Ашық сабақ қазақ әйелінің портрет 9 -сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Жас қазақ әйелінің портреті 112-113 бет

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөздік жұмысы

1. Оқушыларға қазақтың тұңғыш суретшісі Н.Хлудовтың туындыларымен таныстыру. Етістіктің қалау райы, оның жасалу жолдары жайлы білімдерін бекіту.

2. Оқушылардың тілдік материалдарды меңгеру дағдыларын дамыту, дүниетану аяларын кеңейту.

3. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру.

Қосымша материалдар: слайд,мәтін,диалог,презентация

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Журнал бойынша оқушыларды түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: 107-110 бет, 1,2-тапсырма-мазмұндау -таңдауы бойынша, ережені қайталау,мысалдар келтіру

ІІІ. Жаңа сабақ Жас қазақ әйелінің портреті

1.Мәтінмен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

  • «Н.Хлудовтың туындылары» мәтінін мәнерлеп оқып шығу;

  • Мәтінді мазмұндау, орыс тіліне аудару;

  • Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазу;

  • Мәтін бойынша хронологиялық кесте толтыру.

2.Грамматикамен жұмыс

Іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрі қалау рай деп аталады. Қалау рай етістік пен етістіктің түбіріне -қы, -кі, -ғы,-гі жұрнағы мен тәуелдік жалғауын жалғап, одан кейінігі кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады. Мысалы: оқы+ғы+м келеді.

3.Жазбаша жұмысы 1-тапсырма

-Танысқым келеді, көргім келеді.

-танысу- қалау райда жіктеу

6. Диалогпен жұмыс

1-тапсырма (сұхбаттасу)

  1. Суретпен жұмыс №10,11,12,13,14

  2. (өз ойларын айту)

ІҮ. Үйге тапсырма 112-113 бет, 2-тапсырма-мазмұндау, ережені қайталау,мысалдар келтіру

Ү. Сабақты бекіту.

-Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.




© 2010-2022