Коучинг: Репродуктивті оқытудан конструктивті оқытуға көшу

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сабақ жоспары


2-апта 5-күн

«13» наурыз 2015 жыл Суйетбаева Надежда Утегеновна

№3кoучинг тaқырыбы

«Репродуктивті оқытудан конструктивті оқытуға көшу»

Ресурстар

  1. МАН, 1, 2, 3, 4 аптаның үлестірме материалдары, ПШО порталының материалдары, интерактивті тақта, флипчарт,таныстырылым «Білім түрлері», «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы А.Әлімов

Мaқcaт

  • Білім берудің тиімді түрін, мақсаты мен міндеттерін анықтап, оны жүзеге асыруда жаңа тәсілдерді қолдану әдістемесі мен ережелері жөнінде өзіндік тәжірибе қалыптастыру;

  • "Әрбір ұстаз -білікті маман, ал әрбір үйренуші - ойшыл тұлға" деген қағиданы ұстана отырып, интербелсенді оқудың шарттары мен ережелерін үйрету;

  • Метатану - Метатану / Метапознание / Metacognition - «Таным туралы таным» ұғымын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

  • Жағымды психологиялық орта орнайды (психологиялық климат, сенімдіорта).Қызығушылықтары оянады.Өзара позитивтік тәуелділік орнайды.Сабақ зерттеу үрдісіне айналады.

  • Репродуктивті және конструктивті білім түрлерін ажыратады;

  • Конструктивті білімберуде мұғалім мен оқушылар ролін анықтайды.

Түйінді идeялaр

Репродуктивтік білімде басты тұлға - үйретуші, ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге (ұстазға) бағытталады. Конструктивтік білімде басты назар - үйренуші (шәкірт) тұлғасы. Конструктивтік білім - бүгінгі мен ертеңгі күннің білімі. Конструктивтік білім - түрлендіруші білім.

"Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады" (ағылшынның ұлы ағартушысы Уильям Уорд)

Тaпcырмaлaрдың түрлeрi

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдер іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру


«Жүректен жүрекке» әдісі бойынша психологиялық ахуал туғызу .

Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

2 минут

Тoпқa бөлу

Топқа бөлуді ұсыну

Қызыл және көк түстерге байланысты екі топқа бөлінеді.

1 минут

Жаттығу №1

Мазмұнымен танысуға және талқылауға мәтін береді: «Білім түрлері: репродуктивтік, конструктивтік»

Әр топ мәтін мазмұнын оқиды, топ ішінде талқылайды. Келесі топқа түсіндіреді, әр топ өз білім түрінің дұрыстығын қорғайды, қарсы топтан оған қарама-қайшы пікірлер болуы мүмкін, өз пікірінің дұрыстығын дәйектейді.

15 минут

Жаттығу № 2

Интербелсенді әдістер бойынша «Броундық қозғалыс» «Білім түрлері: репродуктивтік, конструктивтік»тақырыбы бойынша жұмыс жасауды ұсынады.

Интербелсенді оқудың шарттары мен ережелерін талдап, өзара сұрақтар қойып, жауап береді.

5 минут

Жаттығу №3

«Білім түрлері» таныстырылымын көрсетеді.

Миға шабуыл «Ойлай білуге үйрену/үйрету».

Әр тoп өз oйын oртaғa caлaды.

5 минуут

Қoрытынды рeфлeкcия

«Репродуктивті оқытудан конструктивті оқытуға көшу тиімді деп ойлайсыздар ма?» "ПСМТ тәсілі" Өзіндік қорытынды, шешім, дәлел келтіру.







© 2010-2022