Конституция елбасының аманаты тәрбие сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:
Конституция елбасының аманаты

Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер.

Тәрбие сағат әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап

1. Әнұран орындалады.

2. «Туған жер» оқитын: Даулетова Д

Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.

3. «Қазақ елім» өлеңімен Майлыханова Ж.

4.Мұғалім сөзі:Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын, Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі "Елін сүйген Елбасы!" атты сынып сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналады. Сынып сағатымызда президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш Президент күні туралы әңгімелейміз. Нәрестені аңсаған АллаНазарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті. Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, үшқоңыр жайлауында Н. Ә. Назарбаев дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық. Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі. Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы. Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.

5. Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер» оқитын: Турсумбаева М

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...

6. Міне балалар, осындай тәуелсіз еліміздің 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған -суретші Шәкен Ниязбеков.
І жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді.
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР -ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

7. «Ата Заң» оқитын- Амангелдинова Г
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
"Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!"
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз - Ата Заңның күні бұл.

8. Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі - бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында

Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

9. Сынып сағатын Ғазизов Жәнібек-«Қазақстан» өлеңімен аяқтайды.





© 2010-2022