Текст по теме Аспаз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Текст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазТекст по теме АспазР.С.Рустемова, Д.Н.ШакеноваТекст по теме Аспаз

Өскемен көпсалалы технология колледжі

Қазақ тілі сабағында студенттердің құзырлылығын арттыруда мәтінмен жұмыстың рөлі



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - білім алуға, жеке адамның шығармашылығын, даралығын дамытуға, ой-өрісін байыту үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану көрсетілген». Сонымен қатар жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру, білім берудің дамытушы сипатын жетілдіру секілді маңызды мәселелерін айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, білім беру жүйесінде нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзіреттілік тұрғыдан жүзеге асыру мәселесі негізгі міндет болып табылады.

Сондықтан оқытудың тиімділігін, нәтижелілігін, құндылығын арттыру мақсатында біз инновациялық технологияларды тиімді және кеңінен пайдаланамыз.

Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін жиі қолданамыз. Өйткені ойын әрекеті арқылы студенттердің пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырамыз. Пәнге, тілге деген құрмет сезімдерін, біліктілік дағдыларын дамыту бағытында «Ойна, ойла», «Мен саған, сен маған», «Кроссворд құрастыру», тақырып бойынша «Бір сөзден бірнеше сөз табу» және т.б. ойындарды жүйелі пайдаланамыз.

Сонымен қатар грамматикалық материалдарды және кәсіби бағдарлы мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады. Мысалы, «Аспаздар» мәтінін алатын болсақ..

Менің болашақ мамандығым аспаз. Бұл мамандық өмірде өте қажет мамандық. Өйткені, барлық өнеркәсіп орындарында аспаздар тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Орыс халқы мейірімді аспазды дәрігермен теңейді. Шындығында да, немқұрайлы адам аспаз бола алмайды. Сондықтан да, бұл мамандық әрқашан ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл мамандық математика, химия, физика, биология пәндерімен тығыз байланысты. Аспаз ыстық және салқын тамақтарды әзірлеу технологиясын жетік меңгеруі тиіс. Ол ет, балық сүт және теңіз өнімдерінен түрлі тағам әзірлей білу керек.

Берілген мәтін бойынша жасалатын жұмыстар: ең алдымен мәтін оқытылып, аударылтады. Студенттер мәтіннің мазмұнын түсіну үшін, берілген мәтінге сәйкес жұмыс түрлерін орындайды: мәтін ішіндегі түсінуге қиын сөздерден сөздік жасайды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.Студенттердің есінде сақталып қалу үшін лексикалық қайталаулар жүргізіледі. Мәтінге байланысты жасалатын жұмыс түрлері:

І. Өз бетімен жұмыс

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару.

2. Мәтінді 3-5 сөйлеммен толықтыру.

ІІ. Жұптық жұмыс

1. Мәтін бойынша жағдаят жасау.

2. Суреттердің ішінен мәтінге сай суреттерді таңдап алу.

3. Мәтінге байланысты сұрақ қою, сұраққа толық жауап беру.

4. Сөздерді орын тәртібіне байланысты орналастыру.

5. Мәтіннен сызба бойынша сөз тіркестерін табу:

Сын есім + зат есім

Зат есім + етістік

ІІІ. Жеке жұмыс

Таңдап алған сурет бойынша қысқа мәтін, сұхбат құрастыру.

Грамматикалық тапсырмалар

1. Берілген сөздерге антонимдерін табу

Мейірімді / жылы

Қажет / аз

Көп / қажетсіз

Ыстық / мейірімсіз

Дәмді / білмеу

Білу / дәмсіз

2. Берілген буындардан сөз құрастыру:

Ас, ман, ма, паз, дық, хана, мә, дәм, мә, шы, дая, ғам, та

Мұндай тапсырмаларды орындау барысында студенттер мамандығы бойынша терминдерді игереді, жазу, сөйлеу дағдысын дамытады, сөздік қорын байытады.

3. Суреттер бойынша жұмыс:

І топ: «Тағам» суреті бойынша зат есімдерді септеп, сөз тіркестерін құрастыру.

ІІ топ: «Аспаз» суреті бойынша сын есімдермен сөз тіркестерін құрастыру.

ІІІ топ: «Мейрамхана» суреті бойынша етістіктерді өткен шақтың жекеше түрінде жіктеу.

Түрлі жағдаяттар бойынша мәтін құрастыру

І топ: аспаздар зертханасы туралы әңгімелеп беру.

ІІ топ: өз мамандығың туралы әңгімелеп беру.

ІІІ топ: сүйікті тағамыңды даярлау туралы әңгімелеп беру.

Лексикалық тақырыптарға байланысты кластер жасайды:

Зертхана

Ыдыс-аяқ

Шебер

Тағамның құрамы

Ас мәзірі

Аспаз, тағам

Үлкен, таза, әдемі, кең



Аспаз

Қандай?

Қандай тағам әзірлейді?

Не істейді?

Қайда жұмыс істейді?



Тағамдар

Ет тағамдары

Салат тағамдары

Сүт тағамдары

Мәнті

Шұжыққ

Екінші тағам

Бірінші тағам

Айран

Ірімшік

Салат

Қатық

Тұшпара


Осындай жұмыс түрлерін орындау барысында студенттердің оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.

Осылайша, әр сабақ лексикалық тақырып көлемінде берілген жаттығулар мен мәтіндердің көмегімен студенттердің коммуникативтік құзіреттілігін жетілдіруге бағытталады. Сабақ барысында студенттер мәтін мазмұнын түсініп оқып, қабылдау, сұрақ қоя білу, оларға жауап беру, тақырып бойынша диалог түріндегі сөйлеу әрекетін жүзеге асырып, мәтінмен жұмыс істеу барысында студенттер сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, тілге деген қызығушылығының артуына, кәсіби лексиканы меңгеруіне машықтанады.

Заманауи білім беру процесі, ең алдымен, жеке тұлғаға бағытталып, студенттің іскерлігін, коммуникативтік құзіреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасады. Себебі мемлекеттік тілді меңгеруде студент өз ойын дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге, кәсіби терминдерге анықтама беруге, олар арқылы мәтін құрастыра білуге, өз мамандығы бойынша қарым-қатынас түрлерін құрастыра білуге дағдыланады.

Ойымызды қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің кең өрістеп, қолданыс аясының кеңеюі және дамуы әлемдік бәсекелестік өмір сүрудің алғышартына айналған бүгінгі қоғамда кез келген тіл үйренуші сол тілде өз ойын жеткізе алатындай дәрежеде игеру мақсатын көздейді. Осыған байланысты студенттің құзіреттіліктері оның оқу материалын терең игеру, шығармашылық қабілетін дамыту, мамандық тіліне қатысты білімі мен тілдік дағдысын арттыру барысында қазақ тілінің маңызы зор.

Әдебиеттер:

Құдайбергенова К. Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерийі. - «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты ғылыми практикалық конференция материялдары. - Алматы, 2008. 30-32 бет.

Гальперин И.Р. Текст как обьект лингвистического исследования. -М.: Наука, 1981. - с.140

Қасым Б. ЖОО-да қазақ тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқытуда жаңа технологияны қолдану. Білім. -№3.-2013. 98-101 бет.

© 2010-2022