Ұстаздық еткен жалықпас Г. Сапарова туралы мақала

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаздық еткен жалықпас

«Ұстаз» деген ұлы сөздің астында үлкен ой, ұшқыр ұғым жатыр. Өйткені, ол жақсылыққа тәрбиелеуші, ақылшы, өмірлік азық беруші асыл да ардақты жан. «Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында. Тек сауатты, дарынды, отансүйгіш мұғалім ғана қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады», - деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық мамандықты таңдаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Г.Сапарова бүгінде мектебімізде үлгілі ұстаздардың қатарында. Г.Смағилақызы 1998 жылдың күзінен бері мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ол еңбек еткен жылдарында білім жүйесіндегі жаңаша талап ережелеріне сай өз білімін көтеріп, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды басты нысана етіп алып, жаңа педагогикалық технология негіздерін, атап айтқанда, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту технологиясы, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақтарында үйлесімді пайдаланып отырады.Ұстаздық еткен жалықпас Г.Сапарова туралы мақала

Ұстаз еңбегінің жемісі әрдайым да шәкірттерінің еңбегімен бағаланады. Сол сияқты Гүлжан апайдың шәкірттері де аудандық, облыстық жарыстарда жақсы жетістіктерімен көзге түсіп жүр. Атап айтар болсам: 2014 жылғы аудандық ІІІ Махамбет оқулары конкурсының «Тартынбай сөйлер асылмын» бөлімі бойынша ІІ орын Ақылбаева Б, наурыз айында жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында аудандық жасөспірімдер арасындағы драма байқауында - ІІІ орын - 8 сынып, осы жылы мамыр айында облыстық он-лаин режимінде ұйымдастырылған «Ең үздік эссе» конкурсында «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» тақырыбында дайындаған эссе облыста Бас жүлде Алпысбаева.М, желтоқсан айында тұңғыш Президент күніне арналған «Менің елімнің көшбасшысы» тақырыбында республикалық сырттай байқауда ІІІ орын- Алпысбаева М, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген аудандық шығармалар байқауында І орын Сақыпова Р, «Ақберен» республикалық байқаудың аудандық кезеңінде шығарма бөлімі бойынша - ІІ Дәрежелі Диплом Алпысбаева М, республикалық «Мақатаев оқулары» сайысының аудандық кезеңінде ІІ Дәрежелі Диплом Тұрсынбаева К,аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиетінен ІІІ орын-Тұрсынбаева К иеленіп, өздерін көрсете білді. Сонымен бірге Г.Сапарова аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдердің семинарларында ашық сабақ өткізіп, шығармашылық есеп беріп өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп жүр.Бүгінде мектеп бітіруші түлектердің білімі ҰБТ нәтижесімен саралануда,сол себепті Гүлжанның қазақ тілі мен әдебиетінен дайындаған оқушылары әр түрлі жоғарғы оқу орындарынан білім алып, «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» дегендей, өмірдің әр саласында қызметтер атқаруда. Тәжірибелі ұстаз мектепте бірнеше жыл гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарып,өзінен кейінгі жас мамандарға тәлімгер бола жүріп, бірлестіктің жылдық жоспарында көрсетілген ашық сабақтар мен іс-шаралардың уақытында өтуіне белсенділік танытып жүр.

Г.Смағилақызы - өз ісіне аса зор жауапкершілікпен қарайтын, шәкірт жанын түсіне білетін ұстаз ғана емес, сонымен қатар ақылшы әрі жанашыр дос, отбасында үш баланың анасы. Ұлы - Кеңес - Астанада, қызы - Жұлдыз - Атырау қаласында жоғары оқу орындарында оқыса, кіші баласы - Ерген - М.Бегенов атындағы орта мектептің үлгілі оқушыларының бірі.

Корбакова А Ақжігіт орта мектебінің мұғалімі,Бейнеу ауданы

© 2010-2022