Сабақ жоспары: Етістіктерді қайталау

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауСабақ жоспары: Етістіктерді қайталауҚазақ тілі 6- сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістерді қайталау

Сабақтың мақсаты: Етістікке тән грамматикалық категория - етіс жайлы білімдерін еске түсіріп, қайталау, пысықтау, тиянақтау.

  1. Білімділік: бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойдағысын нақтылау, меңгерген білімді ұмытуға жол бермеу, білімдегі олқылықтарды жою, білімді жетілдіру, есте берік қалдыру.

2) Дамытушылық: іскерлігін қалыптастыру, сөз байлығын дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, сауаттылығын байыту, өз ойын жүйелі, жеткізе білуге үйрету, талдай білуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік: Тіл құдіретін сезіне біліп, тілге деген құштарлық сезім қалыптастырып, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Әдісі: деңгейіне қарай сатылай оқыту

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үйге етістен өткенді қайталап келу берілген.

III. Сабақ барысы:

Тапсырмадарды орындау:

Ой қозғау

Орындаушы

Қимыл, іс - әрекет



Көрсетілген сызба нені білдіреді?

Топтастыру

Етіс

Жұрнақтары









Ой қорыту

  • Қажетті жұрнақты жалғап, өздік етіс жасау: гүлде, сез, түй, тазала, сал.

  • Қай етістіктің жұрнағы жалғанған: айтқыз, оқыт, айтылды, асыр, қаланды, жинақталды сөйлесті, сырласты.

Мына мақалдарда етістік қай етіс түрінде тұрғанын көрсет.

  • Арзымасқа алдырма,

Аяғыңнан шалдырма

Арзымасқа алдырып,

Аяғыңнан шалдырып,

Атаңды ұятқа қалдырма

  • Елдің ерлігі ерінен танылар,

Елдің байлығы жерінен танылар.

  • Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер

  • Ашу шабыстырады,

Ақыл табыстырады.

Ой сергіту



  • Бір жұрнақ екі етіске ортақ . Олар қай етістер?

  • Көп адамның қатысуымен естілетін іс қай етіске жатады?

  • Онға қарай оқыса да, солға қарай оқыса да - етістік. Ол қай сөз?

Ойға тоқу

Мақал-мәтелдегі түсіп қалған етістікті тап

  • Өтірік сөз өрге ....

  • Қына тасқа....

  • Білім басқа....

  • Ат жаманы жолда....

  • Жолдас жаманы қолда....

  • Өнерлі өрге....



IY. Қорытынды

Миға шабуыл

Тест әдісімен қорытындылау.

  • Өздік етіс қайсы?

А) оранды в) тіктірді

Б) сөйлетті г) айтысты

  • Өзгелік етісті көрсет.

А) сендірді в) салынды

Б) айтылды г) жуынды

  • Ырықсыз етісті тап?

А) көргізді в) жинаттыр

Б) жасат г) жасалды

  • Ортақ етісті тап.

А) айтысты в) тіктірді

Б) өшіргіз г) салында

  • Етіс неше түрге бөлінеді?

А) 3 в) 4

Б) 5 г) 2

  • Өзгелік етіс жұрнағын көрсет

А) -ғыз, -гіз, -қыз,-кіз в) -ыл, -іл, -л ,

Б) - ын, - ін,- н г) - ыс, -іс,-с,

Бағалау парағы

р/с

Оқушы фамилиясы

Ой қозғау

Топтастыру

Ой қорыту

Ой сергіту

Ойға тоқу

Тест

Қорытынды









Үйге тапсырма: Етіс туралы тестік жұмыстар құрастыру.



© 2010-2022