План урока по самопознанию на тему Тегін булу тегін емес

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп №247 Мерзiм

Тақырып: Текті білу тегін емес

Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттері Қамқорлық, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық.

Мұғалiм Жунайдуллаев Еркебұлан. Сынып- 2Оқушылар саны- 20

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір-біріне деген сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Оқушылардың қамқорлық жасау туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сыйластық, мейірімділік туралы түсінік беру

Барлық тіршілік иесіне жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

5- Т ережесін еске түсіру.

  1. Татулық

  2. Тыныштық

  3. Тәртіп

  4. Тазалық

  5. Талап

2 Тыныштық сәтi. .(Жағымды күйге ену)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашуда. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  • Балалар қандай әсерде болдыңдар?

3 Үй тапсырмасын тексеру.

Тақырыбы: «Арұлан» әңгімесін оқып келу.

Оқулықтың 68-69 беті

Сұрақтары:

Әңгіме сендерге ұнады ма?

Арұлан қандай бала? Аружан ше?

Арұланның бойынан сүйіспеншілікті байқауға бола ма?

Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?

Осындай сыйластық барлығымыздың отбасымыз да бола ма?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

Отан отбасынан басталады халық мақалы

Ұлдар -2рет, қыздар -2рет дәйексөзді оқып танысады. Жаттап алады

Сұрақтар: Балалар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қалай ойлайсыңдар?

Неліктен үйлену оңай үй болу қиын?

Мұғалім балалардың жауаптарын қорытындылайды.


  1. Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы)Бірінші болудың сауабы

  2. Мұғалімге арналған «өнеге» кітабынан алынған

Екі ағайынды бірде ренжісіп қалыпты. Ағасы "інім келіп кешірім

сұрар" деп күтіпті. Ол келе қоймайды. Шыдамаған ағасы інісіне келеді, сөйтсе інісі де

сағынып жүр екен. Ағасын көре салып, құшақтап жылап жіберіпті. Сонда ағасы:

- Сен кішісің ғой, неліктен бірінші болып келіп кешірім сұрамадың? - дейді.

Сонда інісі:

- Жаным ағатайым, кім бірінші болып кешірім сұраса сол мол сауап алады

деуші еді. Сол сауапты өзіме қимай Сіз алсыншы деп тосқан едім, - депті көз жасын

сүртіп.

Әңгіме сендерге ұнады ма?

Әңгімеден қандай сүйіспеншілікті байқадыңдар?

Сендер ренжіткен адамдарыңнан кешірім сұрайсыңдар ма?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Менің отбасым тақырыбында Сурет салу


  1. Топпен ән айту.

Еркін Нұржанов. «Анашым»

  1. Елжіреп жататын ертегімде,

Есімде балапан күндерім.

Сол айтқан ертегі жетелеген,

Керемет түсінген түндерім.

Қайырмасы:

Шуақты нұрыңмен

Нұрбақыт ержеткен

Анашым аяулы сағындым

Кейелі бесіктен

Әлдилеп тербеткен

Келеді сәби боп танылғым

  1. Ақниет арайлы келлбетіңнен

Күтіп ем бақыттың ақтаным

Осынау дөңгелек жер бетінде

Өзындей асыл жан таппадым

Қайырмасы:



  1. Жан ана әлемде сіздер үшін

Ешкім жоқ өзіңдей құрметті

Арналған ән арнап сіздер үшін

Бас иіп тұруға міндетті.


  1. Үйге тапсырма.. «Текті білу тегін емес» әңгімесін оқып келу

Оқулықтың: 70-71 беті.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қосылады.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

  1. Рахмет көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сау болыңыздар!



© 2010-2022