Презентация по казахскому языку на тему Қыз Жібек жыры (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: әдебиет

Сыныбы: 9

Пән мұғалімі: Алиева Динара Ақұзаққызы

Тақырыбы

Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жыры

Мақсаты

Жырдың мазмұнын білу және идеясын түсіну.

Кейіпкерлеріне мінездеме беру және жыр құрылысына қарай талдау

Күтілетін нәтиже

Жыр мазмұнын топпен талдау барысында біледі. Жырды топта талдау арқылы идеясын түсінеді, түсіне отырып кейіпкерге мінездеме бере алады және талдай алады.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Әдебиет, 9-сынып, маркер, стикер

Сабақтың әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл» әдісі, «ЖИГСО» әдісі «Шебер жазушылық » әдісі «ББҮ кестесі»

Бағалау

Бағдаршам, Екі жұлдыз, бір ұсыныс, смайлик , сөздік мадақтау

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу, түгелдеу. Жылы лебіз айту

2 .Топқа бөлу ( «Ер Төлеген», «Қыз Жібек») (түс таңдау арқылы)

Үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл » әдісі бойынша «Қамбар батыр» жырынан бірнеше сұрақтар қоямын..

Негізгі бөлім

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс


«ЖИГСО» әдісі бойынша әңгімелеу

1-топ: Падишадан кем емес, Ер Төлеген келбеті

2-топ: Ақмарал атым - Жібек...

Бағдаршам арқылы бағалау

«Шебер жазушылық » әдісі бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.

Топта жұптаса отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді.

Ер Төлеген тобы- Жібекке

Қыз Жібек тобы - Төлегенге мінездеме береді

Екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша бағалау

Қорытынды.

Ой түйін

«ББҮ» кестесі бойынша оқушылар кесте толтырады

Смайлик арқылы бағалау

Бағалау

Бүгінгі сабақ барысында оқушылар формативті бағалаудың бірнеше түрлерімен бағаланды.

Үйге тапсырма

Венн диаграммасы «Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпен - Баян сұлу» жырының ұқсастығы мен айырмашылығын жазу.

Рефлексия

Сабақ ұнады ма? Ұсынысың? Оқушылар стикерге жазып береді.



© 2010-2022