Екі қолмен сурет саламыз

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Екі қолмен сурет саламыз..

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауды, қолдың икемділігін дамыту

І.Ұйымдастыру кезеңі

Баланы сабаққа әзірлеу.

ІІ. «Екі қолмен сурет саламыз».

Жаттығудың жүргізілуі: бала көздерін жұмып екі қарындашпен жетекшінің ұсынған суретін салады (бірін оң, екіншісін сол қолға). Мысалы, шеңбер, шаршы, шырша. Мұнан кейін суретті күрделендіруге болады. Бірнеше заттардың немесе картинаның суретін салулары қажет. Сурет салып болғаннан кейін тапсырманы орындау жеңіл ме әлде күрделі болды ма, сурет салу барысында қандай сезімдер туындағанын пікірлесу.

ІІІ. Ширату

Бұл жаттығу баланың зейінін тұрақтандыру мақсатында жүргізіледі. Балаға жануарларды бейнелеу ұсынылады.

Тапсырмалар:

  • Бір (екі) мүйізі бар бұзауларды бейнеле;

  • Бір (екі) құлағы бар бұзауды бейнеле;

  • Бір (екі) құлағы және бір (екі) мүйізі бар бұзауды бейнеле

Тапсырмаларды әрі қарай бірте - бірте күрделендіре түсуге болады.


ІҮ. Сабақты қорытындылау. Баланың өз бетінше көзді жұмып отырып екі қолмен геометриялық фигуралар салуға үйрету

© 2010-2022