жүздің ханы - Абылай ханның ұлы Уәли хан болғаннан кейін Петропавлдың жоғары форштадында екі қабатты тас үй салынды. Содан бері Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы болды. Өлкетанушылардың айтулары бойынша Абылайдың резиденциясы таудағы бірінші құрылыс болған.

  1. Қорыту: Не білдік?

  2. Кластер құру

ПЕТРОПАВЛ

VI. Үйге: Петропавл қаласының ескерткіштері туралы мәлімет жинау немесе презентация жасау

















© 2010-2022