План урока по воспитательному работу на тему «Менің Отаным-Қазақстан»

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ!


№111 М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінде 1қыркүйек - Білімдер күні және ҚР ның Конституциясы, Қазақстан Ассамблясының 20 жылдығына арналған «Менің Отаным- Қазақстан» салтанатты жиын бағдарламасы

2015-2016 оқу жылы





План урока по воспитательному работу на тему «Менің Отаным- Қазақстан»

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын Білім күнің - мерекең!

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар, мектеп өмірінде дәстүрге айналған «Менің отаным-Қазаыстан» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші:

Мектебіне шәкірттер ағылады,

Сана, білім сусаған табылады.

Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,

Ұстазына жеткенше сағынады.

2-жүргізуші:

Жүректері тұратын лүпіл қағып,

Мұғалімдер оларды күтуде анық.

Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,

Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

1-жүргізуші: 1 қыркүйек - айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: - 1 «А» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз -

Иристаева Раъно апай

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

1-жүргізуші: - 1 «Б» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз -

Бегметова Дилфуза апай

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

2-жүргізуші: - 1 «В» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз -

Каримкулова Шахло апай

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

2-жүргізуші:

Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары!

1-жүргізуші:

Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы!

АдилметоС.: Мектеп, тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін!

/ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер: /келген қонақтармен таныстырады/

1. - Сайдикарим ака мектеп ата-аналар ұйымының төрағасы

2. - Турсимат ака және Шухрат ака қоғамдық ұйым ағзалары

3. - Шерали акаУсманов және Ихтияр ака Режабалиев мектептің демеушілері

1-жүргізуші:

Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды, - дей келе, құттықтау сөз мектеп директоры Ниязов Ахматвай ағайға беріледі

2-жүргізуші:

Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берійік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

1-жүргізуші: Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында

2-жүргізуші:

2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы және ҚР-сы Конституцияның 20 жылдығын атап өтуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдары, Негізгі Заңның негізгі ережелерін негізінде, еліміздің түрлендіру үшін маңызды жүзеге асырылады: бүгін ел әр түрлі экономикалық және саяси тұрақтылық болып табылады, оны мекендейтін халықтардың арасында үйлесім мен бірлік және жаңа ұмтылу биіктігі мен табысы. Қазақстан Республикасы Президентінің дамуының әр кезеңінде жаңа міндеттерді анықтау, жаңа көкжиектер ашады, еліміздің даму стратегиясының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды іске асыру үшін нақты жолдары мен тетіктерің көрсетеді. 20 жыл бойы Конституция - біздің еліміздің негізгі заңы жаңа Қазақстанның табысқа сенімді кепілі болды. Біз экономикалық өсім және әлеуметтік әл-ауқатынқа қол жеткіздік, тиімді құқықтық жүйесінің арқасында елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз еттік. Біріншіден, ол құруға және Конституцияға сәйкес үкімет мекемелері үшін тиісті құқықтық негіз береді деп атап өткен жөн. Атап айтқанда, маңызды құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік тетіктерін құру болып табылады. Бір жағынан, адам құқықтарын Байланыс, және тұрақтылық пен қоғамдық келісім - басқа, әрине, ол адам құқықтары болып табылады, себебі - немесе дәлірек айтқанда, олардың күнделікті мемлекет қорғалған және кепілдік берілген құқықтары сатылды, бұл азаматтардың сенім, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді берік негізі болып табылады . 20 жыл бұрын Конституцияның мәтінінде баяндалған адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жиынтығы, осы күнге дейін оларды қолдану тетіктерін дамыту және жетілдіру жалғасуда сонша кеңетек жайған. Қазақстан Республикасының Конституциясы бізге өмірдің негізгі ережелерін берді, адам құқықтарын басымдылық принципі, өкілеттік, құқықтық, әлеуметтік және унитарлық мемлекет сипаты, заң алдында барлық тең және

соттардың бөлу қағидасы ретінде, барлық ережелер біріктіретін осындай қоғамды фиксинг қоғамдық келісім-құқықтық базаны құру мүмкіндігіне ие болды.

1-жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты да болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін!
Төмендемесін талабың!Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге беріледі. /3 оқушы өлең оқиды/

1 Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпары гүлімен.

Келіп ем, қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

2. Келдік алғаш мектепке,

Білмейтін едік әріп те,

Оқып, бізді үйретер,

Ғылым анасы - Әліппе!



3 .Мектеп - қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз

2-жүргізуші: «Балли» әні - орындайтын Шайловов Миркурбан

1-жүргізуші: Мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді құтттықтап, қадамдарыңызға гүл бітсін, «Ақ жол» болсын деп тілек білдіруге Мирхошимова Шохсанам шақырылады.

/11-сынып оқушысының құттықтау сөзі/

.: - Қымбатты біздің кішкене сіңлілеріміз! Аяулы ұстаздар! Міне, бүгін біз үшін соңғы Алғашқы қоңырау. Бала шақтан болашаққа қадама басып бара жатқан біздер, мектеп үмітін ақтауға бар күшімізді саламыз.

Оқыған әпкелеріңіз

Қадірлі мектеп - бұл мектеп,

Сендердей біз де болғанбыз.

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

2-жүргізуші: 3 сынып оқушылары тарапынан Өлеңдер

1-жүргізуші: «Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен

азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр», деді Н. Назарбаев. Елбасының осы екі ауыз сөзіне сыйып тұрған толеранттық ұғым әрбір қазақстандық үшін біліп жүретін дүние.
1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.
Сонда, Ел басы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт - Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.
Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді.
2015 жыл - осы тарихи күнге 20 жыл.
Негізі тарихи күндерді атап өту жақсы үрдіс. Ол есеп беріп, өткеніңе көз жүгіртіп, болашақты бағдарлау. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында қазақстан тарихының алтын беттері қатталуда. Бұл дегеніңіз болашақтың алдындағы үлкен жауапкершілік.

Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау!

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі құрметпен Шайловова Мафтуна, Шертаева беріледі.

/Қоңырау соғылып жатқан сәтте…/

2-жүргізуші: Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

1-жүргізуші:

7 сынып оқушы қыздары тарапынан би



2-жүргізуші:

Алтын ұя - киелі шаңырағым,

Мен өзіңе қашан да табынамын.

Алыс, жырақ өзіңнен кетсем егер,

Қоңырауыңды сыңғыр қаққан сағынамын!

2-жүргізуші:

Сылдырла, сыңғырла тағы да,

Шақыра білімнің бағына.
Бөбек пен түлек жұп болған,
Алғашқы қоңырау қағылды!

Адилметов С.: Мектеп,тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!



2-жүргізуші: Ал енді 1-сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы қызықтарға толы әлемге саяхатында сәт сапар!

/музыка әуенімен 1-сынып оқушылыры кетеді/



2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, баршаңызды Білім күніне арналған «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ » атты алғашқы сабаққа шақырамыз.



1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!



© 2010-2022