Мұхтар Әуезов

"Описание материала: Қазақ халқының ұлы жазушысы - Мұхтар Әузеовтың өмірі мен шығармашылығы және Көксерек әңгімесін талдау. Әңгімедегі қасқыр жыртқыш аңының қанша асырасаңда қасқыр болып қалуы және адам өміріне қауіпті екенін дәлелдеу. Мұндағы Құрмашың Көксерекке деген сүйіспеншілігін, адалдығын, адамгершілігін, кішкентай сәбидің жан - тәнімен сүйіп қамқор болғанын көреміз. Оқиғаның соңындағы жайт әже зары, мұңы кім - кімді де болса, жан тебірентпей қоймайды. Ақынның айтар ойын, сезімін осы әңгі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ

Күні: 21.02.2014

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 7 - 8 «А»

Тақырыбы: "Қазақ халқының ұлы жазушысы -Мұхтар Әуезов"

«Көксерек» әңгімесін талдау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығынан толық мағлұмат бер отырып, тоқталықтыру арқылы, білімдерін одан әрі нығайту.

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға іскерлік даңдысын қалыптастыру.

Табиғатты қорғауға, аялап баптауға, күтуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Қазақ халқыныің ұлы жазушысы -Мұхтар Әуезов-көрме, бейне сюжет, Мұхтардың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы, оқушылардың презентациялары, үлестірмелі парақшалалар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Абай атамыз айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Мұхтар Әуезов атамыз туралы қорытынды сабағымызды бастаймыз.
Қазақтың бас жазушысы - Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар.

Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшыларын тағайындаймын, топқа ат қою. Әр топтың жұмысы жетондар арқылы бағаланады.

  1. Оқушылардың шығармашылық жұмысы: (Дюсенова Гүлдар 8 «А» сынып оқушысының презентациясы). Ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталу.

  2. Топтық жұмыс. Ой қозғау.

Слайд - 1. Ақынның қандай шығармалары бар екеніне тоқталу. (үлестірмелі парақшалар беріледі)

  1. Өлең құрылысына талдау

Слайд - 2.

Туған ел,// амандасам //жас-кәріне,

Бірге өскен// құрбы-құрдас, дос //-бәріңе.

Жарасқан//әзіл-сауық //аға, жеңге,

Аласың мені //не деп //естеріңе!

1 шумақ, 4 тармақ , 3 бунақ , 11 буынды

Аман бол, //Найза шоқы, //тоғайлы өзен,

Өрістен қой //асатын// тұмсық кезең.

Бөрлі мен батыр // шыққан //Қарауылым,

Ен дала көркі болып жалғыз бізбен.

1 шумақ, 4 тармақ , 3 бунақ , 12 буынды

  1. Бейне сюжет.

М.Әуезов-кемеңгер жазушы. Оқушылар бейне сюжет арқылы Мұхтар Әуезовтің өмірімен, шығармашылығынан толық мағлұмат алады.

Сергіту сәті.

  1. «Көксерек» әңгімесін талдау. Оқушының шығармашылық жұмысы. (Нұрғали Сәрсенбек 7 «А» сынып оқушысының презентациясы).

Мұғалімнің сөзі: (Оқушыларға «Көксерек» әңгімесі жайлы сұрақ - жауап қоямын).

  • Оқиғаның басталуы.

  • Оқиғаның шиеленісуі.

  • Оқиғаның шарықтау шегі.

  • Оқиғаның шешімі, яғни әңгіменің аяқталуы.

(Суреттер көрсетіліп, тақтаға іліп қоямын).

  1. РАФТ - әдісі арқылы әңгімені толық талдау. Тақтаға оқушылар шығып, сызбаны толықтырады.

Р - әңгімедегі басты кейіпкерлер.

А - әңгіменің қай жерде болғаны,

Ф -формасы.

Т - басты тақырыбы.

  1. Топтық жұмыс.

Қасқыр туралы мақал - мәтелдер беріледі. Яғни көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.

  1. Топтық жұмыс.

Толғаныс. «Синку - эй» әдісі бойынша «аңшы» мен «қасқыр» сөзіне бес сөйлем құрау.

  1. Топтық жұмыс. Топтастыру әдісі.

Венн диаграмма құру.

Адам мен қасқыр арасындағы ұқсастық және айырмашылық.
9.Сабақты бекіту. Мен не білдім? «Инсерт» әдісі және Тест.

Үй жұмысы: Мұхтар атамызға хат. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ жасап келу.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ұлы ғұлама Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, ізденуден жалықпайық.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.


© 2010-2022