М. Өтемісұлы өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі 9 сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№ 28 Құсмұрын орта мектебі» ММ

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

Сұлтанова Сәбира Шаймерденқызы

Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Махамбет шығармашылығының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру. Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу,өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Тәрбиелік : Балалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ұлттық намысты қалыптастыру. Түрі: жаңа білімді игеру
Әдісі: ой қозғау, мағынаны тану, баяндау, сұрақ - жауап
көрнекілік: интербелсенді тақта, тірек - сызба

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу ІІ. Үй жұмысын тексеру. Топпен жұмыс. Сынып екі топқа бөлінеді, әр топқа сұрақтар салынған конверт беріледі. І топтың сұрақтары: 1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы? Отарлау саясатының әсері туралы не білесіңдер? 2. Дулат Бабатайұлының патшалық Ресейдің отарлау саясатын әшкерелеуін ақынның шығармаларынан мысал келтір? 3. Дулат пен Шортанбай шығармаларындағы ортақ идеяларды көрсету.? ІІ топтың сұрақтары: 1. ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай және әдебиеттің даму ерекшеліктері ? 2. Шортанбай неге өз заманын « зарзаман» деп атаған? 3. Дулат, Шортанбай, Мұрат, Сүйінбай ақындардың шығармаларындағы ортақ өзекті арқаулары, негізгі мәселелері?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Слайд № 1 Сабақтың тақыры

Слайд № 2 Сабақтың мақсаты

Слайд № 3 Махамбеттің суреті

Слайд № 4 эпиграф Бүкіл ХІХ ғасырдың әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын болған емес. (М. Әуезов)

Слайд № 5 кластер

Мұғалімнің баяндауы: Махамбет - халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған, еңбекші шаруалардың жыршысы.
ІҮ. Мағынаны тану. Өлеңдерін талдау. Хрестоматиямен жұмыс

І топ- Ерлік поэзиясын жасаған ақын ІІ топ - Туған жерге табынған ұлы лирик

Ү. Қорытынды:

Сұрақ - Махамбет ақынның бейнесі қазіргі ақындардың қандай шығармаларында арқау болып отыр.

Махамбет поэзиясы Исатай бастаған халық көтерілісінің шежіресі болып табылады. Махамбет поэзиясы -ұлтына ұран болған, рухы биікпоэзия. Ол өз дәуірінің үні мен ұлы. Махамбет- асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы,ерлікке үндейтін жалынды жыршы.

ҮІ. Рефлексия
ҮІІ. Бағалау ҮІІІ Үй тапсырмасы.













© 2010-2022