Интеграциялық сабақ (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орыс сыныптарында қазақ тілі пәні бойынша интегралдық сабақтыңТиімділігі.

Интеграция бірігу- жалпылама білімнің бір оқу материалындағы сол немесе басқа бөлігін мүмкіндігіне қарай тереңдетіп өзара кіріктіру, біріктіру болып саналады.

Интеграциялық сабақтар оқушыға өзі өмір сүріп отырған әлем туралы, құбылыс пен заттың арасындағы өзара байланыс туралы, өзара көмек туралы материалдарды және көркемдік мәдениет әлемінің сан-саналы қырлары туралы кең және нақты түсінік береді. Нақты білім беруді енгізумен қатар, негізгі мақсат, олардың жалпы ойлау қабілетін жетілдіру.

Интеграциялық сабақтар қазақ тілі сабағында эссе, монолог шағын шығарма жазу, өз бетінше мәтіндер құрастыру арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігін міндетті түрде арттыруға ықпал жасайды.

Бұл барлық оқу құралдарының мазмұнын пайдалануға, қоршаған ортадағы құбылыстар мен оқиғалар арқылы ғылымның мәдениеттің , өнердің әр алуан салаларынан мәліметтер таратуға мүмкіндік береді.

Интеграциялық сабақтардың қажеттілігін бірнеше себептермен түсіндіруге болады.

Біріншіден, балаларды қоршаған әлем олардың өздерінің пайымдауынша әр алуан және бірыңғай. Осы бірыңғай жеке құбылыстарды оқытуға бағытталған ішінара мектеп пәндері құбылыстар туралы толық түсінік берілмей, одан бөлшектелген үзінділер ғана түсіндіріледі.

Екіншіден, интеграциялық сабақтар оқушылардың күш қуатын дамытады, қоршаған ортаны белсенді тануға ұмтылдырады, себеп-салдар байланыстарын ойауға және табуға, коомуникативтік қабілетін дамытады.

Үшіншіден,интеграциялық сабақтарды жүргізу дәстүрлі емес, қызық.. Сабақ барысында, әртүрлі жұмыс түрлерін пайдалану барысында, оқушылардың көңіл аударуы жоғары деңгейде болады.

Мұндай сабақтар әр алуан түрлерге ауысу есебінен оқушылардың шаршағандарын , қажығанын басады, танымдық көзқарастарын арттырады, оқушылардың қабілетін, ойлауын, сөйлеуін және есте сақтауын қалптастырады . Сонымен қатар өзін көрсете білуге, мұғалімнің шығармашылығын, мүмкіндіктерін ашуға ықпал жасайды.

Интеграциялық сабақтардың ерекшелігі.

-үйренуге мүмкіндік туғызады, оқушылардың танымдық көзқарастарын қалыптастырады,әлемнің ғылыми тұрғыдағы тұтастығын және құбылысты бірнеше жағынан қарастырады.

Басқа сабақтарға қарағанда оқушылардың сөйлеу қабілеті , ойлауын, салыстыруын, қорытуын, қорытынды жасауын, оқу- тәрбие процесін қарқындатуды қалыптастырады, шаршағанын қажығанын басады.

Пән туралы танымын тереңдетіп қана қоймай, оның ой-өрісін кеңейтеді, жан- жақты дамуын қалыптастырады.

Интеграциялық сабақтардың құрылымы, айқындылығымен, шағындығымен, қысқашалығымен, әр сабақтағы оқу материалдарының логикалық өзара үйлесімділігімен, материалдың үлкен ақпараттық сыйымдылығымен ерекшеленеді.

Жоғарғы сыныптарда интеграциялық сабақтар пәнаралық байланыс жүйелерінің маңызды бөлігі болып саналады. Осы сабақтардың материалдары бізді қоршаған әлемдегі тұтас процестерді көрсетеді, әр алуан ғылымдағы өзара байланыстарды оқушылардың көруіне мүмкіндік береді.







«Алтынсарин ауданының білім беру бөлімі» Маяковский орта мектебі КММ



Педагогикалық кеңес тақырыбы:

Тақырыбы: « Қазақ тілі пәнін оқытуда интегралдық сабақтың тиімділігі»



Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимова Ж.М.






2013-2014оқу жылы.

© 2010-2022