Шетел тілін тыңдап түсінуге үйрету Баяндама

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шетел тілін тыңдап түсінуге үйрету

Тыңдау - естіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап - түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды.

Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді.

Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым - қатынас жасай алмайды. Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада есте сақтау қабілетін дамытады. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады, және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.

Ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңдерінде тыңдалымдар өте маңызды роль атқарады. Тыңдалымдар ағылшын тілінде сөйлеушілердің шынайы сөзін есітуге мүмкіндік береді.

Тыңдап - түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды. Ол оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктері сай таңдалуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар түрлері: ертегі сюжеттеріне негізделген тақырыптар, жан - жануарлар туралы қызықты әңгімелер т.б. Ал жоғары сынып оқушыларына саясатпен, техникалармен, бүгінгі таңда ойлап табылып жатқан жоғарғы технология жаңалықтарымен(роботтар,ұялысымтетіктер,компьютерлер)және детективтермен байланысты мәтіндер өте жоғары қызығушылықтарын тудырады. Сонымен қатар махаббат, достық туралы, өзге елдің өмірі мен халқы туралы және табиғат жайлы мәтіндер қызығушылықпен тыңдалады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады. Шетел тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. Мектептерде 5-6-7 сыныптарының жаңа буын оқулықтарын пайдаланудамыз. Оқушыларға оқулықтар ұнайды, себебі олар қабылдауға жеңіл, қызықты материалдармен қамтамасыз етілген, тапсырмалары әр деңгейге лайықтап, қиындатылып берілген. Жаңа буын оқулықтары жаңа технологияны басты назарға алып отырып құрылған. Бұл оқулықтардағы материалдар әлімдік деңгейдегі проблемалардан хабардар болуға, оларды шешудің жолдарын табуға, өз еліміздің тарихымен, салт - дәстүрлерімен байланыстырылып құрылған. Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс - бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез-келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады. Берілген мәтіннен кейінгі жаттығулар оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне қарай құрылған. Жаңа тақырыпты өткенде жаңа сөздерге көп көңіл бөлемін. Сөзден сөз тіркестерді, сөйлемдер құрылады, сондықтан оқушының жаңа сөзді дұрыс қабылдап, ойына сақтау барысында әр түрлі ойындар жүргіземін. Ойын оқушының тілге деген қызығушылығын арттырады және оқушыны тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жеткізеді. Жан-жақты ойластырған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, грамматика, фонетика) жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Тілдік шығармашылықты (есту, сөйлеу, оқу, жазу) орындауға тиімді. Ойын балаларды шетел тілін меңгерудегі қиындықтарға дайындайды және осы қиындықтарды жеңіп шығаруға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің тапсырмасы балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Сондықтан қазіргі 12 жылдық білім беруде ағылшын тілі екінші сыныптан өтіліп жатыр. Балаларды тілге үйретуде сабақ жеңіл, қарапайым және қызықты болуы қажет, ол үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс пайдалана білу керек.1- суретте көрсетілгендей.Бастапқы кезде хормен, жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс ұйымдастырып, көрнекі құралдарды пайдалану қажет. 2-сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет


© 2010-2022