Баяндама Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындық

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орыс сыныптарда оқушыларды ҰБТ -ге дайындау жұмыстың жүйесі

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі. Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны- Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма-жыл оқушыларды Қазақ тілінен дайындап келемін. Қазақ тілі пәні үлкен ауқымды уақытты қамтитын, қиын да күрделі пән. Себебі,қазақ тілі білімнің тіл салалары: Фонетика, лексика, морфология, синтаксис тарауы бойынша сұрақтар, талдаулар бірнеше алуан сұрақ түрлері кездеседі. Оқушылар ҰБТ кезінде осылардан қателер жібереді. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ болды деген теріс түсінікте қалыптасқан. Тесті сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы оқиғаның түп-тамырына назар аудармайды. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Менде тестіге қатысты тәжірибеде көзім жеткен , күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді. 10-11 класс оқушыларына алдымен ҰБТ-ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Берілген алгорифм бойынша мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін.

  1. Өткен тақырыптарды жүйелі түрде қайталау;

  2. Әр оқушыда жеке дәптер болу керек;

  3. Апта сайын консультация жүргізу;

  4. Оқушылар үшін қиын тақырыптарды қайтадан өту;

  5. Тестілеуден кейін жіберілген қателермен жұмыс жүргізу;

  6. Сынып жетекшімен бірігіп жұмыс жүргізу,әр оқушының консультацияға келуін бақылау;

  7. Апта сайын мектепаралық тестілеу жүргізу;

  8. Арнайы папкаға оқушылардың жетістік көрсеткіштерін белгілеп отыру.

Мектебімізде 11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже - ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек пайдаланамын. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнатамын. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық , аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отырамын. Сабақ бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Онда көптеген жұмыс түрлері белгіленген. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап әдісін пайдаланамын. Ол үшін 5-9 кластардың оқулықтары бойынша сұрақтарды алдын-ала дайындап алдым.Фонетика, морфологиялық және синтаксистік талдаулар бойынша көп практикалық жұмыстарды жүргіземін.Оқушы үнемі тақтаға шығып талдап отырса, ойында мәңгілік қалады. Дайындалған сұрақтарды оқушылардың қолына компьютермен көбейтіп беріп қойдым. Бұл сұрақтарға оқушы үйде өз бетімен дайындалады. Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұрақты оқып, оқушылар дәптерге дұрыс жауабын жазып отырсада болады немесе ауызша жауап береді. Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері және есте сақтау қабілеттері артты. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті.Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай жаттап, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, жаттатуға болады.

Біздің мектепте ақпан және сәуір айында қазақ тілі пәні бойынша тереңнен оқыту сабағы жүргізіледі. Бірінші сабақтарда сол тақырып бойынша лекция сабағы жүргізіледі.Одан кейін арнайы өздік жұмысы беріледі, оқушы өздігінен орындап, мұғалімге тексеруге береді, ең соңғы бекіту түрінде тест тапсырмасы беріледі. Осы жүйе бойынша оқушы тақырыпты меңгергені байқалады.

Қазақ тілі пәні бойынша басқада түрлі тапсырмалар беріледі:

Сәйкестендіру тесті оқушылардың таным қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін арттырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Бұл жұмыста лексика бойынша тапсырмалар араластырылып беріледі де оқушылар дұрыс жауаптарын сәйкестендіре орындайды. Сәйкестендіру тесті тірек сызбалары арқылы белгіленеді

Сәйкестендіру әдісі:

Жауапты сәйкестір:

1. Күрделі сөз суық сөз

2. Тұрақты тіркес суық жел

3. Сөз тіркесі суықторғай

Салаларды сәйкестір:

1. Лексика а/ қосымша

2. Синтаксис ә/ сөз тіркесі

3.Морфология б/ идиома

Морфология саласы бойынша тест тапсырмалары

1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.

А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.

2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.

А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.

3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.

А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.

4. Күшейткіш демеулікті тап.

А) дейін В) сайын С) -ау Д) ше Е) - ды

5. Қосымшалы қос сөзді көрсет.

А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл.

Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.

6. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.

А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.

7. Күрделі сөзді көрсет.

А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.

Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.

8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.

А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.

Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.

9. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.

А) Осыншама ауыр. В) Тіпті ұзақ емес. С) Бермен кел.

Д) Ілгері кетті. Е) Бірден келді.

10. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.

А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.

Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.

11. Бірге жазылатын сөзді көрсет.

А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.

С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.

Е) Бес жылдық, жылдан жылға.

12. Жай шырайды тап.

А) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

В) Жанат кең үйге кірді.

С) Мына үй биігірек екен.

Д) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

Е) Орасан зор жетістік.

13. Туынды түбірді тап.

А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.

14. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.

А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.

15. Туынды сөзді көрсет.

А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.

16. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.

А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден

17. Мекен үстеуін тап.

А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.

С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.

Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.

18. Қалау райлы етістікті тап.

А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсі

19. Еліктеудің қай түрі, анықта.

Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

А) Дара бейнелеуіш. В) Негізгі еліктеуіш. С) Туынды еліктеуіш.

Д) Күрделі бейнелеуіш. Е) Дыбыстық.

20. Мақсат үстеулі тіркесті тап.

А) Босқа әуре болма. В) Әдейілеп келді. С) Бірден сөйледі.

Д) Төмен түсті. Е) Ертең барады.

21. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.

А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.

22. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.

А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық.

23. Зат есімге лайық қатарды көрсет.

А) Етістік. В) Бейтарап сөздер. С) Еліктеу сөздер.

Д) Көмекші сөздер. Е) Есім сөздер.

24. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап.

А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің.

25. Дара сын есімді тап.

А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.

Морфология саласы бойынша тест тапсырмалары

1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.

А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.

2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.

А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.

3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.

А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.

4. Күшейткіш демеулікті тап.

А) дейін В) сайын С) -ау Д) ше Е) - ды

5. Қосымшалы қос сөзді көрсет.

А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл.

Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.

6. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.

А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.

7. Күрделі сөзді көрсет.

А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.

Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.

8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.

А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.

Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.

9. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.

А) Осыншама ауыр. В) Тіпті ұзақ емес. С) Бермен кел.

Д) Ілгері кетті. Е) Бірден келді.

10. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.

А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.

Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.

11. Бірге жазылатын сөзді көрсет.

А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.

С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.

Е) Бес жылдық, жылдан жылға.

12. Жай шырайды тап.

А) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

В) Жанат кең үйге кірді.

С) Мына үй биігірек екен.

Д) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

Е) Орасан зор жетістік.

13. Туынды түбірді тап.

А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.

14. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.

А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.

15. Туынды сөзді көрсет.

А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.

16. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.

А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден

17. Мекен үстеуін тап.

А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.

С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.

Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.

18. Қалау райлы етістікті тап.

А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсің. Д) Әкелмессің. Е) Әкелгейсің.

19. Еліктеудің қай түрі, анықта.

Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

А) Дара бейнелеуіш. В) Негізгі еліктеуіш. С) Туынды еліктеуіш.

Д) Күрделі бейнелеуіш. Е) Дыбыстық.

20. Мақсат үстеулі тіркесті тап.

А) Босқа әуре болма. В) Әдейілеп келді. С) Бірден сөйледі.

Д) Төмен түсті. Е) Ертең барады.

21. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.

А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.

22. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.

А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық.

23. Зат есімге лайық қатарды көрсет.

А) Етістік. В) Бейтарап сөздер. С) Еліктеу сөздер.

Д) Көмекші сөздер. Е) Есім сөздер.

24. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап.

А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің.

25. Дара сын есімді тап.

А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.


Тереңнен білім беру бойынша дайындаған арнайы тапсырмалар:

Сөз таптары Есімдік

1. Көп нүктенің орнына мағынасына қарай есімдіктерді қойып жаз.

  1. Бір ағашта екі алма .... де алмаймын, ... сен де алма. ...- мектеп. ...-елдің азаматтарымыз.

  2. Сілтеу есімдікті табыңдар.Қай септікте, қай тұлғада тұр анықтаңдар.

Бала осы кеште ертегіні мұқият тыңдады. Қазір мына мал иесі ауылыңа барады. Мыналарды біздің ауылдың балалары әкеліп қойған.Жоқ. Бұл - Зоя. Анау келе жатқан кім? Соларға жолығып барып кел.

  1. Берілген сұрау есімдіктердің қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

Қайдан? Қалай? Қай? Қашаннан? Неше? Кімдер? Не? Қашан? Қайда?

  1. Өздік есімдікті тәуелдеп, септеңдер.

Жалпылау есімдіктерден сөйлем құрастырыңдар.

  1. Ешқандай, ешкімде,ешқашан, ештеңе, дәңене есімдіктерден сөйлем құрастырыңдар.

  2. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, есімдік қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтандар?

Ермек ешқайсысына жауап қайырған жоқ. Мен ешкімнің малын түгендеп жүргенім жоқ. Қар түнде ғана жауған, ешқандай із көрінбейді. Біреу кіріп, біреу шығып, сапырылысып жатыр.

Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем.

1.Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратыңдар.

Биылғы көктем - талайдан болмаған көктем. Жарқырап, жадыраған әсем көктемі жоғы былай тұрсын, егіс бітіп, көк шығып қалған кезде қар да жауды. Жаңбыр тоқтады. Кемпір де, келіні де тынышсыздана бастады.

2. Мәтіннен салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас сөйлемді ажыратып жазыңдар.

Оспан сайлауда құлады да, Күнту болыс шыға келді. Пойыз ырғалып келіп, вокзалға тоқталды. Қаныш Баянауыл әндерін көп біледі және оны өзі жақсы орындайды. Мен келгенде, Нығмет кітап оқып отыр екен.

3. Мына төмендегі жай сөйлемдердің әрқайсысына ойларыңнан сөйлем қосып, ыңғайлас сөйлем жасаңдар.

Жұмыс та басталып кетті, ........ Әрі әсем сыбызғы үнді нәзік ән құлаққа келеді, әрі.... Балалар тағы да ойланып, қалып еді,.....

4. Салаластың қай түрі анықтаңдар, жақшаға мағыналық түрін жазыңдар.

Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді. Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын. Көпшілік екі мәселеге көбірек тоқтады: бірі- жеміс отырғызу, бірі- ағаш тігу мәселесі. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық анамды мазасыздандырмайды. Күн батты, тауды қара көлеңке басты. Автобус біресе баяу жүреді, біресе жылдам жүреді. Сіздердің алдарыңызда таудай екі міндет тұр, сондықтан да ертеңнен бастап жұмысқа кірісулеріңіз керек.

5. Мына сөздерді бастауыш етіп, құрмалас сөйлем құрап жазыңдар.

Үлгі: Күн, жаңбыр. Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.1.Дала, егін. 2. Мектеп, кітапхана. Өзен, балық.Көл, қайық.4 Қыс,мал. 5.Бала.кітап. 6. Орман, отын.

Тестке дайындық барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалардың шегі жоқ. Әр мұғалім қиялына байланысты әртүрлі тәсілдерді , көрнекіліктерді қолдануына болады.

Мұндай тапсырмаларды ұйымдастыру үшін мұғалім өзі тест тапсырмаларын жатқа білуі тиіс және білгенін оқушыларға бере білуі керек.

Міне, осылайша түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақтарды түрлендіре өткізу оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін кеңейтіп, бекіте түседі. Әрі оқушының ҰБТ кезінде жоғары жетістікке жетуіне әсері мол деп ойлаймын.



© 2010-2022