Ұстаздарға көмек. ҰБТ-дан жоғарғы баллға жету жолдары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ











МАСТЕР КЛАСС

Тақырыбы: «Арманшыл талапкерге, талапшыл ұстаз», биология пәні бойынша ҰБТ-тен жоғарғы білім сапасын корсетудің жолдары







Кунафин Ақылбек Маратович

«Амангелді орта мектебі» КММ

Биология, химия пәндерінің мұғалімі













2015 жыл

ҰБТ бойынша мұғалімдерге өткізілген шебер сыныптың жоспары.

Тақырыбы: Биология пәні бойынша ҰБТ-ден жоғарғы білім сапасын корсетудің жолдары.

Мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында іс-тәжірибеммен алмасу, тәжірибе алмасу.

Міндеттері:

а) Тәжірибе алмасу үшін оқытудың әр түрлі әдіс тәсілдерін пайдалану

б) Топтық жұмыстарды ұйымдастыру

с) Мұғалімдердің өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыру.

Жалпы шебер сыныптың жоспары:

  1. Іс тәжірибеммен бөлісу (слайд) (15 мин)

  2. Топтастыру (2мин)

  3. ЖИГСО елшілікке бару(20мин)

  4. Топтардың интерпретациясы (5 мин)

  5. Кері байланыс (3 мин).

Шебер класс барысы:

  1. Іс тәжірибемен бөлісу. (презентация негізінде)

ҰБТ қазіргі күні мұғалімдердің рейтингісіне және оқушылардың білім сапасына әсер етіп отырғаны белгілі. Осыған байланысты ұлттық біріңғай тестілеуден қалай жоғары нәтижеге жетуге болады деген сұраққа жауап беру үшін өзімнің іс тәжірибеммен бөліссем деп едім.

Ен алдымен оқушы жұмыстарынан бастайық. ҰБТ- ға даярдықты төменгі сыныптан бастау керек және әр оқушыда термин сөздік дәптері болып 6 шы сыныптан бастап сол дәптер жүргізілуі керек. Егер термин сөздік дәптері төменгі сыныптан бастап жүргізілсе нәтиже берері сөзсіз. Жоғарғы 10-11 сыныптың биология пәнін таңдап отырған талапкерлерде төменгі 6 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейінгі оқулықтары түгел болуы керек. ҰБТ ге даярлық кезінде егер тесттермен жұмыс кезінде кейбір білмеген сұрақтарын егер оқушы оқулықтан өзі іздеп тапса олардын есінде жақсы сақталады. Талапкерлерде қоымша тест жинақтары, биологиядан брошуралар, ескі оқулықтар мен журналдар болғаны дұрыс. Себебі: Биология ол нақты ғылым болғандықтан жаңа оқулықта кездеспеген сұрақтардың жауаптары ескі кітаптардан шығып жатады.

Талапкерлеріміз интернетті пайдаланып кез келген сұрақтың жауаптарын іздей алады. Әрине қазір жана технологияның заманы болғандықтан интернетті кез келген құралдармен мысалы: интернет желісіне қосылған компютер мен ноутбуктарды санамағанда қалта телефондары мен ақ жұмыс жасап көптеген ақпараттар алуға болады. « 5+» пен жұмыс жасауы оқушыға көп мүмкіндік береді. Онымен жұмыс кезінде қате немесе дұрыс жауаптары жылдам көрініп ақпарат бір мезетте жылдам беріледі.

Әр сынақ алынғаннан кейін, ол сынақтың сараптамасына талапкер қатемен жұмыс дәптерін бастағаны жөн. Сол дәптерге тест тапсырған күнді және нұсқасын , сонымен бірге қате жіберген сұрақтарының жауаптарын жазып қояды. Бұл дәптердің ұстаздар үшін де маңызы күшті болмақ, себебі тестке сараптама жасағанда , сараптамаға қажетті барлық ақпаратты осы дәптерден табады.

Енді ҰБТ ден жоғарғы нәтижеге қол жеткізуі үшін мұғалім қандай жұмыстар жасауы керек деген сұраққа жауап беруге тырысып көрейік: Ұстаз тестке даярлықты төменгі сыныптан бастауы керек. Төменгі сыныптарда тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін сол тақырыптардан немесе тарау бойынша алынатын тесттердің маңызы зор. 10 сынып оқушыларымен тестке даярлық жұмыстарын арттыру керек. Бұл жерде 10 сыныпқа Биология пәні бойынша өткізілетін вариотив - қосымша сабақтарының маңызы жоғары болуы керек. Қосымша сабақтардың тақырыбы, мектеп бағдарламасынан ауытқымай дұрыс құрылса, бұл ҰБТ дің нәтижесіне әсер етері сөзсіз. Мұғалім әр тесттің сараптамасын дұрыс жасап , сол тесттегі қателікті саралау барысында оқушыларға керекті тақырыпты дұрыс таңдап алуы керек. Ұстаз әрине өмір бойы оқиды, ізденеді, рухани жағынан өседі.Кейбір тесттердің жауаптарын таба алмай қиналып қалатын кездеріміз де болады, сондықтан осындай жағдайлар аз болуы үшін ұстаз білімді болуы керек.

Ал ұстаздың жетістігі кім арқылы көрінеді әрине шәкірттерінің жетістігі арқылы. Ол үшін ұстаз бақылаушы да болуы керек және талапшыл. Ең алдымен талапкердің аптасына бір екі рет болатын бақылау тестінен қалып қалмауын қадағалау, жалпы сабақтан және түстен кейінгі қосымша сабақтардан қалмауын қадағалау керек. Дене шынықтыру сабағы мен спорт секцияларына қатысып жүрсе оқушыға кері әсер етпейді керісінше жақсы себебі талапкер бір уақыт сергіп қалады және ой еңбегі мен дене еңбегі кезектеседі. Биология сабағын тестке даярлық сабағына айналдырмау мұғалімнің міндеті болып тұр, бұл дегеніміз оқушылардың әсіресе тесттен келген соңғы сұрақтарына сабақ үстінде емес қосымша сабақта жауап беру керек. Талапкерлерге төменгі сныптар бойынша тапсырмалар беріп отыру керек , жыл көлемінде. Олай етпеген жагдайда аптасына жүргізілген бір - екі сағат жылдық жоспар бойынша барлық тақырыптарды қамтып шығу мүмкін болмай қалады. Оқушы үнемі «5+» бағдарламасымен дайындалмауы керек, себебі ондағы берілетін ақпарат өте жылдам болғандықтан барлығын есінде сақтай алмайды. Немесе тыңғылықты бір тесттен кейін мұғаліммен бірлесе талқыласа есте көп сақталады. Ұстаз әр бақылау тестінің қорытындысына баса назар аудару керек.

  1. Топтасу

Мұғалімдерді ортаға шақырып молекулалар тәрізді соқтығысып жүруін сұраймын. Мысалы молекулалар атомдардан тұратынын жариялай отырып мен екі атом десем екі- екіден жұптасуын сұраймын. Адам санына орай молекулалар 6-7 ұстаздардан құралуы мүмкін. Бұл молекулалар алдағы коучингте жұмыс жасайтын топтарды құрайды.

«Қазіргі заманғы мінсіз оқушы қандай болуы керек?» деген сұраққа (А3 ұстаздарға алдын ала беріледі) А3 қағаздарына маркерді, қаламды, карандашты пайдаланып сурет, сөз арқылы постер жасайды.

III ЖИГСО елшілікке бару, Тест тапсырмаларын беріп жауаптарын топта ақылдаса отырып алдарындағы А3 қағазына жауап берулерін сұраймын. Әр топқа әр түрлі түстегі маркер таратып беремін. Олар өз жауаптарын топта талқылап, өздеріне берілген маркермен жаза бастайды. Жауаптарын жазған соң топпен ақылдасып біреуі елшілікке барады. Елшінің міндеті келесі топқа барып өздері жазған «ҰБТ дан қалай жоғарғы сапаға жетудің» жолдарын түсіндіреді. Сонда әр топтан бір-бір елші келесі топқа сағат тілі бағытымен барып ауысады. Өз ойларын түсіндіріп болған соң әр елші өз тобына қайтады, бірақ жазғандарын сол түсіндірген топқа тастап кетеді. Қайтып келгенде өздеріне басқа топтың тастап кеткен жауаптарын өздерінің маркерімен тексеріп, қателері болса түзейді және толықтырады. Сонымен тағы да елшілерін дайындап өздері тексерген жауапты сол сағат тілі бағытымен алдыңғы барған топқа барып түсіндіреді де , тағы сол жерге жауаптарын тастап қайтып келе сала, өздеріне келген келесі жауаптарды тексере бастайды. Осылайша өздерінің жұмыстары өздеріне қайтып келеді және оны басқа елші алып келіп өздеріне қайта түсіндіреді, жіберген қателерді дәлелдеп шығады. Нәтижесінде өздеріне қайтып келген жауаптар әр-түрлі маркерлермен толықтырылып келеді және олар жауапты қай топтың толықтырғанын маркердің түсінен таниды да интерпретацияға даярланады.

IV Топтардың интерпретациясы Әр топтан топ басшылары шығып логикалық қорытындыларын айтады.

V. Кері байланыс. Стикерге коучинг бойынша ұсыныстарын жазады.

© 2010-2022