Cептіктерді қайталау. Практикалық жұмыс

Телефон компьютер1)Оқушыларға сөйлемдер көрсетіледі. Оқушылар ондағы көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жалғап жазулары кекрек.1.Мен Ләзатпен киноға бардым. 2. Сен Мұратпен Алматыға барасың ба? 3.Қаламқас шешесімен қонаққа барды. 4. Біз автобусқа отырып үйге жеттік.5.Жолға шығып таксиге отырдық. 6. Мен үйден шығып мектепке бардым.ІY. -Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?-Оқушылардың жауабын тыңдау.А) Ендеше тақтада тұрғансептіктердің қасына апта күндерін ретімен қойып, ...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәні бойынша орыс сыныптарына арналған мектепішілік пәндер олимпиадасының тапсырмалар

9 сынып

1 тапсырма

Тест 25 сұрақтан тұрады,әр сұрақ жеке- жеке 2 ұпаймен бағаланады.

Тест сұрақтары

1.«алыс» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді табыңыз.

А) көзді ашып жұмғанша

Ә)көз көрген

Б) ай десе аузы, күн десе көзі

В) ит өлген жер

2. Антоним сөздерді белгілеңіз

А) сары, қара

Ә) мақтау, жамандау

Б) жақын, биік

В)отыру, жүру

3. Сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрастырыңыз.

Шоқан шақырды орыс өз халқын Уәлиханов достасуға халқымен.

4. Септік жалғауы бар сөзді табыңыз.

А)көрді

Ә)берді

Б)досты

В)амандасты

5.Үнді дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз

А) б,в,р,м,н,й.

Ә)б,в,г,ғ,д,ж,з.

Б)г,ғ,р,з,у

В)р,л,й,у,м,н,ң

6.Қазақ тілінде неше дыбыс бар екенін белгілеңіз

А)37

Ә)39

Б)40

В)42

7. Қай топта тек дауыссыз дыбыстар белгіленген?

А)в,б,д,е.

Ә)к,л,м,н,е

Б) й,ж,з,е

В)һ,ц,ш,ң

8.Түбір сөзді көрсетіңіз

А)биші

Ә)әкетай

Б)күйші

В)аға

9. Қай сөз антоним бола алмайды?

А)қара

Ә)ірі

Б)қас

В)сары

10.Жіктік жалғауын анықта.

А)кітапханамыз

Ә)оқушымын

Б)дәптерге

Д)досымнан

11.Түбірлес сөздерді табыңыз

А)нан,сүт,айна

Ә)балық,ойыншық,кездесу

Б)сурет,суретші, суретшінің

В)аға,бала,іні

12.Зат есім мен сын есім арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз

А)оқушы әдепті

Ә) Балқаш көлі

Б) қаланың жолдары

В)әкеле жатыр

13.Күрделі зат есімді табыңыз

А)бастық

Ә)ата-ана

Б)алтын

В) әңгімелер

14.Жұрнақ қосылған сөзді табыңыз.

А) үйіміз

Ә)үйшік

Б) үйден

В)үйді

15.Сөйлемнің түрін анықта.

Гүлдей бер, туған жерім.

А)хабарлы

Ә) бұйрықты

Б) лепті

В)сұраулы

16.Мақал- мәтелді жалғастыр.

Өнер алды ... ...

А) қызыл кітап

Ә)қызыл тіл

Б) өмір талабы

В)ұзын жол

17.Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

А)2

Ә)3

Б)4

В)5

18.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

А)4

Ә)6

Б)2

В)5

19.Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз

А)Досым кітап сатып алды

Ә) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста

Б)Көлдің деңгейі төмендеген

В) Көлдер ластанып жатыр

20.Салалас құмалас сөйлемді белгілеңіз

А) Төлеби 17 ғасырда өмір сүрді

Ә) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда,жиналыс ашылды.

Б) Күн бұлтты болды,бірақ құрбыма бардым.

В)Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.

21.Сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз

А) Олар үйге тезірек жетпек болып, аттарына қамшы басты.

Ә)Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды

Б)Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.

В) Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.

22.Сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз.

Біздің елде балалар ... мектепке барады.

А)он алты жастан

Ә)бір жастан

Б)екі жастан

В)алты жастан

23.Тиісті қосымшаны жазыңыз.

Оның шет елде тегін оқығы... келеді.

А)-м

Ә)-ң

Б)-ңдар

В)-сы

24.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

А)2

Ә)3

Б)6

В)9

25.Дұрыс жазылмаған сөзді анықта

А) әнұран

Ә)жолбарыс

Б)ақ құтан

В)қолөнер

2 тапсырма


1.Берілген мәтінді түсініп оқып,оған ат қойып,жоспар құру және мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.

(мәтін бойынша тапсырманы орындау-10ұпай)

Биыл алғаш рет жазғы демалысымды нағашыларымның ауылында өткіздім. Бес жасымда анаммен бірге осы ауылға келгенмін. Ол кезде кішкентай болғанмын, көп нәрсені байқамағанмын. Маған ауылдың табиғаты қатты ұнады. Тоғайдың арасында орналасқан ауылдың көрінісі сондай сұлу. Мен көп достар таптым. Олар достыққа адал, жақсы балалар. Біз үнемі оқыған кітаптарымыз жайында әңгімелесеміз. Еркіннің үйінде кітап көп, ол көп оқиды. Мен де көп оқығым келді. Достарым әңгімені жақсы айтады. Біз кейде өзеннің жағасына барып, суға шомыламыз. Маған шомылуды достарым үйретті. Нағашыларымның ауылы маған өте ұнайды. Ендігі жылы да осында демаламын.

(Грамматикалық тапсырмаларды орындау-10ұпай)

2.«Нағашыларымның» деген сөзді сөз құрамына талдаңыз

3. «Көрініс» деген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз

4.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз. Біз үнемі оқыған кітаптарымыз жайында әңгімелесеміз.

3 тапсырма

Берілген тақырыптар ішінен өзің ұнатқан тақырыпқа әңгіме жаз

  1. «Менің сүйікті ұстазым»

  2. «Астана- бас қала»

  3. «Менің мектебім»

(арнаулы тақырыптар бойынша әңгіме жазу-10ұпай)









Тест сұрақтарының жауаптары

1.в

2.ә

3

4.б

5.в

6.а

7.в

8.в

9.б

10.ә

11.б

12.а

13.ә

14.ә

15.б

16.ә

17.ә

18.ә

19.б

20.б

21.а

22.в

23.в

24.в

25.б

© 2010-2022