Сабақ жоспары Шәкірт ойы С. Торайғыров 7-сынып

:               С.Торайғыровтың  «Шәкірт ойы»   өлеңі     Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шәкірт ойы» Сабақтың мақсаты: А) Білімдік мәні: С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп оқытып, талдату, мағынасын ашу, өз ой-пікірін айтқызу. Ә)  Тәрбиелік мәні: Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Б)  Дамытушылық мәні:      Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта       білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу. Сабақтың типі: Практикалық сабақ. Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап, «Автор орындығы», «Екі жақты бақылау күнделігі». Сабақтың көрнекілігі: Сызба , кесте, плакаттар, С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдер жинағы. 1-2-том
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сыныпСабақ жоспары Шәкірт ойы С.Торайғыров 7-сынып

Сабақтың

тақырыбы: С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңі


Сабақтың тақырыбы:

С.Торайғыров «Шәкірт ойы»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімдік мәні: С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп оқытып, талдату, мағынасын ашу, өз ой-пікірін айтқызу.

Ә) Тәрбиелік мәні: Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу - білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық мәні: Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі:

Практикалық сабақ.

Сабақтың әдісі:

Топтастыру, сұрақ-жауап, «Автор орындығы», «Екі жақты бақылау күнделігі».

Сабақтың көрнекілігі:

Сызба , кесте, плакаттар, С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдер жинағы. 1-2-том

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты топқа бөлу. Мақалдар арқылы

А) Үй тапсырмасын тексеру. Сұлтанмахмұт Торайғыров кім, қай асылдың сынығы, қай жібектің қиығы?.. Енді соған аз-кем тоқтала кетейік.

1.С.Торайғыровтың өміріне қысқаша шолу. (сұрақ-жауап әдісі арқылы). 3 топтың оқушылары бір-біріне сұрақ қояды.

Өмірін оқи отырып, өзіңе С.Торайғыровтың қандай қасиетін үлгі тұттың?- деген сұрақпен қорытындылаймын .

  1. Халық арасынан шыққан бай адамның өз байлығына масаттанып, өзгеге озбырлық көрсеткен қиянатын , жиіркенішті қылықтарын мысқылдап, әшкерелейтін «Бір адамға» өлеңін жатқа сұрау. Әр топтан бір оқушы айтады.

  2. Аталған өлеңдегі кейіпкерге жазбаша жазып әкелген мінездемені оқыту, жеке пікірлерін білу.

Ә) Жаңа сабақ.

1. Қызығушылықты ояту .

Балалар біз мектепте оқимыз. Мектеп- біздің алтын ұямыз. Мұнда біз көптеген достар тауып, алғашқы ұстазымызбен қауышамыз. Білім атты теңіздің тереңіне бас қойып, үлкен азамат болып тәрбиеленеміз. Осы мектеп сөзіне күрделі топтастыру жасап көрейікші.

Ұжым

Үмітті ақтау Сынып Ұлы тұлға

Тәрбие Ұстаз

МектепЖоғары оқу орны

Білім Мұғалім

Оқушы Педагог

Еңбек

Шәкірт Өнер

Болашақ елдің тұтқасы Елге еңбек ету Өрге жүзу

Ұстаз бен шәкірт бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» немесе «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз - алдында отырған оқушыға «терең білім берсем, «Адам » болатын түзу жолды көрсетсем»,- деп ойлайды. Шәкірт «ата -анамның, ұстаздарымның» үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры «азамат» болсам» деп ойлайды.

Ал ХІХ ғасырда шәкірт не деп ойлады екен?

  1. Мағынаны тану.

Бүгінгі өтетін сабағымыз-өзін халықтың шәкіртімін деп есептейтін қазақтың ерекше дарынды, біртуар ақыны , Абайдың ізін жалғастырушы, туған елін, жерін сүйетін С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы » деген өлеңі.

Алдымен дәптерге өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға , еліңе,Отаныңа , отбасыңа, ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде , қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайтыныңды жазуға 5 минут уақыт беріледі.

Тақтаға кесте ілінеді. Балалар берілген уақытта өзінің қазіргі шәкірт, ертеңгі болашақ елдің азаматы ретінде не істейтінін жазады. («Менің ойым» бөлімін толтырады )

Менің ойым

Шәкірт ойы

Білімді болып, жоғарғы оқу орнына түскің келеді. Мамандық алып, еліме, туған жеріме адал қызмет еткім келеді. Білімімді, еңбегімді туған жеріме арнаймын. Ата-анамның, ұстаздарымның мақтанышы болғым келеді.

Қараңғы қазақ көгіне күн болу. Мұздаған елдің жүрегін біліммен жылыту. Елінің көзін ашу, көкірегін ояту, надандықты жою. Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру.

Сенің ойыңды білдік. Енді ақын Сұлтанмахмұттың шәкірт ретіндегі ойы қандай екен. Оны өлеңді оқып ,талдау арқылы ұғынамыз. Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Сөздік жұмысы. Оқушылар өз түсініктерін айтады, кейін тақтадан көрсетіліп, дәптерлеріне жазады

1. Қараңғы қазақ - білімсіз, сауатсыз халық

2. мұздаған елдің жүрегін - білімнен кенде қалған ел

3.надандық теңізі - білімсіздік

4.қаһарман Рүстем, Әлі - Ислам дінінің енуімен бірге қазақтар мұсылман әулиелеріне де сыйына бастады. Қазақ батырлары сыйнған сондай әулиелердің бірі ислам үшін соғыстарда көп ерлік көрсеткен, мұсылманның атақты батыры, төртінші Халиф болған - Ғали (Әли, Хазірет Әлі). Қазақ батырлары сыйнатын пірлердің ішінде көне заманннан келе жатқандары да, ислам дінінен енгендері де бар. Олардың кебіреулері мифтік қаһармандар болса, ал енді біреулері аты аңызға айналған тарихи тұлғалар.

Солардың ішінде ең бірінші аталатыны Иран, Тұран батырларының пірі - атақты мифологиялық батырлар - Рүстем мен Дастан болса,

Тақтаға орындық қойып, оқушыны «Автор орындығына» шақырамыз. Оқушылар ақынға өлең бойынша сұрақтар қояды:

Өлеңді оқып, талдап болған соң, дәптерге шәкірт Сұлтанмахмұттың ойын жазады. Әр топтан бір оқушы өлеңді оқу барысында түсінгенін, өлеңнің мәні қандай екенін айтады.

Астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді.

Сергіту сәті.

Дәптерге өлеңнің бір шумағын жазып, өлең құрылысына қарай талдаймыз.

Әр топ бір шумақтан алады.

Қараңғы қазақ / көгіне, 8 а

Өрмелеп шығып, / күн болам. 8 б

Қараңғылықтың / кегіне , 8 а

Күн болмағанда, / кім болам? 8 б

Мұздаған елдің / жүрегін, 8 в

Жылытуға мен / кірермін. 8 в

3 шумақты, 6 тармақты, 2 бунақты , 8 буынды еркін ұйқасқа құрылған өлең.

РАФТ стратегиясы

1. «Ақын ізімен өлең шығару»

2. Мұғалімге тілек

3.Ұрпаққа өсиет

3.Ой-толғаныс

Қазір бүгінгі сабақта оқып, түсінген өлеңімізге қорытынды пікір айтып, ой түйіндейтін кез келді. Ендеше «Екі жақты бақылау күнделігін » толтырамыз.

Ерекше әсер еткен үзінді

Оқушы көзқарасы

Мақал-мәтел

Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.

Елімнің жанашыры, өрге сүйреушісі боламын. Қараңғылықтан алып шығамын, сауатсыздықты жоямын.

Ер ел үшін туады,

Елі үшін өледі.

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін.

Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.

Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

\Қорытынды бөлім.

Топ ішінен белсеніп шығып, жауап берген оқушыларды бағалаймын.

Кері байланыс

Үйге «Шәкірт ойы » өлеңін жаттау.

Қазіргі шәкірттерге мінездеме ретінде сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу.
















3. Топпен жұмыс.
Абайша асыл сөзден маржан терсем...
........туған,
........буған.
...................,
...........қуған.
........самғайсың,
........жалғайсың.
...................,
...........арнайсың.
........жинаймын,
........қимаймын.
. ......................,
...........сыйлаймын.

© 2010-2022