Сабақ жоспары: Бірқалыпты – аралас екпінді жүгіру

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: П.Әжен

Өтілетін мерзімі: 05.03.2016 ж

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты - аралас екпінді жүгіру

Сабақтың мақсаты: 1) алыс қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету;

2) оқушылардың икемділігін, ептілігін жетілдіру;

3) спортты сүюге тәрбиелеу

Өтетін орны: спорт алаңы

ажетті құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық

Сабақтың түрі: жарыс сабақ


Сабақтың барысы

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1

І. Кіріспе бөлім:

Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу; күнделікті спорт жаңалықтары; сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру; техника қауіпсіздік ережесін сақтауды естеріне салу.


5

мин

Арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына, жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару; денсаулығын тексеру

2

ІІ. Дайындық бөлім:

Саптық жаттығулар: «Оңға!», «Солға!», «Артқа!», «Алға қадам бас!» бұйрықтарын орындату.

Жүру жаттығулары: қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, екі қол белде өкшемен жүру, аяқтың ішкі, сыртқы жағымен жүру, жартылай отырып жүру, қол желкеде, тізені бүгіп жүру.

Жүгіру: аяқты артқа бүгіп жүгіру, қайшылап жүгіру, оң, сол жақ қырымен тіркеле адымдап жүгіру, артпен жүгіру.

Жай жүріс, терең тыныс алып, дем шығару.

Жалпы дамыту жаттығулары:



10

мин

Берілген бұйрық бойынша орындау.

Жүгіргенде еркін тыныс алу. Алдыңғы, сыртқы әріптестеріне кедергі жасамау, арақашықтықтың сақталуын қадағалау.

3

ІІІ. Негізгі бөлім:

Үдету арқылы жылдамдықты дамытуға әсер ететін жүгіру жаттығулары:

А-екі әріптестің үдету арқылы бір нүктеге қарама-қарсы жүгіру: Б-әріптесінің артынан қуу: В-қолды ағашқа тіреп,бір орында жүгіру:Д-қолды жоғары көтеріп,дем алу,аяқтың ұшын ұстап,дем шығару.

Сабақ жоспары: Бірқалыпты – аралас екпінді жүгіру

Оқушыларды Бірқалыпты - аралас екпінді жүгіру.

Жүгіріп келген оқушыларды екі топқа бөліп,

«футбол» ойынын ойнату.




25

мин

Аяқ пен қол сермеуде қателік жібермеу.

Жүгіргенде өз жолымен жүгіру керек.


Жүгіргенде еркін тыныс алу керек.

4

ІV. Қорытынды:

Оқушының дене қызуын қалпына келтіру;

Сапқа тұру, жеңіл жүрістер;

Бағалау;

Үйге тапсырма.


5

мин

Оқушылардың қателерін айту, көрсету, түсіндіру.



© 2010-2022