Ашық сабақ Қос иінді - бұлғақты механизмге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ жоспары


Күні:

Тақырып: Қос иін шатун механизміне техникалық қызмет көрсету және жөндеу


Тапсырма мақсаты: Қос иін шатун механизміне техникалық қызмет көрсету және жөндеуді үйрету


  1. Білімділік: оқушылардың таным белсенділігін, өзін-өзі билеушілік, шығармашылық қабілеттілігін және
    еңбексүйгіштігін дамыту.

  2. Дамытушы: оқушылардың таным белсенділігін,
    олардың өзін-өзі билеушілігін, ойлау, аңғарғыштық
    және мақсатқа талпынушылығын дамыту.

  3. Тәрбиелілік: шығармашылық қабілеттілігін және
    еңбекеүйгіштігін дамыту

Сабақты жиһаздау: оқулықтар, плакаттар, кілттер жинағы, интерактив тақта, Москвич 412 автокөлігі, нұсқамалық -технологиялық карта, стендтер және макеттер.

Өндірістік жұмыстары өтетін оқу объекті: № 10 колледж автомеханиктер зертханасы

Сабақтың барысы мен мазмұны:


I. Ұйымдастыру қезеңі:

  1. Оқушының сабаққа дайыңдығын тексеру.

  2. Сыртқы көрінісін байқау.

  3. Сабақ тақырыбын мақсатын және өтетін жерін жариялау.

II. Арнайы технологиядан сұрақтар:

  1. Ішкі жану қозғалтқышының міндеті?

  2. Қос иін шатун механизмінің негізгі бөлшектері.

  3. Қос иін шатун механизмінің жылжымалы бөлшектерін атап шығыңыз.

4) Қос иін шатун механизмінің жылжымайтын бөлшектерін атап

шығыңыз.

5) Қос иін шатун механизмінің негізгі ақаулықтары

1. Кіріс нұсқауы:

Оқушыларға қос иін механизмінің жалпы құрылысы, әрекет принципі және міндетін түсіндіру.

Әрбір звеноға жеке тапсырма беру, жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

Алдын ала сұрау, үлгерімі нашар оқушыларды анықтау, ағымдағы нұсқауда оларға көбірек назар аудару.

Оқушыларды оқу орындарына қою және нұсқамалық технологиялық карталармен қамтамасыз ету.

2. Ағымдағы нұсқау:

Бірінші айналым оқушыларды өзіндік жұмысты бастаған соң.

Кезектегі айналым: Оқушыларды жұмыс орнында сұрауға байланысты: құрылысы, негізгі ақаулықтар, техникалық байқау, диагностика әдістері түйіндерді және механизмдерді реттеу. Сабақтағы белсенділікке көңіл бөлу.

3. Қорытынды нұсқау:

  1. Оқушының бағасын жариялау:

  2. Жақсы және нашар тараптарына талдау жасау.

  3. Оқушының сұрақтарына жауап беру.

  4. Сабақ қорытындысын шығару.

5. Үйге тапсырма: Арнайы технология әдебиетінен пайдалана отырып білімді пысықтау.

Калисскийдың «Автомобиль ВСДЕ» оқулығы 287-304 беттер.

Ө/о шебері: Джуманов О


© 2010-2022