• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін ойын арқылы дамыту атты баяндама

Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін ойын арқылы дамыту атты баяндама

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі сабағында оқушылардың

танымдық іс-әрекетін ойын арқылы дамыту

Бүгінгі таңда білім саласының алдында білімді, бәсекелестікке қабілеті бар, шығармашыл, дербес ойлай алатын, ізденімпаз, білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алатын, функционалды сауатты жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал.

Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы танымдық іс-әрекетті белсендіріп, дамыту болып табылады.

Танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.

Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол - тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдылық іс-әрекет рөлімен және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.

Қазіргі оқыту технологиясының ең қажетті әдістерінің бірі-ойын. Ойын теориясы өте ертеден-ақ дидактиканың бір саласы болып саналады.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес» деген.

Жеке тұлғаның ақыл - ойын, танымдық іс-әрекетін дамытудың, әлеуметтендіру мен жан - жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын оқу - тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекетін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.

Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.

Қазақ тілі сабағында бастауыш сыныпта оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі меңгеруіне ат салыса отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін дамыта түсу мақсатында мынадай ойын түрлерін өткізуге болады.

«Адасқан әріптер» ойыны.

Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Қ,у,о,ы,ш-оқушы

Т,п,і,к,а-.......................

І,і,б,л,м-........................

М,м,ғ,ұ,а,л,і-.................

«Шашылған дыбыстар» ойыны.

Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады:ай,күн,үй,т.б.

«Қалалар» ойыны.

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

С

З

Ы

Л

А

Е

У

А

Т

Қ

Ы

П

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

В

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

П

Д

Ы

А

Р

З

Бұдан басқа оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін дамыта түсу үшін сабақта мынадай ойын түрлерін де қолдануға болады:«Жалғасын тап» ойыны,«Сын есімдер ұясы» ойыны,«Кім көп біледі?» ойыны,«Бәйге» ойыны,«Тапқыш» ойыны, «Қ» ойыны, «Бұл қалай өзгерген ?» ойыны, «Күрделі сөздер» ойыны, «Қызық сөздер» ойыны, «Кім - не?» ойыны, «Бақытты сәт» ойыны, «Сандар әлемі» ойыны.

Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ ұрпақ қолында. Бүгінгі күннің айдарындағы басты мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы үзіліссіз процесс.

Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз.

Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу - қоғам алдында әрбір тәрбиеші, ұстаздың басты міндеті болып саналады.

Жагипарова Маржан Толегеновна,

«Ақсу қаласының №4 орта мектебі» КММ

© 2010-2022