Қатынас білім беру саласы Тіл дамыту «Әжемізде қонақта»

Сабақтың мақсаты: Балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту. Сөздерді бір – бірімен байланыстырып сөйлеуге үйрету. Қазақ халқының ұлттық бұйымдарына деген қызығушылықтарын арттыру, құрметтеуге баулу. Қазақ елінің өнерін, мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс – тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, шаттық шеңбері қолданылады. Көрнекіліктер: Киіз үйдегі үй мүліктері. Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері - Қайырлы таң балалар, мен сендермен бірге болғаныма қуаныштымын....
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Даумбаева Бақыт Алиасқарқызы -

№ 33 «Алтын дән» балабақшасының

тәрбиешісі.

«Әжемізде қонақта»

(Мектепалды даярлау тобы)

Сабақтың мақсаты: Балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту. Сөздерді бір - бірімен байланыстырып сөйлеуге үйрету. Қазақ халқының ұлттық бұйымдарына деген қызығушылықтарын арттыру, құрметтеуге баулу. Қазақ елінің өнерін, мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу, шаттық шеңбері қолданылады.

Көрнекіліктер: Киіз үйдегі үй мүліктері.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері

- Қайырлы таң балалар, мен сендермен бірге болғаныма қуаныштымын. Балалар бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Деніміз сау болсын

Отбасымыз аман болсын

Ата - анамызды тыңдайық

Айтқанынан шықпайық

- жарайсыңдар балалар, сендердің тілектерің шын пейілден шықты және жылы лебіздеріңді білдіріңдер.

- Балалар біз қандай елде тұрамыз?

Біздің Қазақстан - көп ұлтты ел. Әр елдің өзінің тілі бар және сырт көрінісімен ерекшеленеді, қолөнері де болады. Еліміздің қолөнерімен тереңірек танысу үшін мен сендерді киіз үйді көруге, оның жабдықтармен танысуға шақырамын.

Балаларды әже қарсы алады. Балалар үлкен адаммен сәлемдесу рәсімін жасайды. Әже балаларды киіз үйдің ішіне шақырып оның жабдықтарымен таныстырады.

Әже: - Қабырғада сендер тұскиізді көріп тұрсыңдар, ол қазақтың қабырғаға ілетін дәстүрлі кілемі. Жерде жатқан сырмақ - бұл өте жылы және жұмсақ киізден жасалған төсеніш. Ал мұнау құрақ көрпе. Ол сырмақ, текеметтердің үстіне төселеді. Барлық үй жабдықтары киімдер, кілем, сандық, оюмен өрнектеледі.

- Балалар әдемі және қажетті заттар жасайтын адамды кім деп атаған (шебер)

Біздің әжеміз өте шебер адам, өйткені барлық бұйымдарды өз қолымен жасаған.

- Киіз үйде сендерге қандай заттар ұнады?

  • сандық, сырмақ, көрпе...

- Өте дұрыс, атауларын дәл тауып айттыңдар. Ұлттық бұйымдарды білгендерің жақсы, себебі оның бәрін қолдан жасаған, әдемі оюлармен өрнектеген.

- Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер сол жұмбақтың жауабына қарай, әңгіме құраңдар.

Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар. (киіз үй)

Киіз үйге байланысты әңгіме құрастыр.

Ритмикалық қозғалыс арқылы ою - өрнек үлгісін көрсету.

Сергіту сәті.

Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды. (сандық)

Сандық жәйлі әңгіме айтамыз.

Арқауы бар қос қалта

Ажыраса алмайды

Атам қайда жол тартса

Қанжығадан қалмайды. (қоржын)

Сұлу - сұлу құнаным

Сылдырлаған жүгенім

Аяз күнде мінбеген

Аяғы жерге тимеген (сәукеле)

Балалар әңгімелеп айтып береді.

Әже ризашылығын білдіреді.

  • Балалар сендердің әңгімелерің маған ұнады, балам, сен айтшы, кімнің әңгімесі саған ұнады.

- Қазақ қандай халық екен.

  • Өте шебер халық

  • Неліктен қазақ халқын шебер дейміз?

  • өйткені олардың қолдан жасаған бұйымдары өте әдемі болған.

  • Балалар өте дұрыс айттыңдар.

  • Біздің ата - бабаларымыз өте шебер болған екен. Сендер де жалықпай еңбек етуге қазірден үйренулерің керек.

© 2010-2022