Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман – Мамыр” поэмасы 8-сынып

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының "Қалқаман - Мамыр" поэмасы

Жалпы мақсаты:

Білімділік: Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы тақырыбы мен идеясын ашу. Көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.

Тәрбиелік: Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу, дәстүрімізді күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету.Ұлттық ерекшелік пен құндылықтарымызды қадір тұту, бойына сіңіру.

Дамытушылық: Ой тастап, бағыт бере отырып, ғылыми негізде ізденушілікті дамыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын байыту.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың типі: Икем - дағдыларды қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, пікір айту, топтық жұмыс түрлері, талдау, жинақтау, сахналандырылған көрініс, сұрақтар арқылы проблемалық жағдайлар туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, шығармалар жинағы, слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру, өткен сабақта берген материалды сұрау
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Сабақтың жоспары

  • Ұлы Абайдың ізбасары інісі.

  • Іздендіру бағытындағы жұмыстар

  • "Қалқаман - Мамыр" тарихи хикая (мазмұндау, талдау, жинақтау)

  • Тірек - сызба белгілер арқылы образдарға талдау.

  • Ашық пікір таластыру. "Пікірлестер мен қарсыластар"

А) шығарманың композициялық құрылысына талдау.

Ә) шығармаға аннотациялық талдау

Б) көркемдік тіліне талдау.

ІІ. Ой қозғау

  • І - топ: Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер?

  • ІІ - топ: Қандай өлеңдер, дастандар жазған? Поэма кімнің ақыл-кеңесімен жазылған?

  • ІІІ-топ: Поэманың тақырыбы қандай? Идеясы неде?

  • IV -топ: Поэма қай жылы жазылған және қай жылы жарық көрген? Оқиғаның болған жері?

"Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" Тамара Асардың орындауындағы әнін тыңдау

І топ. Іздендіру бағытындағы жұмыстар.

  • «Қалқаман-Мамыр» поэмасында суреттелген кезеңдегі қазақ халқының тарихи жағдайы қандай еді? Қалқаман мен Мамырдың жақындықтары қандай?

  • Мамыр кімнің қолынан қаза тапты? Әнет баба неге Қалқаманды оққа байлады? Қалқаман не себепті өз еліне өкпелі?

ІІ топ шығарманың композициялық құрылымына талдау жүргізеді

  • Оқиғаның басталуы:

  • Оқиғаның байланысы:

  • Оқиғаның дамуы:

  • Оқиғаның шарықтау шегі:

  • Оқиғаның шешімі:

ІІІ топ шығармаға аннотациялық талдау жасау. Бөлімдерге бөліп ат қою.

Кездесу

Бастаңғы

Тосын жағдай

Батыл шешім

Қатыгездік

ІV топ шығарманың көркемдік тіліне талдау жасау

  • Суреттеу

  • Диалог

  • Портрет мінездеу

  • Теңеу

  • Эпитет

"Қалқаман - Мамыр" тарихи хикая (мазмұндау, талдау, жинақтау)

IІ. Оқулықпен жұмыс. Ізде, тап

  • I -топ: Мамырдың соңғы сөзі

  • IІ -топ: Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі

  • IІІ -топ: Қалқаман елімен қоштасқандағы сөзі

  • IV -топ: Дастандағы оқиғалар қалай аяқталады?

ІІІ. Сөздік жұмысы

  • І-топ.Еркекшора, бастаңғы.

  • ІІ-топ.Оғат , халал.

  • ІІІ-топ. Асық, шаһит болу.

  • IV-топ.Жамағат , нәзір деген сөздердің мән - мазмұнын ашу деген сөздердің мән - мазмұнын ашу

IV. "Білім мен дәстүр" сыны

Поэмадағы салт- дәстүр көрінісін атайық.

  • Жақыннан қыз алмасу

  • Уәдеге берік

  • Қалың мал беру

  • Құда түсу

  • Бастаңғы жасау

  • Бата беру

  • Қызды алып қашу

  • Төркіндеп бару

  • Қоштасу

Көрініс

Әнет баба ойланып отыр.
Олжай: О, қасиетіңнен айналайын, Әнет бабам! Қапы қалдық.
Әнет: О,құдайым. Өзің сақтай көр. Жүрісің суыт, не хабармен келдің?
Олжай: Қиын шаруа болып тұр. Балам, Қалқаман Мамырды алып қашып келді. Тобықты жақыннан қыз алмаушы еді. Нендей ақыл бересің, баба!
Әнет: О, құдайым! Бір сорға душар қылайын дегенің бе? Түсімде бір жаман түс көріп едім. Не жорымды білмей отыр едім. О, тоба! Қателесесің - ау. Бітіспейтін бір іске кез болдым - ау, балам. Көкенайдың мінезі қатал еді. Кешіре алар ма екен?
Сосын Олжайға:
Уа, Олжай, болар іс болды. Тобықтыға хабар қыл.Малды аямасын. Мәмбетейдің көмейін малмен тығындасын.
Олжай: Құп болады, баба! Айтқаныңды қалың Тобықтыға жеткіземін.

Көрініс:

Қыз-келіншектерімен Мамыр келе жатады.
Бірінші қыз: Мамыр-ау, ауылға да келіп қалдық.Мына қырдың асты сенің ауылың.
Екінші қыз: Иә, ауылыңды да сағынған шығарсың.
Мамыр: иә ,сағындым ғой. Қайран менің туған ауылым. Самал желіңді сағындым - ау. Жұпар аңқыған көк шөбіңді сағындым.
Жеңгесі: О,жасаған, мына келе жатқан Еркежаным ба? Құдай-ау сені де көретін күн болады екен-ау!
Мамыр: Иә, жеңеше, туған жердің қадірін ұзатылған қыз білмегенде кім болсын. Сағындық қой, туған жердің қасиетті топырағын.
Жеңгесі: Иә, қарағым - ай! Қайтсін-ай, енді! Жүре ғой қарғам, үй жаққа. Сол кезде қара киімді Көке най шығады.
- Әй, қойшы бала, анау келе жатқан топ кімдер? Айт, жаныңның барында.
Қойшы: Ол Мамыр көкем ғой, төркіндеп келе жатқан.
Көкенай: Ах, жүзіқара! Ұялмай ауылға келе жатқанын қара. Сенің құның бір оқ қана. Әй, ессіз, малғұндар. Былай кетіңдер, ана жүзіқараның қасынан. Былай тұрыңдар, егер өлгілерің келмесе. Қазір атамын, атаңа нәлет жүзіқараны! (Мамыр жүрегін ұстап құлайды).

  • Мамыр:
    О,Алла жаным!
    Көкенай, қарғамаймын сені. Ақтық сөзімді тыңда. Менің ісім ақ. Жазығым тек Қалқаманды сүйгенім. Сенен өлер алдындағы ақтық тілегім. Қалқаманды өлтіре көрме. Обалына қалма жазықсыз жанның. Мойныңа бір қан жүктегенің жетер. Өлтіре көрме Қалқаманды.
    Қалқаман, қош аман бол!

Осы көріністен кімнің бейнесін таныдыңдар? Мінездеме беріңдер

Кейіпкер

Іс - әрекеті

Қандай мінездің адамы?

Қалқаман

Мамыр

Көкенай

Әнет баба

VI. Орындалатын жұмыстар

  • Өлең құрылысына талдау. Неше шумақ, тармақ, бунақ, буын, қандай ұйқас түрлері бар, табады.

  • Пікіралысу. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс немесе дұрыс емес деген пікір жазады. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па?

Үйге тапсырма: "Салтыңды қадір тұт" толғау жазу. Өз таңдаулары бойынша үзінді жаттау

Рефлексия

"Бұрынғы махаббат пен бүгінгі махаббат" тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып онда ұқсастықтары және айырмашылығы талданады. Пікірталас Исрайыл Сапарбайдың мына өлеңімен аяқталады.

"Тағдыр бізге кей кездері тым қатал,

Күн орнына көкірегіңде мұң жатар.

Махаббат, ол - ару аққу емес пе,

Ал аққуға оқ атуға кім батар?

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша айтады.

Бағалау:

© 2010-2022