• Преподавателю
  • Другое
  • План коучинга в 9-11 кл. Коучинг тақырыбы: «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы»

План коучинга в 9-11 кл. Коучинг тақырыбы: «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы»

Разработка коучинга среди учащихся 9-11 классов на тему: "Лидерство школы, учителей, родителей и детей при подготовке к ЕНТ"  (Коучинг тақырыбы: "Ұлттық бірынғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы") Коучинг был проведен в форме групповой работы. Учащиеся 9-х классов присутствовали в роли учеников, 10-х классов в роли учителей, 11-х классов в роли учителей. Коучинг был насыщен разными групповыми заданиями, ролевой игрой, просмотром видеороликов на критическое...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы: «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы»


Дайындаған: І деңгеймен сертификатталған ағылшын тілі пәні мұғалімі

Атаханова Нигора Абдувахабқызы

Коучинг жоспары

Күні: 20.11.2014

Коучинг тақырыбы:

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы»

Сілтеме:

Нұсқаулық, суреттер, презентация, бейнежазбалар, ғаламтор материалдары, плакаттар, фломастер.

Мақсаты:

Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда мұғалімнің, ата-ананың көшбасшылығы туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.

Оқыту нәтижесі:

Топтаса жұмыс атқара отырып, оқушының, мұғалімнің, ата-ананың және мектеп әкімшілігінің ролі және көшбасшылығы туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.

Негізгі идеялар:

Оқушы, мұғалім, ата-ана және мектеп әкімшілігі өз бойындағы жігерін, шыдамдылығын жетілдіру арқылы көшбасшылыққа ұмтылады. Білім, дағды, біліктіліктері дамыйды.

Тапсырмалардың түрлері:

Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.(ассоциациалау, постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу, ролдік ойындар)

Тренинг

«Шаттық шеңбері» бір-біріне таңдаған мамандығына қарай жақсы көңіл-күй тілеу Мысалы Ақбота саған мықты аудармашы болуыңа тілектеспін...(Ақбота ағылшын тілін таңдаған оқушы)

2 минут

Топқа бөлу

Топқа 9 сынып оқушылар, 10 сыныптар және 11 сыныптар болып бөлінеді. Себебі 9 сыныптар тапсырмаларды оқушылардың көзқарасымен, 10 сыныптар мұғалімдердің көзқарасымен және 11 сыныптар ата-ананың көзқарасымен орындау жоспарланған.

2 минут


Кіріспе тапсырма

«Үш МЕН» бейнежазбасын тамашалап, дамыту. СТО-ға бағытталған

5 минут

"Көшбасшы", «Өмір» сөзін қалай ассоциациалауға болады? Сіздердің өмірдегі мақсаттарыңыз қандай және осы өмірдегі бүгінгі күнде жеткен жетістіктеріңіз?

5 минут

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы. Сөйлемдерді аяқтаңыз:

Түйін: Көшбасшы - жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін, тұлға.

3 минут

№1 тапсырма

ҰБТ-ке дайындықтағы мүмкіншіліктермен кедергілер, кедергілерді жою жолдары. (кластер)

7 минут

Бейнежазба

«Бала тәрбиесі» бейнежазбасын тамашалап, қорытынды шығару

5 минут

№ 2 тапсырма

Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі топтарына «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы көшбасшылық» тақырыбына постер қорғау.

10 минут

Тренинг-сергіту

«Топ» жаттығуын жасау

2 минут

№ 3 тапсырма

«Мен ҰБТ-ке дайынмын» ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК , МЕН ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫРМЫН? ДЕБАТ

Әр топ өз ойларын ортаға салады.

5 минут

№ 4 тапсырма

Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмада «Сабақта және сабақтан тыс кезде» көрсетілімін ролімен алып шығып, әр топ өзінің рөлін сомдау керек. Тақтада оқушы мен ата-ана, оқушы мен оқушы, мектеп әкімшілігі мен оқушы, мұғалім мен оқушы суреттері ілінеді, сол суреттер рөлін сомдайды, қорғайды.

15минут

Бағалау

Топтарға ат қою арқылы бағалау

Дарынды топ

Ізденімпаз топ

Креативті топ

Көшбасшы топ

5 минут

Рефлексия-Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек

7 минут


© 2010-2022