- Преподавателю
- Другое
- Поурочный план Зат есім (5 сынып)
Поурочный план Зат есім (5 сынып)
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Амиргазина Г.Б. |
Дата | 12.08.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
-
Түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-
Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен жұмыс,ой қозғау, топтастыру
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық .
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
-
Сөз таптары
Заттың атын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың іс-қимылын білдіретін сөздер
алма
+
барды
+
жеті
+
қызыл
+
тарақ
+
оқыды
+
қоңыр
+
он
+
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
-Балалар осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
-Не?
-Осы сөздердің көпше түріне қандай сұрақ қоямыз?
-Нелер?
Ал, осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз?
-Кім? (Кімдер?)
-Олай болса,өткенді еске түсірейік. Кім? Не? деген сұрақтар қандай сөздерге қатысты қойылатын еді?
-Ендеше осы ережеге сүйене отырып, "Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп айтамыз" деген жаңа ережемен танысамыз. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы "Зат есім".Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Балықшы тапсырмасы
1.Сөзжұмбақ шешу.
2.Ережені түсіндіру жұмысы.
3.Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті:Зз әрпі.
Дәрігер мамандығының тапсырмасы: Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Тігіншінің тапсырмасы
377- жаттығу Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазу.
ІV.Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты,
Түтін тік боп шығады.
Гүлге қонған көбелек,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт,
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек
Сазгердің тапсырмасы
379- жаттығу. Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеу.
Суретшінің тапсырмасы
Ойын «Биікті кім бағындырады?».
З
А
т
Т
а
с
Е
с
е
к
С
а
ғ
а
т
І
н
і
л
е
р
М
а
т
а
л
а
р2,3,4,5,6,7 әріптен тұратын заттың атын білдіретін сөздер тауып жазу.
V. Қорытындылау:
Құпия кестедегі сұрақтарға жауап беру.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Зат есімге мысал келтіру.
VІ.Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
378 - жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.