Тапқыр достар 6 сынып

Мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы топты анықтау. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: ана тілініңқадір-қасиетін ұға білуге, сезінуге, ана тілімізді сүюге, оны өшпес мұра етіп сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу Сабақтың түрі:топтық ойын. Көрнекілігі: даналық сөздер, интерактивтік тақта, слайдта көрсетілген сұрақтарБармысыздар, жадыра...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тапқыр достар» танымдық сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы топты анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ана тілінің қадір-қасиетін ұға білуге, сезінуге, ана тілімізді сүюге, оны өшпес мұра етіп сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:топтық ойын.

Көрнекілігі: даналық сөздер, интерактивтік тақта, слайдта көрсетілген сұрақтар

Сайыс барысы:

I.Ұйымдастыру.

Мұғалім:

-Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар, сайысқа қатысушы үміткерлер!

Бүгінгі «Тапқыр достар» атты 5,6 кластар арасында өтетін танымдық сайысқа «Қош келдіңіздер!» демекпіз.

-Олай болса, зор құрмет көрсете, бүгінгі сайысымызға қатысып, білімдерін сынамақ болған қатысушы үміткерлерімізді , төрт топ мүшелерін ортаға шақырайық. (Сайыскерлер ортаға шығады)

Мұғалім: - Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі бәйгеге қазылық ететін әділқазылар алқасы мүшелерімен таныс болайық.(Әділқазылар алқасының мүшелері сайланады)

-Енді ойынымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.Сайысымыз V бөлімнен тұрады.

I.Сәлемдесу Әр топ өздерін таныстырады.

II.Сөз тапқанға қолқа жоқ.Таңдап алынған әріптер арқылы сұраққа дұрыс жауап беру.

III. Ойлан да, тап. Сұраққа ұтымды, дәлелді жауап беру.

IV. «Сөз мәйегі» Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөйлем шығару.

V. Өнер сайысы. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Мұғалім:

-Жарыстың тәртібі, барысымен таныс болдық, ендеше, ойынымызды бастайық.

I.Сәлемдесу .Топтардың өздерін таныстыру сәті.

Мұғалім :

-Енді ойынымыздың II кезеңі «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Әріптер арқылы сұрақтарға бір минут ішінде қысқа да, нұсқа, дұрыс жауап күтеміз.

1. Қазақ тілін қаншалықты білесің?

2. Сабаққа қандай дайындықпен келесің?

3. Қазақ тілі сабағынан «2» алғанда, қандай күйде боласың?

4. Қазақ тілі сабағы қалай өтеді?

5. Шығармашылық жұмыстарды қалай орындайсың?

6. Қазақтың қандай ақын, жазушыларының өлеңін оқығанды ұнатасың?

7. Мұғалім кластан шығып кеткенде не істейсің?

8. Асханадан қандай тағам аласың?

9. Сенің досың бар ма?

10. Досың қандай адам?

11. Нағыз оқушының белгісі не?

12. Тіл мерекесінің қашан тойланатынын білесің бе?

13. Адамның ең жаман қасиеті не деп ойлайсың?

14. Ұстаз ол кім?

15. Өлеңді жатқа айтқанда қалай айтасың?

16. Қандай тәтті тағамды жақсы көресің?

17. Ата - анаңды мектепке шақыртқанда қандай күйде боласың?

18. Қыз қандай болуға тиісті?

19. Оқушы дегенді қалай түсінесің?

20. Отан алдындағы парызың

Мұғалім :

-Сайыскерлердің тапқырлығын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Мұғалім :

-Енді ойынымыздың III кезеңі «Ойлан да, тап» деп аталады. Мұнда 5 балдық ұяшықтарға жасырынып тұрған қазақ тілі мен әдебиет бағыты бойынша қойылатын сұрақтарға жауап бересіздер.

5- Қазақ тілінде қанша жалғау бар?

5- Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?

5-Тіл білімінің лексикографиясындағы сөздіктердің түрлерін ата.

5- Абайдың «Бес нәрседен қашық бол» дегені не?

5-Үргеніш шешеннің Сырымға айтқан сөзін жалғастыр.

-Дау мұраты не?

-Сауда мұраты не?

-Жол мұраты не?

- Қыз мұраты не?

5- Абайдың «Бес нәрсеге асық бол» дегені не?

5- ҚР -ның «Тіл туралы» заңы қашан , қай күні қабылданды?

5- Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?

5- Тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы?

Мұғалім:

-Енді ойынымыздың IV кезеңі «Сөз мәйегі» аялдамасы. «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті» Тапсырма екі топқа беріледі. Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөйлем шығару. (Әр топқа төрт сөзден, сөздердің басын біріктіріп сөйлем шығару. (5 мин уақыт)

1. І Т Н І Л (тілін)

2. І Б У Л (білу)

3. М З П Ы Р Ы А (парызым)

4. ААН (ана)

5. Х Қ Н Л А Ы (халқын)

6. С Г Н Й Е У (сүйген)

7. Т А С Ы Л Н (салтын)



© 2010-2022